Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 274 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қаңтарда № 19851 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 92 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15400 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 11-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы " ___ " _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы " ___ " _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 274 қаулысымен
бекітілді

Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары

      1. Осы Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) есептік тіркелуге жатады.

      3. Өтініш беруші есептік тіркеуден өту үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) ұсынады.

      Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жазбаша нысанда жібереді.

      4. Өтініш талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып қағаз тасымалдағышта немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      5. Құжаттар электрондық түрде ұсынылған кезде өтініш Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар беріле отырып, өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Заңның 7-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген құжаттар PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      6. Құжаттар қағаз тасымалдағышта ұсынылған кезде Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп және тігіліп ұсынылады.

      7. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - заңды тұлғасы туралы мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы ақпаратты ашу мақсатында өтініш беруші өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылаудағы тұлғалар туралы мәліметтерді Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      8. Өтініш берушінің басшы қызметкері туралы мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      9. Борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын қызметкерлер туралы мәліметтер Қағидаларға 6- қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      10. Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      11. Уәкілетті орган Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттардың Заңның 12-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді.

      12. Уәкілетті орган Заңның 7-бабының 5-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттікті Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізеді. Уәкілетті орган уәкілетті органның коллекторлық агенттіктер тізілімін уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

      13. Уәкілетті орган өтініш берушіні уәкілетті органның коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізгеннен кейін Заңның 7-бабының 6-тармағында көзделген мерзім ішінде оған есептік тіркеу нөмірін көрсете отырып, осы шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      14. Коллекторлық агенттіктердің тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірінде 11 (он бір) белгі болады және мынадай құрылымнан – ФФ.К.ЖЖ.ННН тұрады, мұнда:

      ФФ - Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес өңір коды;

      К - коллекторлық агенттік;

      ЖЖ – ағымдағы жылдың соңғы 2 (екі) цифры;

      ННН – коллекторлық агенттікті есептік тіркеудің реттік нөмірі.

      Коллекторлық агенттікті есептік тіркеудің реттік нөмірі әрбір күнтізбелік жылда 001-ден басталады.

      Егер есептік тіркеудің реттік нөмірі үш таңбалы саннан (999 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз)) асып кетсе, төрт таңбалы реттік нөмір санын (НННН) пайдалануға жол беріледі.

      15. Есептік тіркеуден бас тарту Заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

      16. Уәкілетті органның коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

      18. Коллекторлық агенттік он бес жұмыс күні ішінде тиісінше Қағидаларға 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Заңның 7-бабы 2-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________

      2. Өтініш берушінің орналасқан орны және нақты мекенжайы

      ____________________________________________________________________

                        (индексі, қаласы,

      ____________________________________________________________________

                        (ауданы, облысы, көшесі, үйдің, офистің нөмірі,

      ____________________________________________________________________

                  телефоны, факсы, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурсы)

      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, данасы және олардың әрқайсысының парақтарының саны:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға уақтылы ұсынылғанын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ___________________________________________________________________

                        (қолы)

      20___ жылғы "___" _____________

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - заңды тұлға туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

                        (өтініш берушінің толық атауы)

      20 __ жылғы "___" __________

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) __________________

                                                      (толық атауы)

      2. Орналасқан орны ___________________________________________

            (пошта индексі, мекенжайы, телефон және факс нөмірлері,

      _____________________________________________________________

                  бар болса – электрондық пошта мекенжайы)

      3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________

      4. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _____________

      ____________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      5. Резиденттігі ________________________________________________

      6. Негізгі қызмет түрі __________________________________________

      ____________________________________________________________

      7. Өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі _________

      ____________________________________________________________

      8. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне құрылтайшы (қатысушысы), акционер ретінде қатысуы туралы заңды тұлғалардың толық атауы және орналасқан орны көрсетілген мәліметтер

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      9. Өтініш беруші құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ұйымдардың толық атауы, орналасқан орны көрсетілген мәліметтер

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      10. Құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы қызметкері бұрын, уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер

      ____________________________________________________________

      11. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" _____________

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылаудағы тұлғалар (бұдан әрі – қатысушы, (иеленуші)) туралы мәліметтер

      1-кесте. Қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе басқа сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Резиденттігі

Атауы

Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) (иә /жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негізін көрсете отырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің деректемелері)

Уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған құрылтайшы (акционер, қатысушы) немесе басшы қызметкер туралы мәліметтер

Қызмет түрінің сипаттамасы

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы:

Қатысушыға (иеленушіге) тиесілі қатысу үлестерінің коллекторлық агенттіктің

Жеке

Тікелей

Жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен)

Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы

8

9

10

11

12

13







      кестенің жалғасы:

жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің жалпы санына арақатынасы

Бірлесіп

Тікелей

Жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен)

Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы

14

15

16

17

18

19







      Ескертпе:

      1-кестеде заңды тұлғалар бойынша қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы акцияларын не қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы, қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын иеленетін жеке тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер)

Бақылау негізі

Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 20 (жиырма) пайызынан астамын иеленетіні ұйымдар туралы мәліметтер





ұйымның атауы

Акцияларды иелену (жарғылық капиталдағы) үлесі

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе:

      3-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам ________________________________

                                                      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _______________

      қолы

      Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      20 __ жылғы "___" __________

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы _________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      2. Туған күні _________________________________________________________

      3. Азаматтығы _______________________________________________________

      4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ________________________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      5. Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________

      6. Тұрғылықты жері __________________________________________________

                              (пошта индексі, мекенжайы,

      ___________________________________________________________________

                  телефон нөмірі, бар болса - электрондық пошта мекенжайы)

      6. Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы

      ___________________________________________________________________

      7. Заңды тұлғалардың толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысушы (иеленуші), акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер,

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      8. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 __ жылғы "___" _____________

      Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы ___________

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Өтініш берушінің басшы қызметкері туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің басшы қызметкерінің лауазымы және өтініш берушініңатауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

____________________________________________________
____________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкестікпен, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда, олардың қашан және қандай себептермен өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

____________________________________________________
____________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

____________________________________________________
____________________________________________________
(елді мекенінің кодын қосқанда, толық мекенжайын, қызмет, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)

Азаматтығы

____________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні - аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса - күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Басшы қызметкерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Басшы қызметкердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялардың саны және лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

      Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есеп саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы қызметкердің жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі) туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есеп саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда тіркелген елін көрсете отырып)

Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе)

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      5. Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты мемлекеттік функцияларды орындауы туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Мемлекеттік қызмет органының атауы

Осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты лауазымдық өкілеттіктер

Себептері (жұмыстан шығару, лауазымнан босату)

1

2

3

4

5






      6. Жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы мәліметтер (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда)

      __________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың сипаттамасы

      __________________________________________________________

      жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________

      қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)

      __________________________________________________________

      7. Бұдан бұрын басшы қызметкер уәкілетті орган осы коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болған-болмағандығы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________

                  (иә (жоқ),

      _________________________________________________________

                  ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      8. Бұдан бұрын басшы қызметкер өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлға болған-болмағандығы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      ____________________________________________________________________

      қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)

      9. Бұдан бұрын басшы қызметкер, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің - заңды тұлғасының басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

                  (иә (жоқ))

      ____________________________________________________________________

                  ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      10. Бұдан бұрын басшы қызметкер, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________

                        (иә (жоқ))

      ____________________________________________________

                  ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      11. Басшы қызметкер психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұра ма

      ____________________________________________________

                  (иә (жоқ) есепке қою күні және

      ____________________________________________________

                  есепке қойған ұйымның атауы)

      12. Бұдан бұрын басшы қызметкердің мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылғандығы туралы мәліметтер

      ___________________________________________

                  (иә (жоқ) жұмыстан босатылған күні)

      13. Бұдан бұрын басшы қызметкердің "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылғандығы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________

                  (иә (жоқ) жұмыстан босатылған күні

      ____________________________________________________

                  және коллекторлық агенттіктің атауы)

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))

      20 __ жылғы "___" _____________

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы мәліметтер

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" __________ жағдай бойынша

      Өтініш берушінің толық атауы __________________________________________

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкестікпен, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда – олар қашан және қандай себепке байланысты өзгергенін көрсету)

Туған күні және жері

Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері (елді мекенінің кодын қоса алғанда, мекенжайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін толық көрсету)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

Білімі, оның ішінде техникалық және кәсіби білімі, орта білімнен кейін немесе жоғары білімі

Жұмыс тәжірибесі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы:

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы (иә (жоқ)

Коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған (иә (жоқ)

Психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған (иә (жоқ)

Мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған (иә (жоқ)

Бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты болған (иә (жоқ)

Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған (иә (жоқ)

Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін (қызметкердің қолы)

9

10

11

12

13

14

15








      Ескертпе:

      1. 8-бағанда лауазымдық міндеттемелерді, кәсіптік дағдыны көрсете отырып, басшы қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екендігі көрсетіледі.

      2. 9-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.

      3. 10-бағанда егер қызметкер бұдан бұрын уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер солай болса, онда ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету қажет.

      4. 11-бағанда егер солай болса, есепке қою күні және есепке қойылған ұйымның атауын көрсету қажет.

      5. 12-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтен немесе арнайы және құқық қорғау органдарынан босатылған күнін көрсету қажет.

      6. 13-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтің тоқтаған күнін көрсету қажет.

      7. 14-бағанда егер солай болса, босатылған күнін және коллекторлық агенттіктің атауын көрсету қажет.

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам _________________________________

                                                тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________

      қолы

      Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер

Филиалдың және (немесе) өкілдіктің атауы

Тұрған жері және нақты мекенжайы

Мемлекеттік тіркеу туралы деректер (нөмірі, күні)

1

2

3

4





  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Уәкілетті органның коллекторлық агенттіктер тізілімі 20 __ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

Коллекторлық агенттіктер тізілімінде есептік тіркеу нөмірі

Коллекторлық агенттіктің атауы

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Орналасқан жері және
нақты мекенжайы

Телефон нөмірі, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет - ресурс

Тізілімге енгізілген күн

Тізілімнен шығарылған күн

Негіздемесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
9-қосымша

Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы өңірлерінің кодтары

Қазақстан Республикасы өңірінің атауы

Қазақстан Республикасы өңірінің коды

1

2

3

1

Астана қаласы

01

2

Алматы қаласы

02

3

Ақмола облысы

03

4

Ақтөбе облысы

04

5

Алматы облысы

05

6

Атырау облысы

06

7

Батыс Қазақстан облысы

07

8

Жамбыл облысы

08

9

Қарағанды облысы

09

10

Қостанай облысы

10

11

Қызылорда облысы

11

12

Маңғыстау облысы

12

13

Түркістан облысы

13

14

Павлодар облысы

14

15

Солтүстік Қазақстан облысы

15

16

Шығыс Қазақстан облысы

16

17

Шымкент қаласы

17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады