Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 274 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
_______________ Д. Абаев
2017 жылғы 7 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 29 маусым
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 92 қаулысымен бекітілген |
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін
жүргізу қағидалары
1. Осы Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеу және тізілімін жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) есептік тіркелуге жатады.
3. Өтініш беруші есептік тіркеуден өту үшін өтініш берушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – филиал) Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Өтініш талап етілетін құжаттарды қоса берумен қағаз жеткізгіште ұсынылады.
4. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - заңды тұлғасы туралы мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы ақпаратты ашу мақсатында өтініш беруші коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылаудағы тұлғалар туралы мәліметтерді Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
5. Өтініш берушінің басшы жұмыскері туралы мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
6. Өтініш беруші коллекторлық агенттіктердің қызметін ұйымдастыру кезінде "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтер Қағидаларға 6- қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
8. Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
9. Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп және тігіліп ұсынылады.
Құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен куәландырылады.
Филиал Қағидалардың 4, 5 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес келетінін тексереді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Өтініш берушілердің тұрған жері бойынша филиалдар Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізбесін жүргізеді.
11. Филиал коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізбесіне енгізгеннен кейін келесі күні, бірақ Заңның 7-бабының 5-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей, Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктерді коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізбесіне енгізілгені туралы ақпаратты жібереді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізілімін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырады.
12. Өтініш берушіні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізгеннен кейін филиал оған тіркеу нөмірін көрсете отырып, мұндай шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
13. Коллекторлық агенттіктердің тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірінде 11 (он бір) белгі болады және мынадай құрылымнан - ФФ.К.ЖЖ.ННН тұрады, мұнда:
ФФ – Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтарына сәйкес қойылатын филиал коды;
К – коллекторлық агенттік;
ЖЖ – ағымдағы жылдың соңғы 2 (екі) цифры;
ННН – коллекторлық агенттікті есептік тіркеудің реттік нөмірі.
Филиал коллекторлық агенттікті есептік тіркеудің реттік нөмірін өзі дербес береді және әрбір күнтізбелік жылда 001-ден басталады.
Егер есептік тіркеудің реттік нөмірі үш таңбалы саннан (999 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз)) асып кетсе, төрт таңбалы реттік нөмірді (НННН) пайдалануға жол беріледі.
14. Есептік тіркеуден бас тарту Заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруы Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
16. Филиал Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастыру үшін коллекторлық агенттікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығару туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жібереді.
17. Коллекторлық агенттік он бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 2, 3 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісінше Заңның 7-бабы 2-тармағының 3), 5) және 6) тармақтарында көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабардар етеді.
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
___________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының толық атауы)
___________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймын.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
2. Өтініш берушінің орналасқан орны және нақты мекенжайы _________
(индекс,
__________________________________________________________________
қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі,
__________________________________________________________________
телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)
3. Жіберілген құжаттардың Тізбесі, данасы және олардың әрқайсысының
парақтарының саны:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті
қарастыруға байланысты сұратылған қосымша ақпараттар мен құжаттардың
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растаймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар
болса), лауазымы ___________________
(қолы)
20__ жылғы "___" _____________
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - заңды тұлға туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20 __ жылғы "___" __________
1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) ____________________
(толық атауы)
2. Орналасқан орны _______________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы, телефон және
__________________________________________________________________
факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы ол бар болса)
__________________________________________________________________
3. Бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
4. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ___________
__________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
5. Резиденттігі __________________________________________________
6. Негізгі қызмет түрі ___________________________________________
__________________________________________________________________
7. Өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі __________
__________________________________________________________________
8. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға
және оның қызметіне құрылтайшы (қатысушысы), акционер ретінде қатысуы туралы
заңды тұлғалардың толық атауы және орналасқан орны көрсетілген
мәліметтер____________________________
__________________________________________________________________
9. Өтініш беруші құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік,
қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы
ұйымдардың толық атауы, орналасқан орны
көрсетілген мәліметтер __________________________________________.
10. Құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы
қызметкері бұрын, уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті
"Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы
Заңының 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және
7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім
қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші
басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер
_______________________________________________________
11. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер
_______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы "___" _____________
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылаудағы тұлғалар (бұдан әрі – қатысушы, (иеленуші) туралы мәліметтер
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-кесте. Қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер
№ | Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе басқа сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) | Резиденттігі | Атауы | Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негізін көрсете отырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің деректемелері) | Уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған құрылтайшы (акционер, қатысушы) немесе басшы қызметкер туралы мәліметтер | Қызмет түрінің сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы:
Қатысушыға (иеленушіге) тиесілі қатысу үлестерінің жалпы санына арақатынасы | |||||
Жеке | |||||
Тікелей | Жанама | ||||
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен) | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) | Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен) | Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен) | Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы:
коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің саны | |||||
Бірлескен | |||||
Тікелей | Жанама | ||||
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен) | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) | Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен) | Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен) | Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Ескертпе:
1-кестеде заңды тұлғалар бойынша қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы акцияларын не қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы, қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын иеленетін жеке тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі
№ | Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғалар үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғалар үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) | Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер) | Бақылау негізі | Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 20 пайызынан астамын иеленетіні ұйымдар туралы мәліметтер | |
ұйымның атауы | Акцияларды иелену (жарғылық капиталдағы) үлесі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе:
3-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________________________ _____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша нысан |
Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
20 __ жылғы "___" _____________
1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _____________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
2. Туған күні ______________________________________________________________
3. Азаматтығы _____________________________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________________
________________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)
5. Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
6. Тұрғылықты жері ________________________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы,
________________________________________________________________________________
телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
6. Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
7. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне қатысушы (иеленуші), акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
8. Жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы туралы мәліметтер
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
20 __ жылғы "___" _____________
Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы ____________
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша нысан |
Өтініш берушінің басшы жұмыскері туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскерінің лауазымы және коллекторлық агенттіктің
тауы көрсетіледі)
1. Жалпы мәлiметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
____________________________________________________ |
Туған күні және туған жері |
____________________________________________________ |
Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері |
____________________________________________________ |
Азаматтығы | ____________________________________________________ |
Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері |
____________________________________________________ |
№ | Оқу орнының атауы | Түскен күнi - аяқтаған күнi | Мамандығы | Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса - күні мен нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
№ | Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Басшы жұмыскердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялардың саны және лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы жұмыскердің жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі) туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидит еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.
№ | Жұмыс кезеңі (күн, ай, жыл) | Жұмыс орны (ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда тіркелген елін көрсете отырып) | Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе) | Тәртіптік жазаның болуы | Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5. Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты мемлекеттік функцияларды орындауы туралы мәліметтер:
№ | Кезеңі (күн, ай, жыл) | Мемлекеттік қызмет органының атауы | Осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты лауазымдық өкілеттіктер | Себептері (жұмыстан шығару, лауазымнан босату) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6. Жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы мәліметтер (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда)
________________________________________________________________________________
(иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың сипаттамасы
________________________________________________________________________________
жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,
________________________________________________________________________________
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)
7. Бұдан бұрын басшы жұмыскер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болған-болмағандығы туралы мәліметтер ______________________________________________________________________________
(иә (жоқ),
________________________________________________________________________________
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі
8. Бұдан бұрын басшы жұмыскер өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы жұмыскерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлға болған-болмағандығы туралы мәліметтер ______________________________________________________________________
(иә (жоқ),
________________________________________________________________________________
жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,
________________________________________________________________________________
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)
9. Бұдан бұрын басшы жұмыскер, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің - заңды тұлғасының басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________________
(иә (жоқ)
________________________________________________________________________________
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
10. Бұдан бұрын басшы жұмыскер, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер __________________________________________________
(иә (жоқ)
________________________________________________________________________________
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
11. Басшы жұмыскер психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұра ма
________________________________________________________________________________
(иә (жоқ)
________________________________________________________________________________
есепке қою күні және есепке қою жүзеге асырылған
________________________________________________________________________________
ұйымның атауы)
12. Бұдан бұрын басшы жұмыскердің мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылғандығы туралы мәліметтер _________________________________________________________
(иә (жоқ) босатылған күні
13. Бұдан бұрын басшы жұмыскердің "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылғандығы туралы мәліметтер
________________________________________________________________________________
(иә (жоқ) босатылған күні
________________________________________________________________________________
және коллекторлық агенттіктің атауы
Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
20 __ жылғы "___" _____________
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлер туралы мәліметтер
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Есепті кезең: 20___ жылғы "_____" __________ жағдай бойынша
Өтініш берушінің толық атауы __________________________________________
№ | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкестігін – олар қашан және қандай себепке байланысты өзгергенін көрсету) | Туған күні және жері | Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері (елді мекенінің кодын қоса алғанда, мекенжайды, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін толық көрсету) | Азаматтығы | Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері | Білімі, оның ішінде техникалық және кәсіби білімі, орта білімнен кейін немесе жоғары білімі | Жұмыс тәжірибесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы:
Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы (иә (жоқ) | Коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған (иә (жоқ) | Психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған (иә (жоқ) | Мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған (иә (жоқ) | Бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты болған (иә (жоқ) | Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған (иә (жоқ) | Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін (қызметкердің қолы) |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Ескертпе:
1. 8-бағанда лауазымдық міндеттемелерді, кәсіптік дағдыны көрсете отырып, басшы қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екендігі көрсетіледі.
2. 9-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.
3. 10-бағанда егер қызметкер бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер солай болса, онда ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету қажет.
4. 11-бағанда егер солай болса, есепке қою күні және есепке қойылған ұйымның атауын көрсету қажет.
5. 12-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтен немесе арнайы және құқық қорғау органдарынан босатылған күнін көрсету қажет.
6. 13-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтің тоқтаған күнін көрсету қажет.
7. 14-бағанда егер солай болса, босатылған күнін және коллекторлық агенттіктің атауын көрсету қажет.
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам
_____________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 7-қосымша нысан |
Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер
№ |
Филиалдың және (немесе) өкілдіктің атауы | Тұрған жері және нақты мекенжайы | Мемлекеттік тіркеу туралы деректер (нөмірі, күні) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 8-қосымша нысан |
Коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізбесі
20 __ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
№ | Берілген тіркеу нөмірі | Коллекторлық агенттіктің атауы | Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
Тұрған жері және | Телефон нөмірі, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет- ресурс | Тізілімге қосу күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 9-қосымша нысан |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізілімі
20 __ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
№ |
Коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізілімдегі есептік тіркеу нөмірі | Коллекторлық агенттіктің атауы |
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
Тұрған жері және | Телефон нөмірі, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет- ресурс | Тізілімге қосу күні | Тізілімнен шығару күні | Негіздеме |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 10-қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының коллекторлық
агенттіктерді есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтары
№ |
Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Орталық филиал (Астана қаласы) | 53 |
2 | Алматы қалалық филиалы | 05 |
3 | Алматы облыстық филиалы | 41 |
4 | Ақмола филиалы | 24 |
5 | Ақтөбе филиалы | 03 |
6 | Атырау филиалы | 12 |
7 | Шығыс Қазақстан филиалы | 09 |
8 | Жамбыл филиалы | 14 |
9 | Батыс Қазақстан филиалы | 49 |
10 | Қарағанды филиалы | 18 |
11 | Қостанай филиалы | 27 |
12 | Қызылорда филиалы | 21 |
13 | Маңғыстау филиалы | 29 |
14 | Павлодар филиалы | 32 |
15 | Солтүстік Қазақстан филиалы | 36 |
16 | Оңтүстік Қазақстан филиал | 58 |
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 11-қосымша нысан |
Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізілімінен шығару туралы
мәліметтер
20 __ жылғы "__" ___________ жағдай бойынша
№ | Берілген тіркеу нөмірі | Коллекторлық агенттіктің атауы |
Тұрған жері және | Тізілімнен шығару күні | Негіздеме |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |