"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығымен бекітілген |
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысы (бұдан әрі – Жарғы) өртке қарсы қызмет гарнизондарында қызметті ұйымдастыру және жүзеге асырудың негізгі ережелерін айқындайды.
2. Осы Жарғы гарнизон қызметін ұйымдастыру бойынша талаптар бөлігінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (бұдан әрі – МӨҚҚО) жеке құрамына, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мен ерікті өртке қарсы құралымдар жұмыскерлеріне қолданылады.
3. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Бастықтарға қатардағы сондай-ақ құрметтер көрсету осы Жарғыға 2-қосымшаға сәйкес Бастықтарға қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды таныстыру жүзеге асырылады.
5. Осы Жарғыда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) күштер мен құралдардың әзірлігі – оларға осы Жарғымен жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ететін гарнизондардың, бөлімшелердің, қарауылдардың, өртке қарсы қызметтің кезекші ауысымдарының, өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары;
2) гарнизондық қызмет – өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелері жеке құрамының өртті сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, бөлімшелердің шұғыл, авариялық және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да қызметтермен (бұдан әрі тіршілікті қамтамсыз ету қызметтері) өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдарын бірыңғай білікті басқаруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын қызмет;
3) қарауыл қызметі – өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін күштер мен құралдарды тұрақты әзірлікте ұстау үшін бөлімшелердің кезекші қарауылдарында және кезекші ауысымдарында ұйымдастырылатын қызмет;
4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет күштері мен құралдары – жарақтануындағы МӨҚҚО жеке құрамы, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет органдарының және ерікті өртке қарсы құралымдарының қызметкерлері, өрт сөндіру техникасы, басқару және байланыс құралдары, өрт сөндіргіш заттар мен басқа да техникалық құралдар;
5) қарауыл - негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің бөлімшелерінен (бөлімшеден) тұратын өртке қарсы қызметтің негізгі тактикалық бөлімшесі міндеттерді өзінің тактикалық мүмкіндіктеріне сәйкес дербес шешуге қабілетті;
6) кезекшілік ауысым – кезекшілік бойы сол бөлімшенің өрт сөндіру және басқа да арнайы техникасын пайдаланып, қарауыл қызметін жүзеге асыратын мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамы;
7) кезекшілік – өртті сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысуын, күнделікті қызметте белгіленген жұмыс тәуліктерінің ішінде үздіксіз кезекшілікті жүзеге асыруды қоса алғанда қарауыл (кезекші ауысым) қызметі жеке құрамының қызмет өткеру кезеңі;
8) шығу кестесі – астанада, республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында және облыстық маңызы бар қалаларда өртті сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың құрамын айқындайтын құжат;
9) күштер мен құралдарды тарту жоспары – аудан деңгейінде өртті сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың құрамын айқындайтын құжат;
10) бөлімшелердің шығу ауданы – шығу кестесімен бөлімшелердің өртке шығуы бойынша бірінші кезектегі бағыты көзделген аумақ;
11) өрттің нөмірі (рангі) – шығу кестесінде өртті сөндіруге тартылатын гарнизонның күштері мен құралдарының қажет құрамын айқындайтын өрт күрделігінің шартты белгісі;
12) жедел ахуал – міндеттер мен оны орындау сипатына әсер ететін бөлімшенің шығу ауданындағы жағдайлардың және шарттардың жиынтығы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қалалық және аудандық гарнизондар тиісті аумақтық өртке қарсы қызмет гарнизондарының құрамына кіреді.
7. Гарнизондық және қарауылдық қызметтерін басқару дара басшылық негізінде жүзеге асырылады:
аумақтық гарнизондарда – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) бастығы);
қалалық гарнизондарда – Департаменттің қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының (Бөлімінің) бастықтары;
аудандық гарнизондарда – Департаменттің аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының (Бөлімінің) бастықтары.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен..8. МӨҚҚО қызметкері:
қызметкерлер арасында өзара қарым-қатынас бұзылған жағдайда бұл туралы тікелей бастығына егер оның әрекетсіздігі жағдайында – аға бастыққа баяндай отырып, тәртіпті орнатуға шаралар қабылдайды;
жергілікті өкілдер мен атқарушы органдардың, лауазымды тұлғалар мен басқа да органдардың және қоғамдық бірлестіктердің заңсыз іс-әрекеттері кезінде мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары мен сотқа жүгінеді;
қызметтік және жеке мәселелері бойынша тікелей өз бастығына және оның рұқсатымен жоғары тұрған бастыққа, оның әрекетсіздігі жағдайында – аға бастыққа жүгінеді;
Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтайды, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жарғыларының, нұсқауларының, бұйрықтарының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындайды;
антқа адалдық сақтайды;
өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін, өзінің үйренгенін және кәсіби шеберлігін үнемі шыңдайды;
өзіне сеніп тапсырылған өрт-техникалық жарақтары (бұдан әрі – ӨТЖ) мен өрт сөндіру техникаларын пайдалануға тұрақты әзірлікте ұстайды, мемлекеттік мүліктерді және басқа материалдық құндылықтарды қорғайды;
жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларды сақтайды;
басқа қызметкерлердің құқығын, еркіндігін, намысы мен ар-ожданын сыйлайды, бастықтар мен аға лауазымдық тұлғаларға тәртіпті сақтауға көмектеседі;
мемлекеттік құпияларды қатаң сақтайды;
арнайы киімдерді және жеке қорғау құралдарын мақсаты бойынша пайдаланады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Гарнизондық қызмет 1-параграф. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру және өткеру
9. Гарнизондық қызметтің негізгі міндеттері:
өрт сөндіруге гарнизонның күштері мен құралдарын тиімді пайдалану үшін қажетті жағдай жасау;
гарнизонның күштері мен құралдарын басқарудың бірыңғай жүйесін құру;
шұғыл және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
жалпы гарнизондық іс-шараларды ұйымдастыру және оны жүргізу болып табылады.
10. Негізгі міндеттерді орындау үшін гарнизондық қызмет мыналарды жүзеге асырады:
гарнизондық күштері мен құралдарының жай-күйін есепке алуды және бақылауды;
өрт сөндіру үшін гарнизонның күштері мен құралдарын қолдануды, оның ішінде күштер мен құралдарын тарту тәртібін жоспарлауды, шығу кестесі мен регламенттеу құжаттарын әзірлеуді;
гарнизонның жеке құрамын, оның ішінде гарнизонның тактикалық-арнайы дайындық, гарнизондық өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, жарыстар, жиындар және гарнизондық іс-шаралар жүргізу арқылы қамтамасыз етуді;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде байланысты ұйымдастыруды, өртке қарсы қызметті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құруды;
шақыруды қабылдау және тіркеу жүйелерінің жұмыс істеу жарамдылығын қамтамасыз етуді;
гарнизон бөлімшелерінің қызмет өткеруден бос жеке құрамын ірі өрттерді сөндіруге және төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - ТЖ) салдарын жоюға тартуды жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдарды өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін пайдалану осы Жарғыға 3-қосымшаға сәйкес өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесімен, ал ауылдық жерлердің аудандарында осы Жарғыға 4-қосымшаға сәйкес аудандағы өртті сөндіруге күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарымен (кестесімен) регламенттеледі, оларды гарнизон бастығы әзірлейді, жергілікті атқарушы орган бекітеді және тиісті аумақтық басқару органы бастығының бұйрығымен жарияланады.
12. Шығу кестесіне Министрліктің білім беру ұйымдары енгізілуі мүмкін. Білім беру ұйымының жеке құрамы оқу жоспарында көзделген уақыт шегінде гарнизон бөлімшелерінде қарауыл қызметін атқаруға осы мақсат үшін тартылады. Оқу-жаттығу өрт сөндіру бөлімдері, білім беру ұйымдары гарнизон қызметін атқарады. Онда қарауылдық қызмет ұйымдастырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Ерекше өртке қарсы режим кезінде гарнизон қызметін ұйымдастыру
13. Өрт қауіптілігінің күрделенуі жағдайында, сондай-ақ жедел өрт ахуалының немесе ТЖ туындауының өршуі кезінде өртке қарсы ерекше режим белгіленген кезде гарнизон бастығының өкімімен бөлімшелер қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшеді.
14. Қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшкен кезде мына іс-шаралар жүзеге асырылады:
әзірленген графикке сәйкес бөлімшелердің басшы және жеке құрамы тәуліктік кезекшілікті ұйымдастырылады;
тәулік сайын қызмет өткеруді және объектілердің өрт қауіпсіздігі жай-күйін қосымша күндізгі және түнгі тексеруді жүзеге асырады;
резервтік техникалар есебі жүргізіледі, жеке құраммен кезекші қарауылдар (кезекші ауысымдар) толық жасақталады, қызмет өткеруден бос жеке құрамды жинау (қажеттілігі кезінде) ұйымдастырылады;
қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшкен жеке құрам арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
қалыптасқан жағдайларды есепке ала отырып, гарнизон бөлімшелерінің күштері мен құралдарын қайта орналастыру жүргізіледі;
тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл тәртібі нақтыланады;
жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрі – ЖЖМ) және өрт сөндіру құралдарының қажетті қосымша резерві жасалады.
3-параграф. Гарнизонның лауазымды тұлғалары
15. Гарнизонның лауазымды тұлғалары:
гарнизон бастығы;
гарнизон бастығының орынбасары;
жедел кезекші;
гарнизон аға диспетчері, диспетчер;
газтүтіннен қорғау қызметінің бастығы;
техника қызметінің бастығы;
байланыс қызметінің бастығы болып табылады.
4-параграф. Гарнизон бастығы
16. Гарнизон бастығы гарнизон және қарауыл қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
17. Гарнизон бастығы:
гарнизон қызметін ұйымдастырады және бақылайды;
жоғары дәрежелі, резонанстық және 3 және одан да көп адамның қаза болуымен байланысты өрттерге, авариялар мен дүлей зілзалаларға гарнизондық қызметті ұйымдастыру туралы бұйрыққа сәйкес шығады;
өрт сөндіруге басшылық етеді;
өртке қарсы сумен жабдықтаудың, байланыстың, жедел бөлімшелерінің тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріндегі бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
қызметтік тәртіпті және жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін ұстайды;
гарнизондық және қарауыл қызметтерін ұйымдастыру, оның ішінде гарнизон шекарасын белгілеу бойынша шешім қабылдайды, шығу кестесін жергілікті атқарушы органдарға бекітуге енгізеді;
гарнизон қызметін міндеттерін орындауға қажет мәліметтер мен жедел ақпаратты сұрайды;
гарнизон бөлімшелерінің әзірлігін тексереді;
ірі өрттер, жедел өрт жағдайының күрделенуі немесе ерекше жағдайлар туындаған кезінде, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелерін көшіруді ұйымдастырады;
Министрлікке ерекше айрықшаланған қызметкерлер мен азаматтарды мемлекеттік наградалармен наградтау және құрмет атақтарын беру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-параграф. Гарнизон бастығының орынбасары
18. Гарнизон бастығының орынбасары:
гарнизонда өрт-тактикалық дайындықты ұйымдастырады;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің әзірлігін тексереді;
өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқауларды, жарыстарды және жалпы гарнизондық іс-шаралардың өткізілуін жүзеге асырады;
гарнизонда өрт сөндіру депосының ғимаратын ұстауды бақылайды;
жоғары дәрежелі, резонанстық және 3 және одан да көп адамның қаза болуымен байланысты өрттерге, авариялар мен дүлей зілзалаларға гарнизондық қызметті ұйымдастыру туралы бұйрыққа сәйкес шығады;
өртке гарнизон бастығы келгенге дейін өртке басшылық етеді;
негізгі, арнайы және қосалқы техниканың, жеке құрамның көп санын талап ететін ықтимал авариялармен және жарылыстармен ұштасатын жұмыс объектілерінің ең маңызды және күрделі жедел тактикалық қатынастағы тізбесін (бұдан әрі – объектілер тізбесі) айқындайды;
гарнизон қызметін міндеттерін орындауға қажет мәліметтер мен жедел ақпаратты сұрайды;
ірі өрт кезінде, күрделі жедел өрт жағдайларында немесе айрықша жағдай туындағанда өрт сөндіру мемлекеттік мекемелерінің бөлімшелерін қайта орналастыру бойынша ұсыныс енгізеді;
гарнизонда қолда бар резервтік өрт сөндіру техникасы есебінен бөлімшелердің есептобындағы өрт сөндіру техникалары құрамын түзетеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-параграф. Жедел кезекші
19. Жедел кезекші:
гарнизондағы жедел жағдайларды біледі, қызмет өткеру кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға, оның ішінде оқиға болған жерге шығумен шаралар қабылдайды;
гарнизон және қарауыл қызметтерін өткеруге бақылауды қамтамасыз етеді;
гарнизондық іс-шаралардың дайындығын қамтамасыз етуге және оларды өткізуге өзі қатысады;
жарылу қаупі бар және күшті әсер ететін улы заттар (КӘУЗ) бар объектілердің тізбесі туралы ақпаратты біледі;
өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтарды ұйымдастырады және оларды өзі өткізеді, кәсіби, арнайы-тактикалық және өзге де даярлық түрі бойынша сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді;
тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
өрт сөндіру автомобильдері мен өзге де техникаларын өрт сөндіру есептобына уақтылы жеткізуді бақылайды;
өртке, авариялар мен дүлей зілзала орындарына шығады, өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге басшылық етуді қабылдайды;
газтүтіннен қорғау қызметі (бұдан әрі – ГТҚҚ) бөлімшелері мен буындары жеке құрамының тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге дайындығын, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (бұдан әрі - ТАОЖҚҚ) техникалық жай-күйін, газтүтіннен қорғаудың бақылау бекеттері мен базаларын ұстауды бақылайды;
бөлімшелерде қарауыл қызметінің өткерілуін тексереді, кәсіби, тактикалық-арнайы даярлық бойынша сабақтардың жүргізеді;
гарнизондағы жедел ахуалдың жай-күйі туралы қажет ақпарат сұрайды;
кезекшілік кезінде бөлімшелердің басшыларына (қарауыл бастықтарына) және гарнизонның лауазымды адамдарына өз құзыреті шегінде, гарнизон және қарауыл қызметінің мәселелері бойынша, оның ішінде өрт сөндіру техникаларының уақытша орын ауыстыруы туралы, кейіннен гарнизон бастығына баяндай отырып, өкім береді;
жоғары тұрған басшылыққа бірден баяндай отырып, кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда қатардағы және басшы құрамды кезекшілікті өткеруден дереу шеттетеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-параграф. Гарнизон аға диспетчері (диспетчер)
20. Гарнизон диспетчері:
Гарнизондағы жедел өрт жағдайы, өрт сөндіру бөлімдерінің орналасуы мен шығу аудандары, өрт туралы бірінші хабарлама бойынша жоғары шақыру нөмірі бойынша бөлімшелер жіберілетін объектілердің тізбесі, сусыз аудандар (учаскелер), қарауылдардың техникалық қару-жарақтары мен тактикалық мүмкіндіктері, өрт сөндіргіш заттардың негізгі қорларының орналасқан жері, сондай-ақ өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің (күштері мен құралдарының) орналасқан жері туралы ақпаратты иеленеді;
байланыс құралдарының, жазу және ақпараттық аппаратураның, гарнизонның автоматтандырылған жұмыс орнының (бұдан әрі – АЖО) (бар болса) жұмысын бақылайды және олардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
"101" нөмірімен телефон желісі байланысы арқылы өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шақыру туралы хабарламаларды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады;
шығу кестесіне (күштер мен құралдарды тарту жоспарына) сәйкес гарнизонның күштері мен құралдарын, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасау қызметтерін жібереді;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың барлық қабылдаған шешімдерін тіркеуді жүзеге асырады;
гарнизон бөлімшесі қарауылдарының, бөлімшелерінің орын ауыстыруын қамтамасыз етеді;
осы Жарғыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімшелерді күштері мен құралдарының болуы туралы мәліметтерді жинақтайды және гарнизонның саптық жазбасын гарнизон бастығының орынбасарына бекітуге ұсынады;
гарнизон бөлімшелерімен және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен тәулігіне 2 реттен кем емес байланыстың болуын тексереді;
гарнизонның лауазымды адамдарына бөлімшенің шығуы және олардың жұмыс орнындағы жағдайы туралы хабар береді;
гарнизон бастығының орынбасарына және жедел кезекшіге жедел ахуалдың өзгеруі туралы келіп түскен мәліметті баяндайды, сондай-ақ бұл туралы гарнизонның бөлімшелеріне хабар береді;
гарнизонның жедел кезекшісінің және лауазымды адамдарының ақпараты мен өкімін гарнизон бөлімшелерінің назарына жеткізеді, сондай-ақ осы Жарғыға 6, 7-қосымшаларға сәйкес қызметтік құжаттаманы жүргізеді;
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады және оны Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі - СДТТБТ) "Ақпараттарды тіркеу кітабына" (бұдан әрі – АТК) енгізеді;
СДТТБТ АТК-да тіркелген хабарламалар туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар басқармасының (бөлімнің) бастығына, кезекші анықтаушыға хабарлайды;
басшылықтың (анықтаушының) нұсқауы бойынша өрт сынау зертханасының маманын жібереді;
Қағидаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпараттық жүйеге қолжетімділік болмаған кезде акт жасайды;
гарнизон бөлімшелеріндегі күштер мен құралдардың бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы ақпарат білуі тиіс;
бөлімшелердің шығу аудандарында өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының, оның ішінде олардың өрт сөндіруге қатысуы жеткіліксіз болса, қарауылдардың сабаққа шығуын, өрт-техникалық міндеттерді шешуге жол бермейді (жедел кезекшінің келісуінен кейін);
өз құзыреті шегінде гарнизонның лауазымды тұлғаларынан гарнизондағы жедел ахуалды қиындататын анықталған бұзушылықтарды жоюды талап етеді және гарнизон бөлімшелері арасындағы радиоалмасудың дұрыс жүргізілуін бақылайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-параграф. Газтүтіннен қорғау қызметінің бастығы
21. ГТҚҚ бастығы:
ГТҚҚ-қа басшылық жасайды, оның қызметін бақылайды және талдайды, олардағы іс-шараларды көрсете отырып, оны жетілдіру жөніндегі шолулар мен ақпараттар әзірлейді;
өрт сөндіру мемлекеттік мекемелері бөлімшелері мен газтүтіннен қорғаушылардың ТОАЖҚҚ-да жұмыс істеуге даярлық деңгейі туралы ақпаратты біледі;
ГТҚҚ күштері мен құралдарының есепке алуды жүзеге асырады;
ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінің сенімді жұмысын, оқу-жаттығу кешендерінің (түтін камерасы, жылу түтін камерасы және басқалар) тұрақты әзірлігін, ТОАЖҚҚ дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;
бөлімшелерге ГТҚҚ қызметін ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
ТОАЖҚҚ пайдалану және қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етеді;
газтүтіннен қорғаушылардың арнайы алғашқы оқуын, ГТҚҚ аға шеберлерін (шеберлерін) даярлауды жоспарлауға және қамтамасыз етеді;
өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі мен қалалар және объектілердің авариялық-құтқару қызметтері (газдан құтқару, таукен құтқару және т.б.) арасындағы келісімдермен айқындалатын өзара іс-қимылды пысықтау жөніндегі практикалық сабақтарды ұйымдастырады;
ГТҚҚ жарақтандыру үшін қосымша техникалық ресурстардың қажеттілігін айқындайды;
өрт сөндіру бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелері оқу-жаттығу кешенін (түтін камера, жылу түтін камера және т.б.) пайдалану кестесін әзірлейді, олардың оқуға даярлығына, сондай-ақ сабақ беру жетекшілерінің оны өткізуге даярлығына тиісті бақылауды қамтамасыз етеді;
бөлімшелерде ГТҚҚ бөлігінде қызмет өткеруді тексереді;
басқару органдары мен өрт сөндіру мемлекеттік мекемелері бөлімшелеріндегі ГТҚҚ жай-күйі жөнінде қажетті ақпаратты сұратады;
жұмыс ережесін бұзған газтүтіннен қорғаушыларды, сондай-ақ ТОАЖҚҚ жұмыс істеуге рұқсаты жоқ адамдарды ТОАЖҚҚ-дағы жұмыстан шеттетеді.
9-параграф. Техникалық қызмет бастығы
22. ТҚ бастығы:
бөлімшелердің жарақтануындағы өрт сөндіру техникасы мен оны пайдалану жөнінде нормативтік құжаттардың тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты біледі;
ТҚ жұмысына басшылық етеді, өрт сөндіру техникасының, ӨТЖ мен жабдықтарының, өрт сөндіру құралдарының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-әрекетті жүргізуге дайындығы бөлігінде гарнизон және қарауыл қызметін өткеруін бақылауды қамтамасыз етеді;
өрт сөндіру техникасының жұмысын талдайды, оның техникалық жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және оларды жүзеге асырады, оның ішінде өрт сөндіру техникаларын, ӨТЖ және жабдықтарын, бөлімшелердегі өрт сөндіру құралдарын сынаудан өткізуді бақылайды;
өрт сөндіру техникасының жол-көлік оқиғаларына шығады;
бөлімше басшыларына ТҚ ұйымдастыруда, өрт сөндіру техникаларын, ӨТЖ және жабдықтарын, өрт сөндіру құралдарын жөндеуде және пайдалануда практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды;
өз құзыреті шегінде ТҚ бөлімшелерінің, жеңқұбыр базаларының және өрт сөндіру техникасының диагностикалық бекеттерінің жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады;
лауазымды тұлғалардан ТҚ бөлігінде осы Жарғының және өзге нормативтік актілер талаптарының орындалуын талап етеді;
өрт сөндіру мемлекеттік мекемелері бөлімшелерінде ТҚ жағдайы туралы қажетті ақпаратты сұратады;
ТҚ бөлігінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге өтінімді келіседі.
10-параграф. Байланыс қызметінің бастығы
23. БҚ бастығы:
байланыс құралдарының әзірлігі мен оны пайдалану бөлігінде гарнизон және қарауыл қызметін өткеруін бақылауды қамтамасыз етеді және оның жұмысын талдайды;
қазіргі заманғы байланыс құралдарын игеру бойынша сабақтар ұйымдастырады және өзі өткізеді, БҚ озық тәжірибелерін таратады;
бөлімшелердің байланыс құралдарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты біледі, ТҚ, байланыс құралдарын жөндеуді және пайдалануды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды;
гарнизонда радиоалмасудың орындалуын талап етеді;
басқару органдары мен өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі бөлімшелеріндегі байланыс қызметінің жай-күйі туралы қажетті ақпараттарды сұратады;
өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі бөлімшелерінің басшыларына байланыс жұмысын жақсарту мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;
байланыс құралдарына және пайдалану-шығыс материалдарына өтінімдерді келіседі.
3-тарау. Қарауылдық қызмет 1-параграф. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру және өткеру
24. Министрліктің барлық аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қарауылдарының жеке құрамымен ауысымдардың (қарауылдардың) бірыңғай реттік нөмірлерімен, тәулік бойы 4 ауысымды режимде кезекшілікті жүзеге асырады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Бөлімшелердегі қызметтік құжаттаманы осы Жарғыға
7-қосымшаға сәйкес қызметті ұйымдастыру, дайындық және өрт сөндіру бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің регламенттік құжаттарының тізбесіне сәйкес жүргізуді қамтамасыз етеді.
26. Қарауылдық қызметтің негізгі міндеттері:
кезекшілік кезінде қарауылдардың (кезекші ауысымдардың) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды жүргізуге тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
өртке қарсы сумен жабдықтаудың, байланыс құралдарының, шығу ауданына өту жолдарының жарамды күйін бақылау;
бөлімшенің шығу ауданында өртке қарсы сумен жабдықтаудың орналасқан жерлерін зерделеу, сондай-ақ жедел-тактикалық қатынастағы объектілерді зерделеу;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамының тәртібін жоғары деңгейде ұстау;
гарнизон бөлімшелерімен, қаланың (ауданның, объектінің) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен сенімді байланыс ұстау;
бөлімшенің үй-жайлары мен аумағын күзетуді қамтамасыз ету, оларда қажет тәртіпті ұстау, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Қарауылдық қызметті өткеру жеке құрамнан осы Жарғының барлық талаптарын нақты сақтауды, қырағалықты, батылдықты және қисынды бастамашы болуды талап етеді.
28. Қарауылдың жеке құрамы (кезекші ауысым) қарауылдық қызметін мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі күн тәртібіне сәйкес өткереді.
Бұл ретте:
арнайы-тактикалық дайындық, кәсіби қызметтік және дене даярлығы жоспарларына сәйкес қамтамасыз етіледі;
шығу ауданын жедел-тактикалық жағдайын зерделеу ұйымдастырылады;
тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен байланыстың болуын, сондай-ақ бөлімшенің шығу ауданындағы су көздерінің жағдайына, көшелерге, өтетін жолдар мен ғимараттарға кіреберіс жолдарына бақылау жүзеге асырылады;
жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіруге және ТЖ салдарын жоюға бөлімшенің қарауылдық қызметтен бос жеке құрамын тарту іс-шаралары әзірленеді;
бөлімшелерде шаруашылық жұмыстары орындалады;
қарауылдық қызмет міндеттерін орындауға қажетті басқа да іс-шаралары жүзеге асырылады.
29. Түнгі уақытта қарауыл (кезекші ауысым) жеке құрамының демалысы жүзеге асырылады.
30. Қарауылдық қызметті өткеруге өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде арнайы бастапқы даярлықтан өтпеген, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларынан сынақ тапсыра алмаған адамдар, арнайы дыбыстық және жарық сигналдарымен жабдықталған көлік құралдарын басқару құқығы бойынша оқытудан өтпеген жүргізушілер, сондай-ақ ауру және есірткі немесе алкогольді мас күйдегі адамдар жіберілмейді.
31. Қарауыл жеке құрамының саны бөлімшенің штатымен анықталады, бөлімше қарауылдарының жеке құрамымен, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке бөлімшелері құрамымен көбейтілуі мүмкін.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Қарауылдың лауазымды адамдары
32. Қарауылдың лауазымды адамдары:
қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы), өрт сөндіру кемесі (корабльдің) командирінің (капитан) көмекшісі;
бөлімше командирі;
өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі;
бөлімнің байланыс пунктінің диспетчері (радиотелефонист);
аға өрт сөндіруші (өрт сөндіруші) болып табылады.
3-параграф. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы)
33. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) қарауылдың (кезекші ауысым) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және бөлімше басшысына бағынады.
34. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы):
жеке құрамның қарауылдық қызметін өткеруді бақылайды және ұйымдастырады, оның ішінде ішкі наряд адамдарының кезекшілікті өткеруін тексереді;
кезекшілік кезінде қарауылдың жеке құрамының дайындық жоспарын орындауын қамтамасыз етеді және сабақты жеке өзі өткізеді;
өрт сөндіру техникасының, ӨТЖ және жабдықтарды, өртсөндіргіш заттарды өрт сөндіру бойынша іс-қимылдарды жүргізуге әзірлікте ұстау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, сондай-ақ бөлімшенің шығу ауданындағы өрт сөндіру гидранттарының, су айдындарының, өтетін жолдардың, кіре беріс жолдардың жай-күйін бақылайды;
жеке құрамның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидаларын орындауды, сондай-ақ қарауылдың жеке құрамының тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді;
ТАОЖҚҚ ТҚ көрсетуін (№ 1, 2-тексеру) және ГТҚҚ құжаттарының дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
күн тәртібінде көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және түнгі мезгілде балалар және емдеу мекемелерінде, түнгі объектілерде адамдардың болуы туралы деректер жинауды бақылайды;
Осы Жарғының 90-тармағында көрсетілген, бұған құқығы бар тұлғалардан басқа бөгде тұлғалар қызметтік үй-жайларға жіберілмейді;
қарауыл қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттарды әзірлейді және түзетеді;
өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарына шығады және кезекші қарауылдың әрекеттеріне басшылық етеді;
өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, аса маңызды объектілердің (цехтардың) және су көздерінің орналасуын, сондай-ақ бөлімшедегі қолда бар өрт сөндіру техникасы мен байланыс құралдарының сипаттамаларын біледі;
шығу ауданындағы жедел ахуалдың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты сұрайды, қарауылдық қызметті ұйымдастыру жөніндегі өкімдік және басқа құжаттармен танысады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына):
осы Жарғыда көзделген жағдайлардан басқа бөлімшенің орналасқан жерінен кетуге;
қарауылдық қызметті өткерумен байланысты жағдайлардан басқа қарауыл құрамынан біреуді ауыстыруға, жіберуге;
осы Жарғыда көрсетілген жағдайлардан басқа өрт сөндіру автомобильдерін өрт сөндіру есептобынан шығаруға болмайды.
36. Кемінде арнайы орта білімі көлемінде даярлығы, өрт сөндіру бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және ерекше жағдайларда бөлімшенің аса даярланған командиріне, қарауылды (кезекші ауысым) бастап өздігінше кезекшілік атқаруға жіберілген орта немесе жоғары басшы құрамның тұлғаларына ғана қарауыл бастығын (кезекші ауысым басшысын) ауыстыруға рұқсат етіледі.
37. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) кенеттен ауырып қалған жағдайда, бөлімше басшысы (жедел кезекші), оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу туралы шешім қабылдайды. Қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) міндеті, бөлімше басшыларының біріне немесе басқа даярланған лауазымды тұлғаға жүктеледі.
4-параграф. Бөлімше командирі
38. Бөлімше командирі:
қарауыл ауысқанда бекітілген өрт сөндіру техникасын, ӨТҚ мен жабдықтарды, үй-жайларды, мүкәммал мен мүліктерді қабылдауды қамтамасыз етеді;
бөлімшенің жеке құрамына оқыту жүргізеді және қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына) кезекшілік кезінде даярлық жоспарын орындауға көмектеседі;
бөлімше жеке құрамының өрт сөндіру-саптық дайындық бойынша нормативтерді орындауды қамтамасыз етеді;
бөлімшеге бекітілген өрт сөндіру автомобилінде ТАОЖҚҚ ұстау тәртібін бақылайды;
бөлімнің шығу ауданын, су көздерінің және аса маңызды объектілердің (цехтардың) орналасқан жерлерін, сондай-ақ бөлімшедегі қолданыстағы өрт сөндіру автомобильдері мен басқа да өрт сөндіру техникаларының тактикалық-техникалық сипаттамаларын біледі;
бекеттерге, шолғыншыларға, ішкі нарядта және өрт сөндіру есептобына тағайындалған өрт сөндірушілерді даярлайды, олардың қызметтік міндеттерін білуін, құрал-жабдықтар мен жауынгерлік киімдерін дайындауын тексереді;
қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына) қарамағындағылардың аурулары, шағымдары мен оларға бекітілген ӨТҚ мен жабдықтардың жоғалуы немесе ақаулығы жөнінде өтініштері туралы баяндайды.
5-параграф. Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі
39. Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі:
оған бекітілген өрт сөндіру автомобилінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидатын, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен өту жолдарын біледі;
жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындайды және бөлімнің жарақтануында бар барлық типті өрт сөндіру автомобильдерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара алады;
барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ арнайы автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей біледі, өрттерде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іс-қимыл жүргізу жағдайларында олардың техникалық және тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалана біледі;
қызмет өткеру, өрт сөндіру автомобильтерін пайдалану, оларды жөндеу және ТҚ барысында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын орындайды;
ұйқыға жатқанға дейін қарауыл ішкі наряд адамдарының міндеттерін орындайды;
бекітілген техникалардың барлық ақаулықтары туралы бөлімше командиріне баяндайды және оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдайды.
40. Өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен оған бекітілген өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу құқығына куәлігі жоқ жүргізуші кезекшілікке жіберілмейді.
41. Жүргізушіге басқа адамдарға, өзі бағынатын адамдарды адамдарды қоса алғанда көлік құралдарын басқаруға беруге және өрт сөндіру автомобилінің оталдыру құлпында оталдыру кілтін қалдырып кетуге тыйым салынады.
6-параграф. Бөлімнің байланыс пунктінің диспетчері (радиотелефонист)
42. ББП диспетчері (радиотелефонист):
ББП барлық қолда бар техникалық байланыс құралдарына келіп түскен өрт, ТЖ туралы хабарламаларды дәл қабылдауға, беруге және тіркеуге және ақпаратты өңдеуге, шақыру орнына қарауылдың (бөлімшелердің) кезекшілерін уақытында және дұрыс жібереді;
кезекші қарауылдың (бөлімшелердің) өртке, басқа ТЖ орнына жіберілгені туралы Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына (бұдан әрі –КҚЖБО) және бөлімше басшыларына уақтылы баяндама жүргізеді;
ББП техникалық құралдар мен жабдықтарды сақталуына және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. ББП диспетчері (радиотелефонист):
ББП жедел-қызметтік құжаттамасын, оны жүргізу ретін, ББП диспетчерінің (радиотелефонист) қызметін регламенттейтін, басшылыққа алатын құжаттарды;
бөлімшенің шығу ауданы мен жедел ахуалды, сондай-ақ көшелер мен өту жолдарын;
бірінші хабарлама жоғары ранг бойынша бөлімшелер жіберілетін объектілерді;
жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкалары жасалған объектілердің тізбесін;
маңызды, өрт және жарылыс қауіпті объектілердің орналасқан жерін, өртке қарсы сумен жабдықтауды, суы жоқ учаскелерді;
бөлімшенің жарақтануындағы өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жарақтар мен жабдықтардың тактикалық-техникалық сипаттамасын;
кезекші қарауылдардың өрт сөндіру машиналарындағы тактикалық мүмкіндіктерін;
байланыс техникалық құралдарының басқару элементтері мен ақпаратты өңдеу, сондай-ақ ББП-ға орнатылған басқа жабдықтардың техникалық сипаттамасын, жұмыс істеу қағидатын;
бөлімшелер мен басшы құрамның шақырту белгілерін біледі;
жеке құрамды құлақтандыру және жинау схемаларын пайдалану.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. ББП диспетчері (радиотелефонист):
1) кезекшілікке түскен кезде:
ББП құжаттаманы, мүлікті және техникалық құралдарды тізімдеме бойынша қабылдайды;
ББП техникалық құралдардың, резервті қоректендіру көздерінің болуын, тазалығын, жай-күйін және жарамдылығын тексереді;
ауысатын диспетчерден (радиотелефонистан) ағымдағы шығулар, сондай-ақ бөлімше басшылығының өкімдері мен нұсқаулары туралы мәліметтерді алады;
2) кезекшілік кезінде:
қарауылдың бастығынан (кезекші ауысым басшысынан) күштер мен құралдар (жеке құрамның, өрт техникасының, өртсөндіргіш заттары мен ЖЖМ саны) туралы мәлімет алады;
байланыс құралдары мен техникалық жабдықтардың ақаулықтары туралы мәліметті осы Жарғыға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс құралдарын қабылдау-тапсыру журналына енгізеді;
өзара іс-қимыл жасау қызметтерімен байланыс ұстайды және өрт болған жағдайда немесе ТЖ аудандарына жібереді;
осы Жарғыға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуліктің түнгі мезгілінде балалар, емдеу және басқа да мекемелерде болатын адамдарды есепке алу журналын жүргізеді;
телефон арқылы барлық қоңырауларға дереу "Өртке қарсы қызметі" деп жауап беруге, ал ішкі телефонға өзінің лауазымы мен тегін атайды, мысалы: "диспетчер (радиотелефонист) Ахметова";
өту жолдарының жабылуы, өртке қарсы сумен жабдықтаудың істен шығуы және жедел ахуалдың өзгерістері туралы ақпарат алған кезде дереу КҚЖБО-дағы кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысы), баяндайды және алынған ақпаратты тиісті журналдарға енгізеді;
қарауылдық қызметті тексеруге құқығы бар лауазымды тұлғалар ББП үй-жайына барған кезде, "Майор мырза. Диспетчер (радиотелефонист) Ахметова" деген нысан бойынша баяндайды;
3) шақыруларды өңдеген кезде:
кезекші қарауылдарының шығу жолдамасында мынадай ақпаратты:
шақыру объектісінің мекенжайы;
объектінің атауы;
объектінің орналасқан жері туралы мәліметтерді;
не және қайда жанып жатқаны (немесе ТЖ туралы басқа мәлімет);
нешінші қабатта (немесе жертөледе) жанып жатқаны;
ғимараттың қабаттылығы (немесе биіктігі);
адамдарға төнген қатердің болуы;
КҚЖБО диспетчерінің тегін;
ТЖ туралы хабар алынған уақытын, күнін тіркейді және қолын қояды;
КҚЖБО аға диспетчердің (гарнизон диспетчері) басқа нұсқауы болмаса шығу кестесінде көзделген күштер мен құралдарды жіберу туралы шешім қабылдайды;
шешім қабылданғаннан кейін бірден "Дабыл" сигналын береді;
қарауылдың шығу жолдамасын, сондай-ақ өрт сөндіру жоспарын немесе (бар болған жағдайда) карточкасын кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) береді;
4) шығуларды сүйемелдеу кезінде:
өрт немесе басқа ТЖ шыққан кезекші қарауылмен (бөлімшемен) радиобайланыс орнатады және ұстады;
өрт немесе басқа ТЖ туралы ақпаратты қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) шақыру орнына бару кезінде, КҚЖБО аға диспетчеріне (гарнизон диспетчеріне) және бөлімше басшыларына дереу береді;
өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде лауазымды тұлғалармен қабылданатын барлық шешімдерді тіркеуді АЖО-на электронды түрде уақытты көрсете отырып, АЖО болмаған жағдайда осы Жарғыға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімшенің шығуын есепке алу журналына жүзеге асырады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. ББП диспетчеріне (радиотелефонистке):
қызмет өткеруден алаңдауға және қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) рұқсатынсыз және ББП жұмысы үшін дайындалған және рұқсат етілген тұлғаның ауыстыруынсыз ББП-дан кетуге;
қарауылдың өртке немесе басқа ТЖ-ға шығуы кезінде демалуға, телефон бойынша негізгі қызметпен байланысты емес әңгімелерді жеке жүргізуге және оларға жол беруге, радиоалмасу тәртібін бұзуға;
ББП үй-жайына тексерушілерінен, гарнизонның лауазымды тұлғаларынан, бөлімше басшылығынан, қарауыл бастығынан (кезекші ауысым басшысынан), қарауыл бойынша кезекшіден және байланыс құралдарының ТҚ көрсетуі үшін жауапты тұлғалардан басқа бөгде тұлғалардың кіруіне рұқсат етілмейді.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. ББП диспетчері (радиотелефонист) кез келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы өтініштер, шағым хабарламалар және өзге де ақпараттар түскен кезде олардың жасалу уақытына, тергеуде болуына, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан дереу қабылдайды және аталған мәліметтерді АТК-ге тіркейді. Өтініш беруші тікелей жүгінген кезде өтінішті қабылдаған тұлға, оны тіркеу және қарау уақыты көрсетіліп, өтінішті тіркеу туралы құжат (талон) береді.
47. Гарнизонда қабылдаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу кезінде
және АЖО-на ақпаратты өңдеу, осы Жарғының 42-тармағында келтірілген ББП диспетчерінің (радиотелефонистінің) міндеттері осы Жарғының талаптарына қайшы келмейтін құқықтық актілермен регламенттелуі мүмкін.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-параграф. Аға өрт сөндіруші (өрт сөндіруші)
48. Аға өрт сөндіруші (өрт сөндіруші) кезекшілікке түскен кезде:
бекітілген ӨТЖ қабылдайды, бекітілген ТАОЖҚҚ-ға тексеру жүргізеді;
бекеттерде, шолғында және ішкі нарядта қарауыл қызметін өткеру кезінде қарауыл жеке құрамының міндеттерін орындайды;
кезекшілік кезеңінде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтайды;
бөлімшенің үй-жай мүлкіне ұқыпты қарайды, ӨТЖ және жабдықты, жеке құрал-жабдықтарын тазалықта және ұдайы әзірлікте ұстайды;
бөлімшенің шығу ауданындағы жедел ахуалмен танысады.
4-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды, өрт туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
49. Төтенше жағдайлар басқармасының (бөлімінің) бастығы және оның орынбасары өрт қауіпсіздігі саласында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша функцияларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті аумақта жүзеге асыратын, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
50. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары және олардың орынбасарлары мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің дайындығын, сондай-ақ тиісті аумақтағы бақылаудағы объектілердің өртке қарсы жай-күйін бақылауды және тексеруді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, объектілердің өртке қарсы жай-күйі туралы хабардар етеді.
51. Бас маман, аға инженер, инженер өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті аумақта ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
51-1. Аға анықтаушы (анықтаушы) - өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам және анықтау органының бастығына бағынады.
51-2. Аға анықтаушы (анықтаушы):
өрттердің барлық тіркелген жағдайларына барады және тексеру әрекеттерін жүргізеді;
қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес тіркелген өтініш, хабарлама бойынша өз құзыреті шегінде шешім қабылдайды;
қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін, материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жергілікті жерді, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді;
заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі көзделген, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуді бастау және жүзеге асыру, тергеу және басқа да процестік әрекеттерді жүргізу туралы шешім қабылдайды;
соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындайды;
істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды.
51-3. Зерттеу сынау өрт зертханасының бас маманы, аға инженері (инженері):
1) зерттеу сынау өрт зертханасының (бұдан әрі - ЗСӨЗ) бастығына бағынады;
2) ЗСӨЗ аға инженері уақытша болмаған жағдайда осы лауазым бойынша лауазымдық міндеттерді атқару ЗСӨЗ инженеріне жүктеледі;
3) өрттерге барады, оларға зерттеу жүргізеді, зерттелген оқиғалар бойынша қорытындылар дайындайды;
4) зертхананың барлық құжаттамасын, оның дұрыс және уақтылы ресімделуін жүргізеді;
5) өндірістің технологиялық процестерінің өрт қауіпсіздігін зерделейді және бағалайды;
6) өрт бойынша материалдарды өңдейді;
7) өрт қауіпсіздігі саласындағы оқу орындары үшін ақпараттық материалдар дайындау мақсатында өрттерде болып жатқан зерттеулерді, құбылыстарды, өрт шыққан жерлердің салдарын бейне және фототүсірілімді жүргізеді;
8) өрттің шығу себептері туралы қорытынды береді;
9) өртте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтайды,
ЗСӨЗ үй-жайларында және тұрмыста;
10) зертхана жұмысын перспективалық және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады;
11) зерттелген өрттер бойынша материалдардың жинақталуын және өңделуін бақылауды жүзеге асырады;
12) ірі, резонанстық және практикалық қызығушылық тудыратын өрттердің, жарылыстардың сипаттамасын жасайды;
13) зертханалық жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.
5-тарау. Өртке қарсы қызмет жасақтарының, мамандандырылған жасақтар мен өрт сөндіру бөлімдерінің басшылығы
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Өртке қарсы қызмет жасағының бастығы
52. Өртке қарсы қызмет жасағының бастығы өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің басшысына бағынады.
53. Жасақтың бастығы жасақтың құрамына кіретін өртке қарсы қызмет жасағы мен бөлімшелердің барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және:
жасақтың әзірлігіне, кадрларды іріктеу мен орналастыруға, жеке құрамның Әдеп кодексінің нормалары мен тәртіпті сақтауына, заңдылықты, сондай-ақ арнайы-тактикалық даярлықты қатаң және мүлтіксіз сақтауына;
қарауыл қызметін ұйымдастыруға, бөлімшелердің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірлігіне;
жасақтың шаруашылық және қаржы қызметіне, өрт сөндіру және арнайы техниканы, ӨТЖ, байланыс жабдықтары мен құралдарын ұстауға және оның дұрыс пайдаланылуына жауап береді.
54. Өртке қарсы қызмет жасағының бастығы:
өрттерге, авариялардың, дүлей зілзалалардың орындарына шығады және өрт сөндіруге немесе авариялар мен дүлей зілзалалардың салдарын жою бойынша жұмыстарға басшылық етеді;
маңызды объектілердің ғимараттары мен құрылыстарының орналасуы, өрт қауіптілігі, конструктивті ерекшеліктері, өндірістің технологиялық процестерінің өрт қауіптілігі, сондай-ақ жедел өрт ахуалы туралы ақпаратты біледі және оның өзгерістеріне уақытында ден қояды;
өрт сөндіру техникасының тактикалық-техникалық сипаттамасы, өртке қарсы сумен жабдықтаудың және байланыстың жай-күйі туралы біледі;
өрт сөндіру бөлімдері басшылық құрамының іскерлік, адамгершілік-психологиялық қасиеттерін зерделейді және біледі;
жасақтың жеке құрамына басшылық етеді және арнайы-тактикалық даярлық бойынша сабақты жеке өзі жүргізеді, жеке-тәрбиелік жұмысты ұйымдастырады;
жасақтың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шараларды қабылдайды;
қызмет көрсетілетін аудандағы өртке қарсы сумен жабдықтауды, өту жолдарын жақсарту бойынша іс-шараларды жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді.
2-параграф. Өрт сөндіру (мамандандырылған өрт сөндіру, мамандандырылған жасақ, өрт сөндіру бекеті) бөлімінің бастығы
Ескерту. 2-параграф жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
55. Өрт сөндіру бөлімінің (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған жасақтың, өрт сөндіру бекетінің) бастығы өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған жасақтың, өрт сөндіру бекетінің) тікелей бастығы болып табылады және жауап береді:
жеке құрамның әзірлігіне, қарамағындағылардың заңдылықты қатаң және сөзсіз сақтауына, моральдық-психологиялық жай-күйіне, кадрларды іріктеуге және орналастыруға, тәрбиесі мен тәртібіне;
арнайы-тактикалық даярлығына;
қарауыл қызметін ұйымдастыруға, бөлімшелердің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауына және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірлігіне;
бөлімнің шаруашылық және қаржы қызметіне, бөлімнің өрт сөндіру техникасын, ӨТЖ, байланыс құралдарының, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың және қызметтік-тұрмыстық үй-жайларын ұстауға және дұрыс пайдалануға жауап береді.
56. Өрт сөндіру (мамандандырылған өрт сөндіру, мамандандырылған жасақ, өрт сөндіру бекеті) бөлімінің бастығы:
өрттерге, авариялардың, дүлей зілзалалардың орындарына шығады және өрт сөндіруге немесе өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының авариялар және дүлей зілзалалардың салдарын жою бойынша жұмыстарына басшылық етеді;
маңызды объектілердің ғимараттары мен құрылыстарының орналасқан жері, өрт қауіптілігі мен конструктивті ерекшеліктері, өндірістің технологиялық процестерінің өрт қауіптілігі, сондай-ақ жедел өрт ахуалына уақытында ден қояды;
өртке қарсы сумен жабдықталуының, шығу ауданындағы өту жолдарының жай-күйін, гарнизонда бар өрт сөндіру автомобильдерін қолдану қағидалары мен тактикалық-техникалық сипаттамаларын біледі;
жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға, өрт сөндіру (мамандандырылған өрт сөндіру, мамандандырылған жасақ, өрт сөндіру бекеті) бөлімі іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін зерделейді және біледі;
өрт сөндіру (мамандандырылған өрт сөндіру, мамандандырылған жасақ, өрт сөндіру бекеті) бөлімі жеке құрамының, сондай-ақ ГТҚҚ буындарының тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге арнайы-тактикалық даярлығы бойынша сабақты басқарады және жеке өзі жүргізеді;
жеке құраммен жеке-тәрбиелік жұмысты ұйымдастырады, жаңадан қабылданған қызметкерлердің бастапқы даярлығын ұйымдастыруды бақылайды;
қалыптасқан жағдайға байланысты ауданның күзетілуін күшейту бойынша іс-шараларды әзірлейді және қызметтің ұйымдастырылуына түзетулер енгізеді;
қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өндірістік санитария бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, бөлімшелердегі ішкі тәртіпті ұстайды;
ТАОЖҚҚ, байланыс құралдарының, газ түтіннен қорғаушылар жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықтар мен құрал-жабдықтардың жай-күйін, дұрыс сақталуы мен пайдалануын бақылайды;
қарауылдар құрамына кірмейтін өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының жұмыс тәртібі мен режимін белгілейді;
жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, осы Жарғыда көзделген бөлімше құжаттамасын әзірлейді;
қарауылдардың ауысымы (кезекші ауысымы) кезінде жеке қатысады және қызметтік наряд парақтарын тексереді, басшы құрамның сабақты өткізуге дайындығын бақылайды;
өртті, авариялар мен дүлей зілзалалардың салдарын жою кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қала) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
техниканы, ӨТЖ тұрақты әзірлікте ұстауды қамтамасыз етеді, олардың жай-күйі мен ЖЖМ жұмсалуының есебін жүргізуді дүркін-дүркін тексереді;
өрт сөндіру жедел жоспарлары мен карточкаларын әзірлеуді, түзетуді және практикалық пысықтауды ұйымдастырады және жеке қатысады.
3-параграф. Жасақ (бөлім) бастығының орынбасары
Ескерту. 3-параграф жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
57. Жасақ (бөлім) бастығының орынбасарының жұмысы бойынша:
кадрларды іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты, сондай-ақ жасақта (бөлімде)тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысы мен оның жай-күйін ұйымдастыру;
жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі мен тәртібіне;
жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша жұмыстарға;
тактикалық-арнайы, қызметтік және дене дайындығы;
өрт сөндіру техникасын, ӨТҚ, байланыс құралдарын, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды және бөлімнің қызметтік-тұрмыстық
үй-жайларын ұстау және дұрыс пайдалануына жауап береді.
58. Жасақ бастығының орынбасары (өрт сөндіру бөлімінің бастығы) жасақ бастығына (бөлім) бағынады және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.
59. Жасақ бастығының (өрт бөлімі бастығының) орынбасары:
жедел өрт жағдайына уақытында әрекет етеді, жедел-тактикалық қатынаста маңызды объектілердің орналасқан жері, өртке қарсы жағдайы, өрт қауіптілігі және ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік ерекшеліктері, өртке қарсы сумен жабдықтау жағдайы, шығу ауданындағы өту жолдары, пайдалану ережелері және бөлімшенің қарулануында тұрған өрт сөндіру автомобильдерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты иеленеді;
қарауылдық қызметті, бөлім жеке құрамының, сондай-ақ бағынысты өрт сөндіру бекеттерінің күнделікті жұмысын ұйымдастырады және бақылайды және оларға практикалық көмек көрсетеді;
ГТҚҚ бөлімшелері мен буындарының жеке құрамын тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге дайындау бойынша жұмысты басқарады, газ-түтіннен қорғаушылардың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ТОЖҚҚ, байланыс құралдарының, жабдықтар мен жарақтардың жай-күйін, дұрыс сақталуын және пайдаланылуын бақылайды;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, осы Жарғыда көзделген бөлімшенің құжаттамасын әзірлейді;
өрттерге, авариялар, дүлей зілзалалар орындарына шығады және өрттерді сөндіруге немесе авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының жұмысына басшылық етеді;
жеке құраммен тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүргізеді, оны қызметтік міндеттерді табысты шешуге, тұрақты әзірлікте ұстауға, дара басшылық қағидатын нығайтуға бағыттай отырып;
қызметкерлерді тапсырылған іске адал қарауға, саналы тәртіпке, қырағылыққа, жоғары моральдық қасиеттерге, заңдарды, анттарды, бастықтардың бұйрықтарын дәл орындауға, азаматтардың өтініштері мен өтініштеріне сезімтал және мұқият ден қоюға тәрбиелеу бойынша жеке жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
сайысты ұйымдастыруға және өткізуге, озық тәжірибені насихаттауға және таратуға тікелей қатысады, жеке құрамның бастамашылығы мен белсенділігін дамытады;
өрттерге, авариялар, дүлей зілзалалар орындарына шығады, жеке құраммен жұмысты жүзеге асырады, қажет болған жағдайда өрттерді сөндіруге немесе авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі жеке құрамның жұмысына басшылық етеді;
бөлім бастығына жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, әлеуметтік-құқықтық жұмыс және қызметтік тәртіп жағдайы туралы баяндайды.
4-параграф. Жасақ (бөлім) бастығының қызмет жөніндегі орынбасары
Ескерту. 4-параграф алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-параграф. Өрт сөндіру кемесінің (корабльдің) командирі (капитаны)
62. Өрт сөндіру кемесінің (корабльдің) командирі (капитаны) өрт сөндіру бөлімінің (жасағының) бастығына бағынады. Ол өрт сөндіру кемесінің барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына, қызметіне, арнайы-тактикалық даярлығына, тәрбиесі мен тәртібіне, кезекші қарауылдардың өрт сөндіруге әзірлігіне, өрт сөндіру кемесі және кеме механизмдерінің техникалық жағдайына жауапты болады.
63. Командир (капитан) өрт сөндіру кемесін (корабльді) басқаруды дара басшылық негізінде жүзеге асырады. Аға бастықтардың кеме экипажының қызметіне жататын нұсқаулықтары, олардың орындалуына жауапты командирге ғана беріледі.
64. Өрт сөндіру кемесінің (корабльдің) командирі (капитаны):
өрт сөндіру кемесінің жеке құрамын жан-жақты зерделейді, оның іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін біледі;
жеке құрамның арнайы-тактикалық даярлығын ұйымдастырады және өткізеді, күзеттегі акватория ауданын біледі;
кеменің жеке құрамымен ішкі кеме жолдары бойынша жүзу қағидаларын, сондай-ақ кеме инспекциясы мен өзен (теңіз) регистрі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, кемемен болатын оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды өткізеді;
өрт сөндіру кемесінің тактикалық-техникалық, пайдалану сипаттамалары мен материалдық бөлігін біледі және оны үнемі техникалық жарамды күйде ұсталуын қамтамасыз етеді;
метеорологиялық жағдайлар мен өрт сөндіру басшысының нұсқауларын есепке ала отырып, жеке құрамның әрекеттерімен өрттерді сөндіру, авариялар мен дүлей зілзалалардың салдарын жою кезінде кемені басқаруды қамтамасыз етеді;
ішкі тәртіпті ұстау, қызметтік үй-жайларда және кемеде тазалық пен тәртіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталуын қадағалайды;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитария бойынша жұмыстарды жүргізеді.
6-параграф. Өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі
Ескерту. 6-параграф жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
65. Өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізуші өрт сөндіру бөлімінің бастығына және оның орынбасарларына бағынады. Ол бөлімнің барлық жүргізушілер құрамының тікелей бастығы болып табылады және өрт техникасының техникалық жарамдығына, оның дұрыс сақталуына, пайдалануына, уақтылы ТҚ көрсетілуіне және жөнделуіне, жүргізушілер құрамының даярлығына жауапты болады.
66. Аға жүргізуші:
бөлімшенің автомототехника жұмысының болуы мен техникалық жағдайын, сақталу тәртібін, пайдалануын, ТҚ көрсетуін, жөндеуін және есепке алынуын, оның құрылысын, сондай-ақ шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен өту жолдарын біледі;
өрт сөндіру техникасының агрегаттарымен мен жабдықтарымен, байланыс құралдарымен жұмыс істейді;
бөлім жарақтануындағы өрт техникасын пайдалануды, техникалық дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді, оны үнемі әзірлікте ұстайды, оның ТҚ көрсетілуі және жөнделуі жөнінде жұмыстарға жеке басшылық етеді;
жүргізушілерді өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс істеуге, қауіпсіздік техникасы қағидаларына үйретеді және алған білімдерін тексереді;
өрт техникасына арналған пайдалану-техникалық құжаттамасын жүргізеді, жүргізушілердің пайдалану карточкаларын дұрыс ресімделуін, ЖЖМ, қосалқы бөлшектердің және басқа мүліктердің үнемді жұмсалуын қадағалайды;
бөлімнің өрт сөндіру автомобильдерінің техникалық жағдайларын тексереді, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өрт техникасының бұзылулары мен істен шығуы бойынша шаралар қабылдайды, олардың себептері және қабылданған шаралар туралы бөлім бастығына баяндайды;
қажетті қосалқы бөлшектерге, құрал-сайманға, жабдықтарға және ЖЖМ өтінімдерді уақытында ұсынады, олардың дұрыс сақталуын және қолданылуын ұйымдастырады;
гараждарда және өрт техникасы, техникалық мүлік пен ЖЖМ сақталатын орындарда тазалықты, тәртіпен өрт қауіпсіздігі қағидаларын, тәртібін, сақталуын, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуы мен жай-күйін бақылайды.
7-параграф. ГТҚҚ аға шебері (шебері)
67. ГТҚҚ аға шебері (шебері) ГТҚҚ базасы құрылған өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі бөлімшесінің бастығына (жасақтың, өрт сөндіру бөлімі), сондай-ақ гарнизондағы ГТҚҚ бастығына бағынады. Өртке шыққанда өрт сөндіру басшысына бағынып, оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
68. ГТҚҚ аға шебері (шебері):
ГТҚҚ базасының жұмысын ұйымдастырады, ТАОЖҚҚ №3 жылдық тексеру графигін құрады, уақтылы ТҚ көрсету, оларды жөндеу және дезинфекциялау, ауа баллондарын толтыру, бақылау-өлшеу аспаптарын техникалық куәландыру бойынша жұмыстардың сапасын қамтамасыз етеді;
резервті жиынтық базасында ауа баллондары мен ТАОЖҚҚ тексеруге арналған аспаптарды құруды қамтамасыз етеді;
өрт орнына ГТҚҚ жылжымалы базасының жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
күрделі өрттер мен аварияларда баллондардың техникалық жай-күйіне, уақтылы алмастырылуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайларда ГТҚҚ буынын (бөлімшесін) басқарады немесе (бақылау-өткізу пунктінің) қауіпсіздік бекетінде бекетшінің міндеттерін атқарады;
техникалық және есептік құжаттаманы, бекітілген ТАОЖҚҚ және оларға арналған қосалқы бөлшектердің, ГТҚҚ базасының аспаптары мен жабдықтарының есепке алуды жүргізеді;
тыныс алуға жарамсыз ортада ТАОЖҚҚ жаттығудан өтеді.
8-параграф. Ішкі тәртіп
69. Гарнизон бастығы осы Жарғыға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелері қарауылының күн тәртібін белгілейді.
70. Қарауылдың жеке құрамы маусым бойынша нысанды киімде қарауыл қызметін өткереді. Ішкі наряд тұлғаларының бас киімі және тиісті айырмашылық белгілері (тиісті жазбасы бар төсбелгі немесе жеңдегі таңғыш) болуы қажет.
71. Сабақтар мен оқу-жаттығуларға нарядтағы тұлғаларды қоспағанда қарауылдың (кезекші ауысымның) барлық жеке құрамы қатысады.
72. Қарауылдың жеке құрамы қарауыл қызметін өткеру кезінде бөлімшенің қарамағында болады. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) қарауыл қызметін өткеруге байланысты тапсырмаларды орындау үшін ғана жеке құрамның бөлімшеден шығуына рұқсат береді.
73. Жеке құрамның өрттерге, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтарға шығу жағдайларын қоспағанда бөлімшеде белгіленген күн тәртібін орындаудан бас тартуына жол берілмейді.
74. Қарауылдың (кезекші ауысым) жеке құрамы орналасқан қызметтік үй-жайлар түнгі уақытта жарықтандырылады.
75. Қарауылдың қызметтік үй-жайларында және бөлімшенің аумағында жинау, тазалық пен тәртіпті ұстау, сондай-ақ бөлімшенің тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаруашылық жұмыстарды орындау қарауылдың (кезекші ауысымның) жеке құрамына жүктеледі.
76. Өрттен немесе өрт-тактикалық оқу-жаттығулардан, сабақтардан қайтып оралған кезде қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) бақылауы және тікелей қатысуы арқылы кезекші қарауылды және техниканы 10 минут ішінде әзірлікке келтіру жүзеге асырылады. Бұл ретте:
жүргізушілер автомобильдерге ЖЖМ толық құяды (бөлімшеден тыс жанармай құйған кезде бөлімшенің бүкіл жеке құрамы шығады);
қарауылдың өрт сөндіру есептоптарының жеке құрамы, ӨТҚ және жабдықты, өрт сөндіру жеңқұбырлары мен жеке құрал-жабдықтарды ауыстырады, өрт сөндіру автомобильдерін өртсөндіргіш заттармен толықтырады;
қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) техниканы өрт сөндіру есептобына қою және қарауылдың шығуға дайындығы туралы КҚЖБО-ға баяндайды;
жүргізушілер мен жеке құрам өрт сөндіру техникасына ТҚ өткізеді, жеке гигиена шараларын жүзеге асырады.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-параграф. Бөлім аумағына және қызметтік үй-жайларға кіру тәртібі
Ескерту. 9-параграф жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
77. Бөлім аумағына және қызметтік үй-жайларға келесі келген адамдар жіберіледі:
бөлімнің кезекші қарауылының қарауылдық қызметті ұйымдастыруын және өткеруін тексеру үшін;
өрт (авария, апат, табиғи зілзала) туралы хабарлау үшін;
қызметтік істер бабымен;
гарнизон бастығымен (бөлімше бастығымен) келісіп, бөлімшеге келген делегация және экскурсия құрамында келген тұлғалардың кіруіне рұқсат етіледі.
77-1. Қарауылдық қызметті ұйымдастыруды және атқаруды тексеру үшін бөлім аумағына кедергісіз жіберіледі:
(құжатты немесе қызметтік куәлікті көрсеткен кезде):
Министрліктің басшылығы;
Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, сондай-ақ Өртке қарсы қызмет комитетінің қызметкерлері.
78. Бөлімге келген барлық адамдардан ішкі наряд немесе қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) келу мақсатын анықтайды және бөлімшені (қарауылды) тексеру үшін келген адамдардан қызметтік куәлігін немесе тексеруге нұсқаманы көрсетуді талап етеді, одан кейін "қарауыл бастығы шығуға!", келушілерді бастыққа немесе оның орынбасарларына ертіп барады.
79. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) Күндізгі және түнгі уақытта "Қарауыл, тік тұр!" командасын береді, осыдан кейін қарауыл кезекшілігі туралы баяндама жасайды және келген тұлғаларды ертіп жүреді. Баяндама нысаны – "Майор мырза, бірінші қарауыл кезекшілік етеді, жеке құрам .... айналысуда (немен айналысып жатқанын, оқиғалар болған кезде сол туралы баяндайды). Қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Сапаров" деп баяндама жасағаннан кейін келген тұлғаларды ертіп жүреді.
10-параграф. Қарауылдардың (кезекші ауысымдардың) ауысуы
80. Қарауылдардың (кезекші ауысымдардың) ауысуы қарауылды үздікссіз дайындықта ұстау мақсатында жүзеге асырылады және оған ауысуға дайындық, қарауылдың (кезекші ауысымның) тарауы, кезекшілікті тапсыру кіреді.
81. Кезекшіліктің тарауы және қарауылдың басқа ауысымына тапсырылуы 30 минуттан аспауы қажет.
82. Таратуға түсіп жатқан және ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысымның) барлық жеке құрамы шығарылады. Қарауылды таратуды бөлімшенің бастығы (басшысы) немесе оны алмастыратын тұлға жүргізеді.
Ескертпе: демалыс, мереке және қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасы күндері қарауылдарды ауыстыруды алдын ала бекітілген графикке сәйкес аға немесе орта басшы құрам қатарынан жауапты қызметкер жүзеге асырады.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.83. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің барлық бөлімдеріндегі қарауылдың ауысуы гарнизон бастығының орынбасары белгілеген сағат 09.00-ден кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескертпе: қарауылдарды ауыстыру 30 минуттан аспауы тиіс.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.84. Министрліктің Білім беру ұйымдарының оқу өрт сөндіру бөлімдерінде қарауылдардың ауысу уақытын оның басшысы белгілейді.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.85. Ауысуға дайындық кезінде кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) бөлімше бастығынан немесе оны алмастыратын тұлғадан – нұсқама, ал ауысып жатқан қарауыл бастығынан (кезекші ауысым басшысынан) – бөлімшенің шығу ауданындағы жедел жағдайдың өзгеруі туралы мәліметтер алады, содан кейін қызметке нарядты осы Жарғыға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт сөндіру бөлімінің қызмет кітабын жасайды.
86. Күн тәртібіне сәйкес кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) "Ауысымға!" командасын береді. Осы команда бойынша диспетчер үш қысқа сигнал береді. Кезекшілікке түсіп жатқан және ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысымдардың) жеке құрамы жауынгерлік киімді және жарақтарды киеді (келіп түскен қарауыл қосымша ТАОЖҚҚ киеді) және бөлімше бастығы белгілеген орындарда сапқа тұрады.
87. Қарауылға (кезекші ауысым) түскен жеке құрам №1 ТОЖҚҚ тексеруді қарауыл (кезекші ауысым) ауысымына дайындық кезеңінде, ТОЖҚҚ жеке бекітуі болған кезде қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) басшылығымен жүргізеді.
Ескертпе: ТОЖҚҚ бөлімшенің газ-түтіннен қорғаушыларына топтап бекіту кезінде №1 Тексеру бөлінгеннен кейін, кезекшілікті қабылдау кезеңінде қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) басшылығымен жүргізіледі.
Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.88. Ауысуға дайындық кезінде кезекшілікке түсетін қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы):
жеке құрамның бар-жоғын және қызмет өткеруге дайындығын, олардың сыртқы түрлерін және киім нысанын сақтауын, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері мен жарақтарының жағдайын тексереді, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды;
өрт сөндіру автомобильдеріне өрт сөндіру есептоптарының құрамын, ішкі наряд тұлғаларын жариялайды және қажет болған кезде жеке құрамды бекеттер мен шолуларға тағайындайды;
жеке құрамның өз міндеттерін білуін тексереді;
жүргізуші құрамның жүргізуші куәліктерінің барын және өрт сөндіру автомобилін басқару құқығына куәлігін тексереді;
жеке құрамға бөлімшенің шығу ауданындағы жедел жағдайды жеткізеді;
еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізеді.
89. Ауысып жатқан қарауыл бастығы өткен тәуліктегі қызмет атқарудың қорытындысын жасайды, бағыныстылардың жұмысына баға береді, орын алған кемшіліктерді ескеріп, оларды жою жолдарын көрсетеді.
90. Кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) қарауылдың ауысуға дайын екендігі туралы ауысып жатқан қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысы) хабарлайды.
91. Ауысып жатқан қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) жауынгерлік киімі мен жабдығы бар қарауылды кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл (кезекші ауысым басшысы) сапының алдына тұрғызады, содан кейін өз қарауыл сапының оң жақ қапталына барып тұрады.
Кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) бөлімше бастығына және: "Майор мырза. Бірінші қарауыл кезекшілікке түсуге дайын. Қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Оспанов", - деп баяндап, содан кейін сапқа тұрады.
Бөлімше бастығы сапқа жақындаған кезде ауысып жатқан қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) "ТІК ТҰР", "ОРТАҒА түзе" командасын береді және "Майор мырза, төртінші қарауыл кезекшілікті тапсыруға дайын. Қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Жамбылов" деп баяндайды.
Бөлімше бастығы қарауылдар (кезекші ауысымдар) жеке құрамымен амандасады және "Еркін тұр!" деп команда береді, одан әрі кезекшілікке түсіп жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) дайындығын тексереді, ауысып жатқан қарауылдың қызметіне (кезекші ауысым) баға береді, қарауыл қызметін атқару жөнінде тапсырма береді, содан кейін "Қарауылдар, сап түзе" "Тік тұрыңдар!", "Кезекшілікті қабылдауға және тапсыруға таралыңдар!" деп команда береді. Осы команда бойынша қарауылдардың (кезекші ауысым) жеке құрамы кезекшілікті тапсыруға және қабылдауға кіріседі.
92. Кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) жеке және бөлімше командирлері арқылы өрт сөндіру автомобильдерінің және ӨТЖ, байланыс құралдарының жарамдылығын, қызметтік үй-жайлардың және аумақтардың жағдайын тексереді, бөлімше қарауыл қызметінің қызметтік құжаттарын қабылдайды.
Ауысып жатқан қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) қарауылдың қызметтік құжаттарын тапсырады және анықталған кемшіліктерді жоюға шара қабылдайды.
93. Кезекшілікке түсіп жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) ауысып жатқан қарауылдан (кезекші ауысымнан) өрт сөндіру есеп табельдері және тізімдемелер бойынша өрт сөндіру техникаларын, ӨТЖ, байланыс және сигнализация құралдарын, қызметтік құжаттаманы, жарақ заттарын қабылдайды, қызметтік үй-жайлардың, сондай-ақ ондағы жабдықтың, жиһаздың және мүліктің және бөлімше аумағының жағдайын тексереді.
Резервті өрт сөндіру автомобильдерін кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл (кезекші ауысым) бастығы тағайындаған бөлімше командирлері, жүргізушілер және өрт сөндірушілер қабылдайды.
94. Өрт сөндірушілер мен жүргізушілер тапсыру және қабылдау қорытындысы туралы бөлімше командирлеріне, ал бөлімше командирі қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысы) баяндайды. Бекеттерден (шолғындардан) ауысқан өрт сөндірушілер, диспетчерлер (радиотелефонистер) және ішкі наряд тұлғалары өз қарауыл бастықтарына тікелей баяндайды. Мысалы: "Лейтенант мырза, техника, өрт-техникалық құралдары жарамды жағдайда және тізімдеме бойынша тапсырылды (қабылданды). Бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Смағұлов".
95. Қарауыл бастықтары (кезекші ауысым басшысы) баяндамаларды қабылдап, қызмет кітабына қажет жазуларды жүзеге асырады. Қарауыл бастықтары (кезекші ауысым басшылары) ауысқаны туралы бөлімше бастығына баяндайды. Мысалы: "Майор мырза, азаматтық қорғау капитаны Мұсаев кезекшілікті қабылдады (тапсырды)".
96. Қарауыл бастықтарынан (кезекші ауысым басшыларынан) кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндаманы қабылдап, бөлімше бастығы қызмет кітабындағы ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) жазуын тексереді, кезекшілікке түсіп жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) қызметтік наряд парағын бекітеді және "Жатыңдар" сигналын беру туралы бұйрық береді.
"Жатыңдар" сигналын беру туралы бұйрықты алған кезде диспетчер (радиотелефонист) екі қысқа сигнал береді. Ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысымның) ГТҚҚ буындарының жеке құрамы автомобильдерден бекітілген ТАОЖҚҚ алады, ал кезекшілікке түсетіндер - өрт сөндіру есепке өзінің ТАОЖҚҚ қояды. Осы сәттен бастап ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) жеке құрамы қызмет өткеруден босатылады деп саналады.
97. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) кезекшілікке түскеннен кейін ӨБОП гарнизон бастығы белгілеген нысан бойынша қарауылдың (кезекші ауысым) құрамы туралы мәлімет береді.
98. Ауысу кезінде "Жатыңдар" сигналы берілгенге дейін "Дабыл" сигналы берілген жағдайда өртке ауысқан қарауыл (кезекші ауысым) шығады, ал түсетін қарауыл бөлімше бастығының өкімін алғашқы қарауыл (кезекші ауысым) бөлмесінде қалады.
99. Егер ауысу кезінде ауысып жатқан қарауыл (кезекші ауысым) өрт сөндіруде болса, кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл (кезекші ауысым) өрт болып жатқан жерге жеткізіледі және ондағы жұмыс істеп жатқан қарауылды (кезекші ауысым) ауыстырады.
100. Кезекшілікті ауыстыру кезінде анықталған кемшіліктерді бөлімше бастығының (басшысының) басшылығымен ауысып жатқан қарауыл (кезекші ауысым) жояды.
11-параграф. Ішкі наряд
101. Ішкі наряд тәртіпті сақтау, қызметтік үй-жайларды, техниканы, жабдықтарды және бөлімше аумағын күзету үшін қарауыл (кезекші ауысым) қатарынан тағайындалады.
102. Қарауылдың (кезекші ауысым) ішкі наряд тұлғалары қарауыл бастығына, ал ол болмаған жағдайда бөлімше командиріне бағынады.
103. Қарауылдың ішкі наряд құрамына кезекшілік кезеңіне:
қарауыл бойынша кезекші;
гараж бойынша тәуліктік кезекші;
өрт сөндіру депосы ғимаратының қасбеті алдындағы бекетші тағайындалады.
104. Қарауыл (кезекші ауысым) жеке құрамының жеткіліксіз саны кезінде байланысты ішкі наряд міндеттерін азайтуға немесе қоса орындауға рұқсат етіледі. Барлық ішкі наряд тұлғалары өз міндеттерін анық, нақты білуі және адал орындауы қажет.
105. Ішкі наряд тұлғалары дабыл бойынша қарауыл құрамымен бірге шығады.
106. Ішкі наряд тұлғаларының ауысу санын, дабыл бойынша қарауылдың (кезекші ауысым) шыққан уақытында бөлімшенің қызметтік үй-жайларын қорғау тәртібін бөлімше бастығы белгілейді. Ішкі наряд тұлғаларының ауысуын бақылауды қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) немесе қарауыл бойынша кезекші жүзеге асырады.
Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.107. Қарауыл бойынша кезекші болып бөлімше командирі тағайындалады, оған қарауылдың барлық ішкі наряды бағынады.
108. Қарауыл бойынша кезекші:
ішкі наряд тұлғаларының міндеттерін біледі;
қарауылдардың ауысуы кезінде қызметтік-тұрмыстық үй-жайларды, жабдықтар мен құрал-саймандарды қабылдайды;
ішкі нарядқа тағайындалған жеке құрамға нұсқау береді, олардың қызметті атқаруы кезінде міндеттерін білуін тексереді;
ішкі наряд тұлғаларының қызмет атқаруын тексереді және қарауыл бастығына баяндайды;
қарауылдың жеке құрамының күн тәртібін орындауын, жабдықтардың, керек-жарақтар мен мүліктің жарамдылығын, үй-жайлар мен іргелес аумақтардың тазалығын, тәртібін және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын, сондай-ақ қызметтік үй-жайлардағы ауа температурасын және жарықтандыруды қадағалайды.
109. Қарауыл бойынша кезекшінің демалысы кезінде оның міндеттерін қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) тағайындаған басқа лауазымды тұлға орындайды.
110. Гараж бойынша тәуліктік кезекшілер болып жүргізушілер немесе өрт сөндірушілер тағайындалады. Гараж бойынша тәуліктік кезекші:
қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысы) өкімімен жүргізушілерді және қарауылдың жеке құрамын бекітілген автомобильдерге қызметтік міндеттерін орындау үшін ғана жібереді;
гаражда белгіленген өртке қарсы режимін, тазалықтың және тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, ауа температурасын ұстауды қадағалайды, түнгі мезгілде кезекші жарық қосады;
өрт сөндіру техникасында, жылу жүйесінде анықталған кемшіліктер және басқа да кемшіліктер туралы дереу қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына) баяндайды.
111. Өрт сөндіру депосы ғимаратының қасбеті алдындағы бекетші болып жүргізушілер мен өрт сөндірушілер тағайындалады. Өрт сөндіру депосы ғимаратының қасбеті алдындағы бекетші бөлімше ғимаратының қасбетінде немесе арнайы бөлінген үй-жайда (бекетте) болады.
112. Өрт сөндіру депосының қасбеті алдындағы бекетші:
қарауыл орналасқан жерде өртке қарсы қызметі жеке құрамын, азаматтарды және көлік құралдарын бөлімше аумағына кіруге рұқсат беру тәртібін біледі;
азаматтардың өрт (авариялар) туралы арыздарын қабылдайды және ол туралы қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына) және ББП диспетчеріне (радиотелефонистіне) хабарлайды, үнемі көзге көрінетін жердегі жағдайды бақылап, өрт анықталған кезде ол жөнінде қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына) және ББП диспетчеріне (радиотелефонистіне) хабарлайды;
өрт сөндіру депосының гараж қақпасы алдында барлық көлік түрлерінің, сондай-ақ бөлімшенің жеке құрамына қатысы жоқ адамдардың аялдауына және тоқтауына жол бермейді, өрт сөндіру депосы ғимаратының қасбеті алдында тәртіп пен және тазалықты қадағалайды;
бөлімшеге келген барлық тұлғалардан ("Қасбеті алдындағы бекетші азаматтық қорғау кіші сержанты Алпысбаев" нысаны бойынша таныстырудан кейін"), олардың келу мақсатын сұрайды, содан кейін қарауыл (кезекші ауысым) лауазымды тұлғаларды шақырту сигналын қолдана отырып, қарауыл бастығын (кезекші ауысым басшысын), ал ол болмаған немесе демалыста болған кезінде – қарауыл бойынша (кезекші ауысым) кезекшіні шақыртады.
Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 1-қосымша |
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының ант қабылдау бойынша талаптары
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 2-қосымша |
Бастықтарға қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды таныстыру тәртібі
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары өздерінің тікелей бастықтарына:
лауазымға тағайындалған кезде;
арнаулы атақ берген кезде;
көтермелеу, оның ішінде мемлекеттік наградамен наградтаған кезде таныстырылады.
2. Таныстырылған кезде лауазымы, атағы, тeгi, сондай-ақ таныстыру ceбeбi айтылады. Мысалы: "Полковник мырза. Бөлім бастығы азаматтық қорғау майоры Ысқақов, атақ берілуіне байланысты өзімді таныстырамын".
3. Гарнизонның жаңадан тағайындалған бастығы жеке құрамға саптың алдында, сондай-ақ кеңесте немесе жиналыста таныстырылады.
4. Бөлімшеге келген тікелей бастықты не болмаса жоғары тұрған лауазымды тұлғаны гарнизонның бастығы қарсы алады және былай баяндайды:
"Tік тұр" ("Тұр. Тік тұр") Полковник мырза, бөлімше жеке құрамы кызметтік міндеттерді орындауда. Оқиғалар орын алған жоқ. Бастық азаматтық қорғау подполковнигі Аманбаев".
Басқа лауазымды адамдар келген бастыққа тек олармен қарым-қатынас кезінде таныстырылады.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 3-қосымша |
|
нысан | |
Бекітемін __________________________ _______________________ әкімі (облыс, қала атауы) |
|
____________________________ 20__ жылғы "____"___________ |
_____________________ қаласының өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу КЕСТЕСІ
Шығу ауданына шығатын бөлімшелер | Өрт нөмірі (рангі) бойынша шығатын бөлімшелер: | ||
№ 1 | № 2 | № 3 | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-ӨСБ |
АЦөсб-1 |
АЦөсб-1 СЖАөсб-1 |
АЦөсб-1 СЖАөсб-1 |
ӨСА түрлері бойынша қорытынды |
АЦ-1 |
АЦ-5; |
АЦ-8; |
Барлығы | 2 | 10 | 15 |
2-ӨСБ |
АЦӨСБ-2 |
АЦөсб-2 АСөсб-1 |
АЦөсб-2 АСөсб-1 |
ӨСА түрлері бойынша қорытынды |
АЦ-1 |
АЦ-5; |
АЦ-8; |
Барлығы | 2 | 10 | 15 |
3-ӨСБ | АЦӨСБ-3 СЖАӨСБ-3 |
АЦөсб-3 СЖАөсб-3 |
АЦөсб-3 СЖАөсб-3 |
ӨСА түрлері бойынша қорытынды | АЦ-1 СЖА-1 |
АЦ-5; |
АЦ-9; |
Барлығы | 2 | 10 | 15 |
4-ӨСБ | АЦӨСБ-4 АСӨСБ-4 |
АЦөсб-4 АСөсб-4 |
АЦөсб-4 АСөсб-4 |
ӨСА түрлері бойынша қорытынды |
АЦ-1 |
АЦ-5; |
АЦ-9; |
Барлығы | 2 | 10 | 15 |
5-МӨСБ | АЦМӨСБ-5 СЖАМӨСБ-5 |
АЦмөсб-5 СЖАмөсб-5 |
АЦмөсб-5 СЖАмөсб-5 |
ӨСА түрлері бойынша қорытынды | АЦ-1 СЖА-1 |
АЦ-5; |
АЦ-9; |
Барлығы | 2 | 10 | 15 |
6-ӨСБ | АЦӨСБ-6 СЖАӨСБ-6 |
АЦөсб-6 СЖАөсб-6 |
АЦөсб-6 СЖАөсб-6 |
ӨСА түрлері бойынша қорытынды | АЦ-1 СЖА-1 |
АЦ-5; |
АЦ-9; |
Барлығы | 2 | 10 | 15 |
Ескертпе:
1) шығу кестесін әзірлеуге:
елді мекендерде және ұйымдарда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды алдын-ала жоспарлау;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыртудың жоғарғы нөмірі (дәрежесі) бойынша бөлімшелердің күштері мен құралдарын тартуды қажет ететін ұйымдардың тізбесін анықтау;
көршілес гарнизондардың аумағында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бөлінуі мүмкін бөлімшелердің қосымша күштері мен құралдары санын анықтау жатады;
шығу кестесін түзету қажеттілігіне қарай, бірақ екі жылда бір реттен кем емес жүргізіледі.
2) шығу кестесіне:
аумақ шекараларының, гарнизон бөлімшелерінің шығу ауданының сипаттамасы, өрт сөндіру кемелеріне арналған акваторийлер;
бірінші хабарлама алынған кезде өрттің жоғарғы нөмірі (дәрежесі) бойынша күштер мен құралдар жіберілетін кәсіпорындардың тізбесі;
қосалқы жұмыстарды орындау үшін өрт орнына тартылатын инженерлік техника құрамы қоса беріледі.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 4-қосымша |
|
нысан | |
Бекітемін _____________ ауданының әкімі 20_ жылғы "__"________ №___ |
________________ аудандағы өртті сөндіруге күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары (кестесі)
№ р/с | Елді мекендердің атауы | Өртті сөндіруге жұмылдырылатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері | Шақыру түрі (телефон және т.б.) | Елді мекендерге дейінгі қашықтық, км | Өрт нөмірі (рангі) бойынша өртті сөндіруге жұмылдырылатын техника: | Қосымша күштер | |
№1 | №2 | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Ақбидай кенті | 20-ӨСБ | 01 | АЦ-40(131) АЦ-40(130) | |||
Есентай кенті ЕӨҚ | 57337 | 5 | АЦ-40(133) | ||||
Ломыгино ауылы ЕӨҚ | 52277 | 10 | АЦ-40(133) | ||||
Бекет ауылы ЕӨҚ | 51135 | 12 | АЦ-30(66) | ||||
Мақат ауылы ЕӨҚ | 40277 | 17 | |||||
Шанақ ауылы ЕӨҚ | 40348 | 10 |
МП-1600 | Жанар-жағармай көлігі | |||
57-ӨСБ | 21300 | 28 | АЦ-40(130) | АЦ-40(130) | |||
20-ӨСБ | 21501 | 37 |
ӨСС-110 | ||||
2 | Көктоғай кенті | Баянтау кенті ЕӨҚ | 53133 | 0-15 | АЦ-30 (53) | ||
Ақтоғай ауылы ЕӨҚ | 42115 | 7-15 | Су құятын көлік | ||||
24-ӨСБ | 01 | 10-30 | АЦ-40 (131) | АЦ-40 (130) | |||
Келес ауылы ЕӨҚ | 57337 | 6-28 | АЦ-40 (130) | ||||
Қабанбай батыр ауылы ЕӨҚ | 31602 | 7-14 | АЦ-30 (53) | ||||
73825 ә/б |
МП-1600 | ||||||
Қарасу ауылы ЕӨҚ | 40371 | 11-25 | АЦ-30 (53) | ||||
26-ӨСБ | 34211 | 14 | АЦ-40 (131) | АЦ-40 (130) | |||
№ 6 Автобаза | 21409 | 6 | 2 жанар-жағармай көлігі | ||||
3 | Ауданның барлық елді мекендері бойынша т.б. |
__________ ауданының гарнизон бастығы_______________________________
(атағы, аты-жөні, тегі, қолы)
Ескертпе:
1) шығу кестесіне:
аумақ шекараларының, гарнизон бөлімшелерінің шығу ауданының сипаттамасы, өрт сөндіру кемелеріне арналған акваторийлер;
бірінші хабарлама алынған кезде өрттің жоғарғы нөмірі (дәрежесі) бойынша күштер мен құралдар жіберілетін кәсіпорындардың тізбесі қоса беріледі.
2) Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарын әзірлеуге:
әкімшілік аудан аумағында орналасқан елді мекендерде және объектілерде өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды алдын ала жоспарлау;
әкімшілік аудан аумағында өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көршілес әкімшілік аудандардағы бөлімшелердің қосымша күштері мен құралдарының санын айқындау;
басқа әкімшілік аудандардың аумағында өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің күштері мен құралдарын қайта орналастыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеу жатады.
Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарын түзетулер қажеттілігіне қарай екі жылда бір реттен кем емес жүргізіледі.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 5-қосымша |
нысан
Бекітемін "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығы ____________________________ (аймақтың атауы) ____________________________ (атағы, тегі, аты, әкесінің аты) 20__ жылғы "___"____________ |
20__жылғы "___"________ саптық жазба
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің атауы | ӨСБ (МӨСБ, ӨБ) штаты | Ж/қ тізімі бойынша қарауылда | Жеке құрамның шығысы бойынша | Газ-үтіннен қорғаушылар/ аппараттар | Жоқ | |||||||
Барлығы | Есеп | Қарауыл бастығы | Бөлімше командирі | Жүргізушілер | Өрт сөндірушілер | Диспетчерлер (радиотелефоншылар) | Оқу демалысы/декрет | Ауру | ||||
1-ӨСБ | ||||||||||||
2-ӨСБ | ||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: |
Кестенің жалғасы
Жоқ | отын бензин/дизотын | Өрт сөндіру техникасы | |||||||||||||
Іссапар | Басқа себептер | Есепте | Резервте | Жөндеуде | |||||||||||
Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | ||||||||||
АЦ-7-40 | - | АЦ-2,5-40 | - | АЦ-7-40 | - | ||||||||||
АЦ-7-40 | АС-30 | АЦ-2,5-40 | - | АЦ-7-40 | - | ||||||||||
Өрт сөндіру бөлімдерінің атауы | Есептегі автомобильдерде бар | ||||||||||||||
Жеңқұбырлар | Лафетті оқпандар тұрақты/тасымалы | ГПС-600, "Пурга"/УП | Тасымалы. р/ст | Электрошамдар/ прожекторлар | |||||||||||
77мм | 66 мм | 51 мм | |||||||||||||
1-ӨСБ | |||||||||||||||
2-ӨСБ | |||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: |
Кестенің жалғасы
Есептегі автомобильдерде бар | Қоймадағы көбік түзгіш | Диспетчерлер (радиотелефоншылар) | Қарауыл бастығы немесе оны ауыстыратын тұлғалар | бөлім бойынша жауапты | ||||||
Лафетті оқпандар тұрақты/тасымалы | ГПС-600, "Пурга"/УП | Тасымалы. р/ст | Электрошамдар/ прожекторлар | ТОК/Л-1 | Құтқарғыш арқандар | көбік түзгіш есепте | ||||
Гарнизон бойынша жауапты ________________________
ӨСКБ кезекші ауысымы:
Шұғыл кезекші____________________________
Аға көмекші_______________________________
Көмекші______________________________________
Аға диспетчер_______________________________
Диспетчер______________________________________
Диспетчер (радиотелефоншы)______________________
Ескертпе:
1) позициялар саны гарнизон бастығының шешімімен ұлғаюы мүмкін;
2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда саптық жазбалар журналы енгізіледі.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 6-қосымша |
Гарнизон қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттар тізбесі
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Құжаттардың атауы | Толтыру, жаңарту мерзімділігі | Сақталу орны | Сақталу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Гарнизон бөлімшелерінің шығу кестесі (Күштер мен құралдарды тарту жоспары) | қажеттілігіне қарай, бірақ екі жылда бір реттен кем емес | КҚЖБО (ауданның ББП) | жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
2. | Коммуналдық және шұғыл қызметтермен (қаланың, ауданның), сондай-ақ өртке қарсы қызметтің ведомстволық бөлімшелерімен (қажеттілігіне қарай) өзара іс-қимыл Алгоритмдары | қажеттілігіне қарай | КҚЖБО | күші жойылғанға немесе жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
3. |
Азаматтық қорғаныс жөніндегі құжаттар: | қажеттілігіне қарай | КҚЖБО, сейфте | жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
4. | Кезекшілік кезінде гарнизон бойынша жедел кезекшіге жоспар-тапсырма | күнделікті | ӨСКҚ | бір жыл |
5. | Бөлімшелер мен гарнизонның лауазымдық тұлғаларының шақыртулар тізбесі | қажеттілігіне қарай | КҚЖБО (ӨСКҚ, сейфте) | жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
6. | Кәсіпорындар мен елді мекендердегі өрт сөндіру жедел жоспарлары мен карточкалары | қажеттілігіне қарай | КҚЖБО – электронды (режимді, аса маңызды, стратегиялық объектілерге – қағаз түрінде) | жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
7. | Елді мекен (аудан) су көздерінің планшеті | жылына екі рет және қажеттілігіне қарай | КҚЖБО, жедел кезекшінің автомобилі | жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
Ескертпе:
1) құжаттарды әзірлеу тәртібін және олардың орындалуына (жаңартылуына) жауаптыларды гарнизон бастығы белгілейді;
2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған кезде бөлімшелердің шығуын есепке алу журналы және саптық жазбалар журналы енгізіледі;
3) өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері орналасқан және өрт сөндіру бөлімдерінің шығу аудандарының шекаралары, аса маңызды және режимдік кәсіпорындар бөлген су көздері көрсетілген қаланың (ауданның) жоспар - картасы электрондық форматта жүргізіледі.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 7-қосымша |
Қызметті ұйымдастыру, дайындық және өрт сөндіру бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің регламенттік құжаттарының тізбесі
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Құжаттың атауы | Әзірлеу, түзету мерзімділігі | Сақтау орны | Сақтау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қызметті ұйымдастыру бойынша | ||||
1. | Қызмет кітабы | Кезекшілік кезінде | Қарауыл бастығының кабинетінде | Толтырғаннан кейін үш жыл |
2. | Күн тәртібі | Қажеттілігіне қарай | Өрт сөндіру депосындағы стендте | Күші жойылғанға немесе жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
3. | Кезекшілік қарауылдар жеке құрамының функционалдық міндеттері | Қажеттілігіне қарай | қарауыл бастығының кабинетінде | Күші жойылғанға немесе жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
4. | Облыс (қала) (қызметтер) гарнизоны бөлімшелерінің, гарнизонның лауазымды тұлғаларының шақырулары | Қажеттілігіне қарай | №3 папкада | жаңасымен ауыстырылған ға дейін |
5. | Жеке құрамды қарауылға бекіту туралы бөлім бастығының бұйрығы (көшірме) | Қажеттілігіне қарай | Бастықтың орынбасарының кабинетінде | Күші жойылғанға немесе жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
6. |
Азаматтық қорғаныс жөніндегі құжаттар: | Жылына бір рет және қажеттілігіне қарай | №3 папкада | жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
7. | Гарнизон басқару аппаратының, бөліністерінің телефондар анықтамалығы | Жылына бір рет | №3 папкада | жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
Дайындықты ұйымдастыру бойынша | ||||
8. | Жеке құрамның тактикалық-арнайы дайындығын ұйымдастыру және өткізу бойынша құжаттар (гарнизон бастығы орынбасарының бұйрығы, оқу тәртібі және айлары бойынша уақытты бөлудің жылдық жоспары, сабақтар кестесі, тақырыптық жоспарлар, тактикалық-арнайы дайындауды есепке алу журналы, сабақтар басшыларының жоспар-конспекті) | Жылына бір рет және қажеттілігіне қарай | Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде | Жаңасымен ауыстырғаннан кейін екі жыл |
9. | Өрт сөндіруші, жүргізуші, радиотелефонист лауазымдарына жаңадан қабылданған қызметкерлерді алғашқы даярлауды ұйымдастыру және жүргізу құжаттары | қажеттілігіне қарай нақты қызметкерге | Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде | Қызметкердің барлық жұмыс кезеңінде |
10. | Жеке құрамның өрт жолағында, ТАОЖҚҚ-да, жылутүтін камерасында және таза ауада психологиялық дайындықты машықтану жоспар-кестесі | Жылына бір рет | Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде | Жаңасымен ауыстырғаннан кейін бір жыл |
Өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша | ||||
11. | Бөлімшенің шығу кестесі (үзінді көшірме) – қалалық бөлімшелер үшін, "Күштер мен құралдарды тарту жоспары" | Қажеттілігіне қарай | Бөлімнің байланыс пунктінде | Жаңамен ауыстырылған ға дейін |
12. | Коммуналдық, шұғыл қызметтердің және басқа да өзара әрекеттесетін қызметтердің телефондарының анықтамалығы | Жылына бір рет, қажеттілігіне қарай | №2 папкада | Жаңамен ауыстырылған ға дейін |
13. | Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкалары (оның ішінде ауылдық бөлімшелер үшін – елді мекендерге арналған) | Жылына бір рет, қажеттілігіне қарай | Бөлімнің байланыс пункті | Жаңамен ауыстырылғанға дейін |
14. | Шығуға жолдама | Бөлімшеден тыс шыққан кезде толтырылады | Бөлімнің байланыс пункті | 1 ай |
15. | Түнгі уақытта балалар, емдеу және өзге де мекемелерде болатын адамдарды есепке алу журналы | Күн сайын 21:00-де | Бөлімнің байланыс пункті | Жаңамен ауыстырылғанға дейін |
16. | Байланыс құралдарын қабылдау-тапсыру журналы | Кезекшілік тәулік ішінде | Бөлімнің байланыс пункті | Толтырғаннан кейін 1 жыл |
17. | Өрт туралы акт (көшірмесі) | Жасалуына қарай | Бөлім бастығының кабинетінде бөлек папкада | 5 жыл |
18. | Өрттегі қарауылдың іс-қимыл карточкасы (жеке құрам талдаған әрбір өртке жасалады) | Зерттеу нәтижесі бойынша, өрттен кейін 10 тәуліктен кешіктірмей | Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде бөлек папкада | Оқу жылы аяқталғаннан кейін екі жыл |
Қауіпсіздік техникасы бойынша | ||||
19. | Қауіпсіздік техникасы бойынша сынақтарды (нұсқаулықтарды) есепке алу журналы | Бір жыл бойы, қажеттілігіне қарай | Өрт сөндіру басқармасы (бөлім) бастығының кабинетінде, қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде | 5 жыл |
Техника бойынша | ||||
20. | Өрт сөндіру автомобильдерін қабылдау-тапсыру журналы | Ауысымды қабылдау тапсыру кезінде | Қарауыл бастығының кабинетінде | Ауыстырылғананнан кейін бір жыл |
21. | Бөлімнің автотехникасына техникалық қызмет көрсету графигі* | Жылына бір рет, қажеттілігіне қарай | Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде №1-папкада, стенд | Жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
22. | Өрт сөндіру автомобильдеріне ТҚК журналы | Техникалық қызмет жөніндегі тәлімдеменің талаптарына сәйкес | Қарауыл бастығының кабинетінде | Жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
23. | Пайдалану карточкасы (әрбір негізгі және арнайы автомобильге) | Кезекшілік тәуліктер бойы | Қарауыл бастығының кабинетінде бөлек папкада | Жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
Өрт-техникалық жарақтары бойынша | ||||
24. | Бөлімнің әрбір негізгі және арнайы автомобиліне өрт-техникалық жарақтарының тізімдемесі | Қажеттілігіне қарай | Гаражда стендте немесе автомобильде | Жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
25. | ӨТҚ мен басқа құрал-жабдықтарды, диэлектрлік құралдарды сынау актілері мен графигі | Диэлектрлік ққұралдарды сынау нәтижелері бойынша тұрақты | Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде бөлек папкада | Ауыстырылғаннан кейін үш жыл |
Жеңқұбыр шаруашылығы бойынша | ||||
26. | Өрт сөндіру жеңқұбырларының паспорты | Жеңқұбыр жұмысынан кейін | Қарауыл бастығының кабинетінде | Жеңқұбырларды есептен шығарғанға дейін |
Өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша | ||||
27. | Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін түзету енгізу журналы | қажеттілігіне қарай | Қарауыл бастығының кабинетінде | Ауыстырғаннан кейін үш жыл |
28. | Бөлімшелердің шығу ауданындағы су көздерінің планшеті | қажеттілігіне қарай | Бөлімнің байланыс пункті, әрбір негізгі автомобильге біреуден | Жаңасымен ауыстырылғанға дейін |
Ескертпелер:
1) Құжаттарды әзірлеу тәртібін және олардың орындалуына (жаңартуға) жауапты тұлғаларды гарнизон бастығының орынбасары белгілейді;
2) АҚ жөніндегі құжаттар қарауыл бастығының кабинетіндегі сейфте (жанбайтын металл шкаф) сақталады, сейф кілті қарауыл бастығында болуы қажет. Кезекшілікті қабылдау-тапсыру кезінде қарауыл бастықтары айқындаған тәртіпте тексереді және қабылдайды;
3) №3 папка бөлімнің байланыс пункті сейфінде сақталады;
4) Бөлімше бастығы айына кемінде бір рет барлық құжаттардың сақталу, жүргізілу, қолдану тәртібін бақылайды және оларға уақытында түзетулер немесе нақтылауды енгізеді;
5) автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда бөлімшелердің шығуларын есепке алудың авариялық журналы және шығуға жолдама енгізіледі;
6) өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері орналасқан және өрт сөндіру бөлімдерінің шығу аудандарының шекаралары, аса маңызды және режимдік кәсіпорындар бөлген су көздері көрсетілген қаланың (ауданның) жоспар - картасы электрондық форматта жүргізіледі;
7) жеке құрамды даярлау жөніндегі құжаттар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамын тактикалық-арнайы даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізіледі;
8) техникалық қызмет жөніндегі құжаттар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызмет жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі;
9) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша құжаттар нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 8-қосымша |
|
Нысан |
Байланыс құралдарын қабылдау-тапсыру журналы
р/с № | Байланыс құралдарының атауы | Жағдайы | Жарамсыздығы жөнінде хабарламаны қабылдағанның ТАӘ, күні мен уақыты, жөндеуге алынғаны туралы қол қою | Байланыс құралдарын қабылдаған тұлғаның қолы, күні және уақыты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 9-қосымша |
|
Нысан |
Тәуліктің түнгі мезгілінде балалар, емдеу және басқа да мекемелерде болатын адамдарды есепке алу журналы
р/с | Мәліметтер жинау күні және уақыты | Мекеме атауы | Мекеменің мекенжайы | Түнгі мезгілде қалатын адамдардың (балалардың) саны | Хабарламаны берген кім, телефон № |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 10-қосымша |
|
нысан |
Бөлімшенің шығуын есепке алу ЖУРНАЛЫ
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__жылы "___"_____ басталды 20___жылы "___"____ аяқталды Бөлімшенің шығуын есепке алу журналының жалғасы 2 парақта (кемінде 200 парақ болады) |
Хабарламаны (ақпаратты) қабылдау уақыты | Өрт орны (мекенжайы) және не жанып жатыр, өрт орнынан сөндіру барысы, қосымша күштер мен құралдарды шақырту, су құбырының және байланыс құралдарының, жолдар мен басқалардың жарамсыздығы туралы ақпарат, хабарламаны берген және қабылдаған тұлғалардың тегі | |||||||
күні | сағаты және минуты | |||||||
Қандай бөлімдер (бөлімшелер) өртке (аварияға, дүлей зiлзалаға, оқу-жаттығуларға) шықты | УАҚЫТЫ | Қабылданған шаралар | ||||||
шығу | шақырту орнына келу | өртті оқшаулау | өртті жою | қарауылдардың (бөлімшелер) оралуы | ||||
Ескертпе:
1) Автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда бөлімшелердің шығуларын есепке алу журналы және шығуға жолдама енгізіледі;
2) бөлімшенің шығуды есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және мөрмен бекітіледі;
3) диспетчердің автоматтандырылған жұмыс орны болған кезде бағдарламаның ерекшелігіне қарай бөлімшелердің шығуын есепке алу журналын ресімдеу форматын өзгертуге жол беріледі.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 11-қосымша |
Өртке қарсы қызмет бөлімшелері қарауылының күн тәртібі (үлгілік)
р/с № | Іс-шаралар атауы |
Өткізу уақыты |
1 | Қарауылдың (кезекші ауысымдардың) ауысуы | 8.00 - 8.30 |
2 | Сабақтарға дайындық | 8.30 - 9.00 |
3 | Кестеге сәйкес сабақ | |
Бірінші оқу сағаты | 9.00 - 9.45 | |
Екінші оқу сағаты | 9.50 - 10.35 | |
Үшінші оқу сағаты | 10.45 - 11.30 | |
4 | ӨСҚ бойынша нормативтерді өңдеу және тапсыру | 11.45 - 12.45 |
5 | Тамақтану уақыты | 13.00 - 14.00 |
6 | Психологиялық жеңілдеу уақыты | 14.00 - 15.00 |
7 | Спорттық іс-шаралар | 15.00 - 16.00 |
8 | Жеке құрам еңбек және демалыс режимдерін жақсарту бойынша әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар | 16.00 - 17.00 |
9 | Объектілердің жедел-тактикалық зерделеу, құжаттарды алдын ала жоспарлауды өңдеу | 17.00 - 18.30 |
10 | Тамақтану уақыты | 18.30 - 19.15 |
11 | Өрт сөндіру техникасына, өрт сөндіру-техникалық жарақтарға, жабдықтарға күтім жасау | 19.15 - 20.30 |
12 | Мәдени-демалу жұмыстары, жеке құрамға хабар беру, радиодан жаңалық хабар тыңдау және теле бағдарламаларды қарау, жеке қажеттіліктер уақыты | 20.30 - 22.30 |
13 | Кешкі жуыну | 22.30 - 23.00 |
14 | Демалыс. Бөлімшенің үй-жайлары мен аумағын күзету, қарауылдық қызметті өткеру | 23.00 - 6.00 |
15 | Ояну, таңертеңгі жуыну | 6.00 - 6.30 |
16 | Тамақтану уақыты | 6.30 - 7.15 |
17 | Қарауылдардың ауысымға дайындығы (кезекші ауысымдардың) | 7.15 - 7.45 |
Ескертпелер:
1. Өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі бөлімшесі қарауылының күн тәртібі өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
2. Өрт сөндіру-тактикалық дайындық бойынша 4-оқу сағатын жоспарлаған кезде, сабақ ӨСҚ бойынша нормативтерді өңдеуге және тапсыруға күн тәртібімен бөлінген уақыт есебінде жүргізіледі.
Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 12-қосымша |
нысан
Қызмет кітабының 1-парағы
(мұқаба парағы)
___________________________________ ________________________ өрт сөндіру бөлімінің қызмет кітабы
Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Басталды:_________________ Аяқталды:_________________ |
Қызмет кітабының жалғасы
2-парағы. (сегіз парақ бөлінеді)
20__ жылғы "____"_________________ _____________________қарауылдың жеке құрамының ТІЗІМІ
р/с | Т.А.Ә. | Атағы | Лауазымы, тағайындалған күні | Туған күні | Білімі, не аяқтады, мамандығы | ӨСҚ бойынша және басқа спорт түрінен разряды | Үй мекенжайы және телефоны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қарауыл бастығы __________________________
(атағы, Т.А.Ә. қолы)
Қызмет кітабының жалғасы
10-парақ. (кезекшілік кезіне бір
парақ бөлінеді)
қалалар мен елді мекендерді қорғайтын
өрт сөндіру бөлімдері,
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері үшін
БЕКІТЕМІН Өрт сөндіру бөлімінің бастығы ____________________________ (атағы) ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) 20__ж. "___"______________ |
____________________ қарауылдың қызмет наряды
20_ жылғы "___"______ сағ.____ден 20_ жылғы "___"_________ сағ. ____дейін.
Қарауыл бастығы ________, диспетчер (радиотелефонист)________
_________________
1. Қарауыл құрамы
Тізім бойынша____, барлығы_____, есепте___, демалыста____, іссапарда___, ауруы бойынша жоқ____, басқа себептер____.
Есеп
Есеп құрамы | Автомобиль | Автомобиль | Автомобиль | Автомобиль | Автомобиль |
Тегі және инициалдары | Тегі және инициалдары | Тегі және инициалдары | Тегі және инициалдары | Тегі және инициалдары | |
Бөлімше командирі | |||||
Жүргізуші | |||||
№ 1-өрт сөндіруші |
Есепте: - сығымдалған ауадағы аппараттар _________________________________
- бірге алып жүретін радиостанциялар_______________________________
- дозиметрлік аспаптар ____________________________________________
- қорғаныш костюмдері __________________________________________
Резервте: - өрт сөндіру автомобильдері______________________________________
- сығымдалған ауадағы аппараттар___________________________________
Ішкі наряд
Наряд түрі | Тегі | Түсетін уақыты | |||||||||||
Қызмет кітабының жалғасы
11-парақ
(кезекшілік кезіне арналады)
Тексерген __________________ бастығы (қолы) |
1. Қарауыл қызметінің нәтижелері: өртке, аварияларға, сабаққа және т.б. шығулар
Шығу мақсаты | Мекенжайы | Қандай автомобильдер шықты | Уақыты | |
шыққан | оралған | |||
Өртке қарсы сумен жабдықтаудың табылған жарамсыздықтары және шығу ауданындағы жабық өту жолдары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________
Істен шыққан немесе зақымдалған ӨТЖ, өрт сөндіру жеңқұбырлар, басқа да техникалық құралдар
ӨТЖ, оның ішінде өрт сөндіру жеңқұбырларының, техникалық құралдардың, байланыс құралдарының атауы | Қолдану орны, мекенжайы | Зақымдалу сипаты |
Қарауылдағы оқиғалар (тәртіпті, қауіпсіздік техникасы мен басқа да бұзушылықтар)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ішкі нарядтың қызметті өткеруін тексеру кезінде ашылған кемшіліктер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кезекшілікті қабылдау-тапсыру кезінде ашылған кемшіліктер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кезекшілікті тапсырды____________________ Кезекшілікті қабылдады_____________
Қызметтік кітапты бітіру
10-парақ (он парақ бөлінеді)
Қарауыл қызметінің ұйымдастырылуын тексеру нәтижелерін есепке алу
Тексеру күні және уақыты | Тексеру жүргізген тұлғаның қолы, тексеру нәтижелері | Кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар |
Ескертпелер:
1) қызмет кітабы бір күнтізбелік айға есептеледі және ол толтырылғаннан кейін 3 жыл сақталады;
2) қарауыл қызметін ұйымдастыруды тексеруші тұлға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарға қарауылдың әзірлігіне әсер ететін анықталған кемшіліктерді жоюға кезек күттірмейтін шараларды қабылдап, қарауыл қызметін ұйымдастыруды тексеру нәтижелерін есепке алу бөлімінде тиісті жазба жүргізеді;
3) Қызмет кітабының беттері нөмірленген, тігілген, мөрмен және бөлімше басшысының қолымен бекітілген болуы тиіс.