Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 22 маусымда № 15246 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2017 жылғы 22 мамырдағы
№ 75 бұйрығымен бекітілді

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеменің мақсаты тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) бойынша деректерді қалыптастыру мен жинақтау және үй шаруашылықтарын зерттеу іріктемелерін қалыптастыру болып табылады.

      3. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет), статистиканың аумақтық органдарының, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің ақпараттық жүйесін жүргізу мен өзектендіру кезінде пайдалануына арналған.

      4. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің мәліметтері мен міндеттері

      5. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ТҚСТ АЖ) Қазақстан Республикасы тұрғын үй қоры туралы деректерді жинау, сақтау және бейнелеудің орталықтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.

      ТҚСТ АЖ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайларды (пәтерлер) қамтиды.

      Оларға:

      тұрғын үй-жай (пәтер);

      бір пәтерлі (жеке) үй;

      екі пәтерлі үй;

      үш және одан да көп пәтерлі үй жатады.

      ТҚСТ АЖ-да тұрғын үй қоры туралы және пәтерлерде тұратын адамдар саны туралы деректер бар және негізгі екі модульден:

      1) үйлер каталогы;

      2) пәтерлер каталогынан тұрады.

      Үйлер каталогында үйдің типін, үйдің сыртқы қабырғаларының материалдарын, үйдегі пәтерлер санын, жалпы және тұрғын алаңын сипаттайтын әрбір үй туралы мәліметтер болады.

      Пәтерлер каталогында алаң көлемі, бөлмелер саны, тұрғындар саны туралы мәліметтермен бірге белгілі бір үйге кіретін тұрғын үйдің әрбір тұрғын үй-жайы (пәтер) туралы мәліметтер болады.

      Үйлер каталогындағы әрбір жазба пәтерлер каталогындағы жазбаларға сәйкес келеді және үйдің сәйкестендіру кодымен байланысты болады. Әрбір каталог атрибуттарының өз құрамы бар. ТҚСТ АЖ атрибуттары (үйлер каталогы) және ТҚСТ АЖ атрибуттарының (пәтерлер каталогы) мысалдары осы Әдістемеге сәйкес 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.

      ТҚСТ АЖ-ны жүргізудің негізгі міндеттері:

      тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы деректерді жинақтау;

      тұрғын үй қоры бойынша статистикалық ақпаратты (болуы, жай-күйі, пайдалануға беру, шығарылуы) қалыптастыру және өзектендіру;

      ТҚСТ АЖ негізінде іріктемелі зерттеулер жүргізу және статистикалық әзірлемелерде пайдалану;

      ТҚСТ АЖ-ны өзектендіру үшін үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеулер жүргізу болып табылады.

      6. Келесі деректер ТҚСТ АЖ-ны өзектендіру болып табылады:

      1) әкімшілік дереккөздерден тіркелген тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы мәліметтер;

      2) осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген әкімшілік дереккөздерден тұрғын үйлердің апаттылығы туралы мәліметтер;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген әкімшілік дереккөздерден әр шаруашылық бойынша есепке алу мәліметтері;

      4) үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеуден тұратындардың саны бойынша мәліметтер.

3-тарау. ТҚСТ АЖ-ны жүргізуді ұйымдастыру

      7. ТҚСТ АЖ міндеттердің белгілі бір тобын шешуге бағытталған әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік береді және келесі блоктардан тұрады:

      1) деректерді жинау, өңдеу және талдау;

      2) есептерді қалыптастыру;

      3) сыртқы дерекқорды "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесінің компоненттерімен интеграциялау.

      8. Деректерді жинау, өңдеу, талдау кезінде келесі үдерістерді бақылау және автоматтандыру жүзеге асырылады:

      ТҚСТ АЖ-ны қалыптастыру;

      әкімшілік деректерден алынған деректер негізінде ТҚСТ АЖ деректерін өзектендіру;

      үйлер мен пәтерлер каталогын жүргізу және өзектендіру.

      9. Деректерді жинау, өңдеу және талдау кезінде бастапқы қалыптастыруға, өзектендіруге және ТҚСТ АЖ-ға енгізуге байланысты міндеттерді шешеді.

      Деректерді өңдеу, түзету негізінде ай сайын (белгілі бір кезеңге) республикалық деңгейде кескін қалыптастырылады.

      ТҚСТ АЖ-дан ұйғарынды кестелерді қалыптастыру кезінде кескін пайдаланылады.

      Ай сайынғы кескін есептер мен деректердің әртүрлі іріктемелерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      10. Есептерді қалыптастыру блогы келесі міндеттерді қамтиды:

      кескіндерді қалыптастыру;

      іріктемелерді қалыптастыру;

      ұйғарынды ақпаратты қалыптастыру.

      11. Интеграция блогы ақпараттық жүйені сыртқы дерекқордың компоненттерімен интеграциялауды қамтамасыз етеді және келесі міндеттерді қамтиды:

      1) "Метадеректер" ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл;

      2) агрегатталған көрсеткіштердің дерекқорымен өзара іс-қимыл;

      3) "Халықтың статистикалық тіркелімі" ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл;

      4) "Ауылшаруашылығы тіркелімі" ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл;

      5) ішкі интранет-порталмен өзара іс-қимыл.

      12. ТҚСТ АЖ-ға ақпаратты енгізу және түзету өңірлік деңгейде жүзеге асырылады. Ақпаратты енгізу және түзету кезінде келесі кезеңдер сақталады:

      1) анықтамалық ақпараттың барлығы мәзірден таңдалады;

      2) жеке үй болған кезде "пәтер нөмірінің" жиегіне "нөл" енгізіледі;

      3) екі және одан да көп пәтерлі үйлер болған кезде "пәтердің нөмірі" жиегіне тиісті "пәтердің нөмірі" қойылады;

      4) "үй пайдаланудан шыққан" жағдайда пәтердің жағдайына "тұрғын емес" себебі қойылады бұл ретте барлық пәтерлердің тұрғын алаңы жойылады, ал жалпы алаңы қалады;

      5) пәтердің жағдайы "тұрғын емес" болса, тұратындар саны мен үй шаруашылықтарының саны жойылады;

      6) пәтер тұрғын үй қорынын шығарылған кезде, "пәтердің пайдаланудан шығарылу себебі" жиегі міндетті түрде толтырылады;

      7) "үйдің карточкасында" "қабаттылығы" бағанында "бірден жоғары" белгісін енгізу көзделген;

      8) үйдің немесе пәтердің жағдайы "шығарылған" болса, "шығарылу себебі" және "шығарылған күні" жиектері міндетті түрде толтырылуы керек, басқа жағдайларда бұл жиектер толтырылмайды;

      9) бақылау кезінде пәтердің жалпы алаңы пәтердің тұрғын алаңына тең болуына жол беріледі;

      10) ТҚСТ АЖ базасында кез келген өзгеріс болған кезде "өзектендірудің соңғы күні" атрибутына автоматты түрде жүйелік күн енгізіледі;

      11) бақылау кезінде үйдің жалпы алаңына үйдегі шығарылған пәтерлердің жалпы алаңы кіреді;

      12) бақылау кезінде үйдің тұрғын алаңына шығарылған пәтерлердің тұрғын алаңы кірмейді;

      13) бақылау кезінде үйдің тұрғын алаңына "тұрғын еместен" "тұрғынға" өзгергенде енгізілген пәтерлердің тұрғын алаңы кіреді;

      14) "жапсаржай" бойынша деректер түскен кезде "жапсаржай" алаңы тұрғын үйдің жалпы алаңына қосылады;

      15) ТҚСТ АЖ базасына түзетулер енгізілген кезде өзгерістер түскен деректер ғана ауыстырылады, ал қалған деректер өзгертілмейді;

      16) ТҚСТ АЖ базасына өзгеріс енгізілген кезде "өзектендіру туралы мәліметтер" атрибутына автоматты түрде жүйелік күн енгізіледі;

      17) ТҚСТ АЖ базасында тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы жазбалар болмаған кезде жазбалар қосылады;

      18) тұратындар, үйдің жағдайы, тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) жағдайы, бөлмелер саны, сыртқы қабырға материалдары, көше типінің атаулары, көше атаулары, үй (пәтерлер) нөмірі туралы деректерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ТҚСТ АЖ-ға тиісті түзетулер енгізіледі;

      19) тұрғын үй қорын абаттандыруды өзектендіру кезінде жабдықталған тұрғын үй-жайлар туралы мәліметтер енгізіледі. Тұрғын үй-жай:

      егер үйде электр өткізгіш болса, электрмен;

      егер еденүсті электр плитасы немесе еденүсті электр плитасы орнатылған бөлек тұрған асүйі (асүйге арналған арнаулы күрделі ғимарат) бар үй болса, еденүсті электр плитасымен;

      егер желілік табиғи газбен жабдықталған еденүсті газ плитасы болса, желілік (табиғи) газбен;

      егер сұйытылған газбен (газ тәрізді заттарды сақтауға арналған баллондағы немесе газгольдерлердегі-резервуарлардағы) жабдықталған еденүсті газ плитасы болса, сондай-ақ сұйытылған газбен жабдықталған еденүсті газ плитасы орнатылған бөлек тұрған асүйі бар газдандырылған деп саналатын үй сұйытылған газбен;

      егер үйде жылу қазандығы, орамдық немесе аудандық қазандық, жылу электр орталықтары, сондай-ақ автоматты газды су жылытқыштары орнатылған болса, орталықтан жылытумен;

      жеке қондырғылардан жылытумен: егер жылу қондырғыларынан немесе дәстүрлі тұрғын үйдің ішінде тұрған немесе үлкен жеке үйлердің немесе коттедждердің және уақытша шағын үйлердің иелерінде айрықша жағдайлар үшін қосымша нұсқа ретінде газбен, қатты немесе сұйық отынмен жағылатын жабдықтан жылытылатын болса, пешпен жылытумен;

      егер үйдің ішінде су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиандық ұңғымадан түсетін тарату желісі болса, үйдегі (пәтердегі) су құбырымен;

      егер үйдің (жеке тұрған ас үй немесе үйден тыс ұқсас үй-жайлар) сыртында су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиандық ұңғымадан түсетін тарату желісі болса, үйден (пәтерден) тыс су құбырымен;

      егер үй ауласында құдық немесе су таратқыш шүмек (колонка) немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздері болса, құдықпен, колонкамен немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздерімен;

      егер үйде жоғарыда көрсетілген сумен жабдықтау көздері болмаса көлікпен жеткізу басқа өңірлерден, алыс орналасқан су көздерінен немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздерінен көлікпен жүзеге асырылса, ауыз суды жеткізумен;

      егер үйдің ішінде көшедегі кәріз желісіне шаруашылық нәжіс суларының ағуына арналған кәріз құрылғысы немесе сорғыш құдықтар болса, орталық кәрізбен. Су құбыры жоқ, сондай-ақ биодәретханасы бар болған жағдайда тұрғын үй-жай кәрізбен жабдықталған тұрғын үй деп есептелмейді;

      егер жеке ванна бөлмесімен қатар осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған бөлмеде ыстық судың түсу тәсіліне қарамастан, стационарлық ванна немесе себезгімен, бұл ретте ванна (себезгі) орнатылған, ал кәрізі жоқ тұрғын үй ваннамен немесе себезгімен жабдықталған деп есептелмейді;

      егер тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждығы үшін ыстық суды орталықтан беретін арнайы су құбыры болса, орталық ыстық сумен қамтамасыз етумен;

      егер шағын жылу қазандықтарын қоса алғанда, пәтерде су жылытқыштардан, газды (отынды) колонкалардан ыстық су беретін арнайы су құбыры болса, жеке су жылытқыштар арқылы ыстық сумен қамтамасыз етумен жабдықталған болып есептеледі.

4-тарау. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінен жиынтық ақпаратты қалыптастыру

      13.Тұрғын үй қорының болуы және жағдайы туралы жиынтық деректер мен уәкілетті орган бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес "Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры туралы" статистикалық жинағында жыл сайын қалыптастырылатын тұрғын үй қорының болуы мен абаттандырылуын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер ТҚСТ АЖ-дан алынатын ұйғарынды ақпарат болып табылады.

  Тұрғын үй қоры статистикалық
тіркелімін жүргізу және
өзектендіру бойынша
әдістемеге 1-қосымша

ТҚСТ АЖ атрибуттары (үйлер каталогы)

Атрибуттар атауы

ТҚСТ дерекқорындағы атрибуттардың атауы

1

Үй коды

HOUSE_ID

2

Кадастрлық нөмірі

KADASTR_NU

3

ӘАОЖ

KATO

4

ӘАОЖ атауы. Rus

KATO_FN_RU

5

ӘАОЖ атауы. Kaz

KATO_FN_KK

Мекенжай мәліметтері


6

Көше типі 2-ші деңгей. Коды

STREET2_ID

7

Көше типі 2-ші деңгей. Атауы RUS

STREET2_TYPE

8

Үйдің құрылымданбаған мекенжайы. Атауы RUS

ADDRESS_RU

9

Үйдің құрылымданбаған мекенжайы. Атауы KAZ

ADDRESS_KK

10

Үй нөмірі

HOUSE_NUMB

11

Мекенжайды тіркеу коды

МТК

Үйдің сипаттамалары


12

Үй жағдайы

HOUSE_SITU

13

Үй типі

HOUSE_TYPE

14

Үйдің қабаттылығы

FLOOR_NUMBER

15

Пайдалануға берілген күні

INPUT_DATE

16

Үйді салушы

HOUSE_BUIL

17

Пайдалануға беру шарттары

HOUSE_INPU

18

Қабырға материалдары

HOUSE_WALL

19

Пайдаланудан шығарылған күні

LEAVE_DATE

20

Пайдаланудан шығарылу себептері

HOUSE_LEAVE

Жиынтық көрсеткіштер


21

Жалпы алаңы

FULL_SQUAR

22

Тұрғын алаңы

LIVING_SQU

23

Барлық пәтерлер

FLATS

24

Олардан: тұрғын

INFABITED_

25

Олардан: тұрғын емес

UNINHABITE

26

Барлық тұратындар

RESIDENT_N

27

Барлық үй шаруашылықтары

HOUSEHOLD

Өзектендіру туралы мәліметтер


28

Өзектендіру күні

ACTUA_DATE

29

Дереккөзі. Коды

ACTUAL_SOU

30

Негіздеме

ACTUA_BASI

31

Үйдің абаттандырылуы: Коды

HOUSE_ACCO

  Тұрғын үй қоры статистикалық
тіркелімін жүргізу және
өзектендіру бойынша
әдістемеге 2-қосымша

ТҚСТ АЖ атрибуттары (пәтерлер каталогы)

Атрибуттар атауы

ТҚСТ дерекқорындағы атрибуттардың атауы

1

ӘАОЖ коды

KATO

2

Үй коды

HOUSE_ID

3

Пәтер коды

FLAT_ID

4

Кадастрлық нөмірі

CADASTRALN

5

Мекенжайдың тіркелім коды

МТК

6

Үй-жай типі. Коды

FLAT_TYPE

7

Пәтер нөмірі

NUM

8

Пәтер жағдайы. Коды

FLAT_SITUA

9

Меншік түрі. Коды

FLAT_OWNER

10

Пайдалануға беру шарты. Коды

FLAT_INPUT

11

Пайдаланудан шығарылу себептері. Коды

FLAT_CAUSE

12

Пайдаланудан шығарылған күні

DATEOFRETI

13

Жалпы алаңы

FULL_SQUAR

14

Тұрғын алаңы

LIVING_SQU

15

Бөлме саны

QUAN_ROOM

16

Үй шаруашылықтарының саны

QUAN_HHOL

17

Тұратындар саны

QUAN_HABI

18

Қабаты

LEVEL_NUMB

19

Өзектендіру күні

ACTUAL_DATE

20

Дереккөзі. Коды

ACTUAL_ID

21

Негіздеме

ACTUAL_BAS

22

Жаңартылған күні

REFRESH_DA

23

Пайдаланушы. Логині

USERNAME

24

Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы

TRANSA_SUM

25

Күніне сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы

TRANSA_DAT

26

Салық салу мақсатындағы құны (мың теңге)

TAX_COST

27

Күніне салық салу мақсатындағы құны (мың теңге)

TAX_ESTIMA

28

Пәтер иесі. ТАӘ RUS

PRAVOOBLAD

  Тұрғын үй қоры статистикалық
тіркелімін жүргізу және
өзектендіру бойынша
әдістемеге 3-қосымша

Әкімшілік дереккөздерден үйлердің апаттылығы туралы мәліметтер

Елді мекен (ауыл, кент):
Аудан (қала):

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуші (ӘАОЖ) бойынша код

Үй типі (жеке, екі пәтерлі, үш және одан да көп пәтерлі үйлер)

Мекенжайдың тіркеу коды (МТК)

Мекенжай мәліметтері: облыс, қала, аудан/қаладағы аудан, ауылдық округ, елді мекен (кент, ауыл), көше атауы, үйдің нөмірі, пәтер нөмірі

Құқық иеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Үнемі тұратындар саны, адам

Тұрғын үй қорынан шығарылу (бұзылу) себебі мен күні

Ескертпе

1









2









3









4









...









  Тұрғын үй қоры статистикалық
тіркелімін жүргізу және
өзектендіру бойынша
әдістемеге 4-қосымша

Әкімшілік дереккөздерден шаруашылықтар бойынша есепке алу мәліметтері

Үй коды

Кадастрлық нөмірі

Көше атауы

Үйдің нөмірі

Пәтер нөмірі

Жалпы алаңы

Тұрғын алаңы

Бөлмелер саны

Тұратындар саны

Үй шаруашылықтарының саны

Үй иесінің ТАӘ


Абаттандыру

электр

сумен жабдықтау

кәріз

жылыту

ванна немесе себезгі

ыстық сумен қамтамасыз ету

газ

еденүсті электр плитасымен

орталықтан жылыту

жеке құрылғылармен жылыту

үйдегі су құбыры

үйден тыс су құбыры

құдық, колонка немесе басқалар

орталық

басқа

пешпен жылыту

одан

өзге

орталық

жеке су ысытқыштардан

желілік (табиғи) газ

сұйытылған (баллондағы) газ

желілік (табиғи) газ

сұйытылған (баллондағы) газ

қатты отынды

сұйық отынды

газбен


Үй жағдайы

Пәтер жағдайы

Қабырғалардың материалдары

Үй типі

Меншік түрі


Об утверждении Методики по ведению и актуализации Статистического регистра жилищного фонда

Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 22 мая 2017 года № 75. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июня 2017 года № 15246.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" и подпунктом 258) пункта 17 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику по ведению и актуализации Статистического регистра жилищного фонда.

      2. Управлению статистических регистров и классификаций совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Керимханова Г.М.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Айдапкелов

  Утверждена
приказом председателя
Комитета по статистике
Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
от 22 мая 2017 года № 75

Методика по ведению и актуализации Статистического регистра жилищного фонда

Глава 1. Общие положения

      1. Методика по ведению и актуализации Статистического регистра жилищного фонда (далее - Методика) относится к статистической методологии, формируемой в соответствии с международными стандартами и утверждаемой в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" (далее - Закон).

      2. Целью настоящей Методики является формирование и накопление данных по жилым домам и жилым помещениям (квартирам) для статистики жилищного фонда и формирования выборок обследований домашних хозяйств.

      3. Настоящая Методика предназначена для использования Комитетом по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее - Комитет), территориальными органами статистики и Республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Информационно-вычислительный центр Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан", при осуществлении ведения и актуализации информационной системы статистического регистра жилищного фонда (далее - ИС СРЖФ).

      4. В Методике используются понятия в значениях, определенных в Законе.

Глава 2. Сведения и задачи о статистическом регистре жилищного фонда

      5. Информационная система статистического регистра жилищного фонда (далее - ИС СРЖФ) представляет собой централизованную информационную систему сбора, хранения и отображения данных о жилищном фонде Республики Казахстан.

      ИС СРЖФ включает все жилые дома и жилые помещения (квартиры), находящиеся на территории Республики Казахстан.

      К ним относятся:

      жилое помещение (квартира);

      одноквартирный (индивидуальный) дом;

      двухквартирный дом;

      трех и более квартирный дом.

      ИС СРЖФ содержит данные о жилищном фонде и о численности людей, проживающих в квартирах, и состоит из двух основных модулей:

      1) каталог домов;

      2) каталог квартир.

      Каталог домов содержит список домов со сведениями о каждом доме, характеризующих тип дома, материалы наружных стен дома, количество квартир в доме, размеры общей и жилой площадей.

      Каталог квартир содержит список квартир со сведениями о каждом жилом помещении (квартире) жилого дома, входящих в определенный дом, со сведениями о размере площади, количестве комнат, количестве проживающих.

      В каталоге домов каждая запись соответствует записи в каталоге квартир и имеет связь по идентификационному коду дома. Каждый каталог содержит свой состав атрибутов. Примеры атрибутов ИС СРЖФ (каталог домов) и атрибутов ИС СРЖФ (каталог квартир) приведены согласно приложениям 1 и 2 к настоящей Методике.

      Основными задачами ведения ИС СРЖФ являются:

      накопление данных о жилых домах и жилых помещениях (квартирах);

      формирование и актуализация статистической информации по жилищному фонду (наличие, состояние, ввод в действие, выбытие);

      проведение выборочных обследований на основе ИС СРЖФ и использование в статистических разработках;

      проведение выборочных обследований домашних хозяйств для актуализации ИС СРЖФ.

      6. Актуализацией ИС СРЖФ являются следующие данные:

      1) сведения о зарегистрированных жилых домах и жилых помещениях (квартирах) из административных источников;

      2) сведения об аварийности жилья из административных источников согласно приложению 3 к настоящей Методике;

      3) сведения похозяйственного учета из административных источников согласно приложению 4 к настоящей Методике;

      4) сведения по количеству проживающих из выборочных обследований домашних хозяйств.

Глава 3. Организация ведения ИС СРЖФ

      7. ИС СРЖФ автоматизирует действия, направленные на решение определенного круга задач, и состоит из следующих блоков:

      1) сбор, обработка и анализ данных;

      2) формирование отчетов;

      3) интеграция внешней базы данных с компонентами интегрированной информационной системы "е-Статистика".

      8. При сборе, обработке, и анализе данных осуществляется контроль и автоматизация следующих процессов:

      формирование ИС СРЖФ;

      актуализация данных ИС СРЖФ на основе данных, полученных из административных данных;

      ведение и актуализация каталогов домов и квартир.

      9. Сбор, обработка и анализ данных решает задачу, связанную с первичным формированием, с актуализацией и вводом данных в ИС СРЖФ.

      На основании обработки, корректировки данных на республиканском уровне ежемесячно формируется срез (за определенный период).

      Срез используется при формировании выходных таблиц из ИС СРЖФ.

      Ежемесячный срез обеспечивает формирование отчетов и различных выборок данных.

      10. Блок формирования отчетов включает следующие задачи:

      формирование срезов;

      формирование выборок;

      формирование выходной информации.

      11. Блок интеграции обеспечивает интеграцию с компонентами информационных систем, внешними базами данных и включает в себя следующие задачи:

      1) взаимодействие с информационной системой "Метаданные";

      2) взаимодействие с базой данных агрегированных показателей;

      3) взаимодействие с информационной системой "Статистический регистр населения";

      4) взаимодействие с информационной системой "Сельскохозяйственный регистр";

      5) взаимодействие с внутренним интранет-порталом.

      12. Ввод и корректировка информации в ИС СРЖФ осуществляется на региональном уровне. При вводе и корректировке информации соблюдаются следующие этапы:

      1) вся справочная информация выбирается из меню;

      2) при индивидуальном доме в поле "номер квартиры" ставится "ноль";

      3) при двух и более квартирных домах в поле "номер квартиры" ставится соответствующий "номер квартиры";

      4) при ситуации "дом выбыл", ситуация квартир ставится "нежилая" при этом, жилая площадь всех квартир обнуляется, а общая площадь остается;

      5) при ситуации квартиры "нежилая", количество проживающих и количество домохозяйств обнуляются;

      6) при выбытии квартир из жилищного фонда поле "причина выбытия квартир" обязательно для заполнения;

      7) при "карточке дома" в графе "этажность" предусмотрен ввод "более одного";

      8) при изменении ситуации у дома или у квартиры на "выбыл", поля "причина выбытия" и "дата выбытия" обязательны для заполнения, в других ситуациях данные поля не заполняются;

      9) при контроле допускается общая площадь квартиры равная жилой площади квартиры;

      10) при любом изменении в базе ИС СРЖФ автоматически заносится системная дата в атрибут "дата последней актуализации";

      11) при контроле в общую площадь дома входит общая площадь выбывших квартир в доме;

      12) при контроле в жилую площадь дома не входит жилая площадь выбывших квартир;

      13) при контроле в жилую площадь дома входит жилая площадь квартир, введенных при изменении ситуации с "нежилой" в "жилую";

      14) при поступлении данных по "пристройке", суммируется площадь "пристройки" в общую площадь жилого дома;

      15) при внесении корректировки в базе ИС СРЖФ заменяются только данные, по которым поступили изменения, а остальные данные не меняются;

      16) при внесении изменений в базе ИС СРЖФ автоматически заносится системная дата в атрибут "сведения об актуализации";

      17) при отсутствии в базе данных ИС СРЖФ записей о жилых домах и жилых помещениях (квартирах) производится добавление записей;

      18) при обнаружении несоответствий: о данных по проживающим, ситуациям дома, ситуациям жилых помещений (квартир), количеству комнат, материалам наружных стен, наименованиям типов улиц, наименованиям улиц, номерам дома (квартиры) в базе ИС СРЖФ вносятся соответствующие корректировки;

      19) при актуализации благоустройства жилищного фонда заносятся сведения об оборудованных жилых помещениях. Жилое помещение считается оборудованным:

      электричеством, если имеется электропроводка в доме;

      электроплитой напольной, если имеется напольная электрическая плита, или дом с отдельно стоящей кухней (специально предназначенное для кухни капитальное здание), в которой установлена напольная электрическая плита;

      газом сетевым (природным), если имеется напольная газовая плита, снабженная сетевым природным газом;

      газом сжиженным (в баллонах или в газгольдерах-резервуарах для хранения газообразных веществ), если имеется напольная газовая плита, снабженная сжиженным газом, также газифицированным считается дом с отдельно стоящей кухней, в которой установлена напольная газовая плита, снабженная сжиженным газом;

      центральным отоплением, если имеется отопление собственной домовой котельной, квартальной или районной котельной, теплоэлектроцентрали, а также установки автоматического газового водонагревателя;

      отоплением от индивидуальных установок: печным отоплением, если имеется отопление от тепловых установок или оборудований на газовом, твердом или жидком топливе, находящиеся внутри занятого традиционного жилища или как резервного варианта для исключительных случаев у владельцев больших частных домов или коттеджей и во времянках;

      водопроводом в доме (квартире), если внутри дома имеется распределительная сеть, в которую вода поступает централизованно из водопровода или артезианской скважины;

      водопроводом вне дома (квартиры), если вне дома (отдельно стоящая кухня или идентичные помещения вне дома) имеется распределительная сеть, в которую вода поступает централизованно из водопровода или артезианской скважины;

      колодцем, колонкой или идентичным источником водоснабжения, если во дворе дома имеется колодец или водоразборный кран (колонка) или идентичный источник водоснабжения;

      доставкой питьевой воды, если в доме нет вышеуказанных источников водоснабжения, осуществляемой транспортом из других регионов, отдаленных источников или из идентичных источников водоснабжения;

      центральной канализацией, если внутри дома имеется канализационное устройство для стока хозяйственно-фекальных вод в уличную канализационную сеть или поглощающие колодцы. Не является оборудованным канализацией жилое помещение, в котором отсутствует водопровод, а также при наличии биотуалета;

      стационарными ванной или душем, если установлена ванна или душ, как в отдельной ванной комнате, так и другом приспособленном для этой цели помещении, независимо от способа поступления горячей воды, при этом, не учитывается оборудованным ванной или душем жилое помещение, в котором ванна (душ) установлены, а канализация отсутствует;

      центральным горячим водоснабжением, если имеется специальный водопровод, подающий горячую воду централизовано, для бытовых нужд проживающих;

      горячим водоснабжением от индивидуальных водонагревателей, если имеется специальный водопровод, подающий горячую воду от газовой (дровяной) колонки, поквартирных водонагревателей, включая и малометражные отопительные котлы.

Глава 4. Формирование сводной информации из статистического регистра жилищного фонда

      13. Выходной информацией из ИС СРЖФ являются сводные данные о наличии и состоянии жилищного фонда, статистические показатели, характеризующие наличие и благоустройство жилищного фонда, которые ежегодно формируются в статистическом сборнике "О жилищном фонде Республики Казахстан" в соответствии с планом статистических работ на соответствующий год, утверждаемым уполномоченным органом.

  Приложение 1
к Методике по ведению и актуализации
Статистического регистра жилищного фонда

Атрибуты ИС СРЖФ (каталог домов)

Наименование атрибутов

Наименование атрибутов в базе данных СРЖФ

1

Код дома

HOUSE_ID

2

Кадастровый номер

KADASTR_NU

3

Като

KATO

4

Название Като. Rus

KATO_FN_RU

5

Название Като. Kaz

KATO_FN_KK

Адресные сведения


6

Тип улицы 2-ой уровень. Код

STREET2_ID

7

Тип улицы 2-ой уровень. Название RUS

STREET2_TYPE

8

Неструктурированный адрес дома. Название RUS

ADDRESS_RU

9

Неструктурированный адрес дома. Название KAZ

ADDRESS_KK

10

Номер дома

HOUSE_NUMB

11

Регистрационный код адреса

РКА

Характеристики дома


12

Ситуация дома

HOUSE_SITU

13

Тип дома

HOUSE_TYPE

15

Этажность дома

FLOOR_NUMBER

16

Дата ввода в эксплуатацию

INPUT_DATE

17

Застройщик дома

HOUSE_BUIL

18

Условия ввода

HOUSE_INPU

19

Материалы стен

HOUSE_WALL

20

Дата выбытия

LEAVE_DATE

21

Причины выбытия

HOUSE_LEAVE

Сводные показатели


22

Общая площадь

FULL_SQUAR

23

Жилая площадь

LIVING_SQU

24

Всего квартир

FLATS

25

Из них жилых

INFABITED_

26

Из них нежилых

UNINHABITE

27

Всего проживающих

RESIDENT_N

28

Всего домохозяйств

HOUSEHOLD

Сведения об актуализации


29

Дата актуализации

ACTUA_DATE

30

Источник. Код

ACTUAL_SOU

31

Основание

ACTUA_BASI

32

Благоустройство дома: Код

HOUSE_ACCO

  Приложение 2
к Методике по ведению и актуализации
Статистического регистра жилищного фонда

Атрибуты ИС СРЖФ (каталог квартир)

Наименование атрибутов

Наименование атрибутов в базе данных СРЖФ

1

Код КАТО

KATO

2

Код дома

HOUSE_ID

3

Код квартиры

FLAT_ID

4

Кадастровый номер

CADASTRALN

5

Регистрационный код адреса

РКА

6

Тип помещения. Код

FLAT_TYPE

7

Номер квартиры

NUM

8

Ситуация квартиры. Код

FLAT_SITUA

9

Вид собственности. Код

FLAT_OWNER

10

Условие ввода. Код

FLAT_INPUT

11

Причина выбытия. Код

FLAT_CAUSE

12

Дата выбытия

DATEOFRETI

13

Общая площадь

FULL_SQUAR

14

Жилая площадь

LIVING_SQU

15

Количество комнат

QUAN_ROOM

16

Количество домохозяйств

QUAN_HHOL

17

Количество проживающих

QUAN_HABI

18

Этаж

LEVEL_NUMB

19

Дата актуализации

ACTUL_DATE

20

Источник. Код

ACTUAL_ID

21

Основание

ACTUAL_BAS

22

Дата обновления

REFRESH_DA

23

Пользователь. Логин

USERNAME

24

Сумма сделки по договору купли-продажи

TRANSA_SUM

25

Сумма сделки по договору купли-продажи на дату

TRANSA_DAT

26

Стоимость для целей налогообложения (тыс. тенге)

TAX_COST

27

Стоимость для целей налогообложения на дату (тыс. тенге)

TAX_ESTIMA

28

Владелец квартиры. ФИО RUS

PRAVOOBLAD

  Приложение 3
к Методике по ведению и актуализации
Статистического регистра жилищного фонда

Сведения об аварийности жилья из административных источников

Населенный пункт (село, поселок):
Район (город):

Код по классификатору административно-территориальных объектов (КАТО)

Тип дома (индивидуальный, двухквартирный, трех и более квартирные дома)

Регистрационный код адреса (РКА)
 

Адресные сведения: область, город, район/район в городе, сельский округ, населенный пункт (поселок, село), наименование улицы, номер дома, номер квартиры

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) правообладателя

Количество постоянно проживающих, человек

Причина и дата выбытия (снос) из жилого фонда

Примечание

1









2


















4









...









  Приложение 4
к Методике по ведению и актуализации
Статистического регистра жилищного фонда

Сведения похозяйственного учета из административных источников

Код дома

Кадастровый номер

Название улицы

Номер дома

Номер квартиры

Общая площадь

Жилая площадь

Количество комнат

Количество проживающих

Количество домохозяйств

ФИО (при наличии) владельца

      продолжение таблицы

Благоустройство

Ситуацияя дома

Сититуация квартир

Материал стен

Тип дома

Вид собственности

электричество

Водоснабжение

каннализация

отопление

ванна или душ

горячее водоснабжение

газ

электроплита напольная

центральное отопление

отопление от индивидуальных установок

водопровод в доме

водопровод вне дома

Колодец, колонка или другие

центральная

прочая

печное:

из него

прочее

центральное

от индивидульного водонагреавателя

газ сетевой (природный)

газ сжиженный (в баллах)

на твердом топливе

на жидком топливе

на газу