"Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 қаңтарда № 31703 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 "Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өртке қарсы қызмет қызметінің жарғысында:

      3-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Негізгі міндеттерді орындау үшін гарнизондық қызмет мыналарды жүзеге асырады:

      гарнизондық күштері мен құралдарының жай-күйін есепке алуды және бақылауды;

      өрт сөндіру үшін гарнизонның күштері мен құралдарын қолдануды, оның ішінде күштер мен құралдарын тарту тәртібін жоспарлауды, шығу кестесі мен регламенттеу құжаттарын әзірлеуді;

      гарнизонның жеке құрамын, оның ішінде гарнизонның тактикалық-арнайы дайындық, гарнизондық өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, жарыстар, жиындар және гарнизондық іс-шаралар жүргізу арқылы қамтамасыз етуді;

      өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде байланысты ұйымдастыруды, өртке қарсы қызметті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құруды;

      шақыруды қабылдау және тіркеу жүйелерінің жұмыс істеу жарамдылығын қамтамасыз етуді;

      гарнизон бөлімшелерінің қызмет өткеруден бос жеке құрамын ірі өрттерді сөндіруге және төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - ТЖ) салдарын жоюға тартуды жүзеге асырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шығу кестесіне Министрліктің білім беру ұйымдары енгізілуі мүмкін. Білім беру ұйымының жеке құрамы оқу жоспарында көзделген уақыт шегінде гарнизон бөлімшелерінде қарауыл қызметін атқаруға осы мақсат үшін тартылады. Оқу-жаттығу өрт сөндіру бөлімдері, білім беру ұйымдары гарнизон қызметін атқарады. Онда қарауылдық қызмет ұйымдастырылады";

      17, 18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Гарнизон бастығы:

      гарнизон қызметін ұйымдастырады және бақылайды;

      жоғары дәрежелі, резонанстық және 3 және одан да көп адамның қаза болуымен байланысты өрттерге, авариялар мен дүлей зілзалаларға гарнизондық қызметті ұйымдастыру туралы бұйрыққа сәйкес шығады;

      өрт сөндіруге басшылық етеді;

      өртке қарсы сумен жабдықтаудың, байланыстың, жедел бөлімшелерінің тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріндегі бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      қызметтік тәртіпті және жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін ұстайды;

      гарнизондық және қарауыл қызметтерін ұйымдастыру, оның ішінде гарнизон шекарасын белгілеу бойынша шешім қабылдайды, шығу кестесін жергілікті атқарушы органдарға бекітуге енгізеді;

      гарнизон қызметін міндеттерін орындауға қажет мәліметтер мен жедел ақпаратты сұрайды;

      гарнизон бөлімшелерінің әзірлігін тексереді;

      ірі өрттер, жедел өрт жағдайының күрделенуі немесе ерекше жағдайлар туындаған кезінде, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелерін көшіруді ұйымдастырады;

      Министрлікке ерекше айрықшаланған қызметкерлер мен азаматтарды мемлекеттік наградалармен наградтау және құрмет атақтарын беру бойынша ұсыныстар енгізеді.

      18. Гарнизон бастығының орынбасары:

      гарнизонда өрт-тактикалық дайындықты ұйымдастырады;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің әзірлігін тексереді;

      өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқауларды, жарыстарды және жалпы гарнизондық іс-шаралардың өткізілуін жүзеге асырады;

      гарнизонда өрт сөндіру депосының ғимаратын ұстауды бақылайды;

      жоғары дәрежелі, резонанстық және 3 және одан да көп адамның қаза болуымен байланысты өрттерге, авариялар мен дүлей зілзалаларға гарнизондық қызметті ұйымдастыру туралы бұйрыққа сәйкес шығады;

      өртке гарнизон бастығы келгенге дейін өртке басшылық етеді;

      негізгі, арнайы және қосалқы техниканың, жеке құрамның көп санын талап ететін ықтимал авариялармен және жарылыстармен ұштасатын жұмыс объектілерінің ең маңызды және күрделі жедел тактикалық қатынастағы тізбесін (бұдан әрі – объектілер тізбесі) айқындайды;

      гарнизон қызметін міндеттерін орындауға қажет мәліметтер мен жедел ақпаратты сұрайды;

      ірі өрт кезінде, күрделі жедел өрт жағдайларында немесе айрықша жағдай туындағанда өрт сөндіру мемлекеттік мекемелерінің бөлімшелерін қайта орналастыру бойынша ұсыныс енгізеді;

      гарнизонда қолда бар резервтік өрт сөндіру техникасы есебінен бөлімшелердің есептобындағы өрт сөндіру техникалары құрамын түзетеді.

      19. Жедел кезекші:

      гарнизондағы жедел жағдайларды біледі, қызмет өткеру кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға, оның ішінде оқиға болған жерге шығумен шаралар қабылдайды;

      гарнизон және қарауыл қызметтерін өткеруге бақылауды қамтамасыз етеді;

      гарнизондық іс-шаралардың дайындығын қамтамасыз етуге және оларды өткізуге өзі қатысады;

      жарылу қаупі бар және күшті әсер ететін улы заттар (КӘУЗ) бар объектілердің тізбесі туралы ақпаратты біледі;

      өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтарды ұйымдастырады және оларды өзі өткізеді, кәсіби, арнайы-тактикалық және өзге де даярлық түрі бойынша сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді;

      тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      өрт сөндіру автомобильдері мен өзге де техникаларын өрт сөндіру есептобына уақтылы жеткізуді бақылайды;

      өртке, авариялар мен дүлей зілзала орындарына шығады, өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге басшылық етуді қабылдайды;

      газтүтіннен қорғау қызметі (бұдан әрі – ГТҚҚ) бөлімшелері мен буындары жеке құрамының тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге дайындығын, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (бұдан әрі - ТАОЖҚҚ) техникалық жай-күйін, газтүтіннен қорғаудың бақылау бекеттері мен базаларын ұстауды бақылайды;

      бөлімшелерде қарауыл қызметінің өткерілуін тексереді, кәсіби, тактикалық-арнайы даярлық бойынша сабақтардың жүргізеді;

      гарнизондағы жедел ахуалдың жай-күйі туралы қажет ақпарат сұрайды;

      кезекшілік кезінде бөлімшелердің басшыларына (қарауыл бастықтарына) және гарнизонның лауазымды адамдарына өз құзыреті шегінде, гарнизон және қарауыл қызметінің мәселелері бойынша, оның ішінде өрт сөндіру техникаларының уақытша орын ауыстыруы туралы, кейіннен гарнизон бастығына баяндай отырып, өкім береді;

      жоғары тұрған басшылыққа бірден баяндай отырып, кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда қатардағы және басшы құрамды кезекшілікті өткеруден дереу шеттетеді.

      20. Гарнизон диспетчері:

      Гарнизондағы жедел өрт жағдайы, өрт сөндіру бөлімдерінің орналасуы мен шығу аудандары, өрт туралы бірінші хабарлама бойынша жоғары шақыру нөмірі бойынша бөлімшелер жіберілетін объектілердің тізбесі, сусыз аудандар (учаскелер), қарауылдардың техникалық қару-жарақтары мен тактикалық мүмкіндіктері, өрт сөндіргіш заттардың негізгі қорларының орналасқан жері, сондай-ақ өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің (күштері мен құралдарының) орналасқан жері туралы ақпаратты иеленеді;

      байланыс құралдарының, жазу және ақпараттық аппаратураның, гарнизонның автоматтандырылған жұмыс орнының (бұдан әрі – АЖО) (бар болса) жұмысын бақылайды және олардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      "101" нөмірімен телефон желісі байланысы арқылы өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шақыру туралы хабарламаларды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады;

      шығу кестесіне (күштер мен құралдарды тарту жоспарына) сәйкес гарнизонның күштері мен құралдарын, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасау қызметтерін жібереді;

      өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың барлық қабылдаған шешімдерін тіркеуді жүзеге асырады;

      гарнизон бөлімшесі қарауылдарының, бөлімшелерінің орын ауыстыруын қамтамасыз етеді;

      осы Жарғыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімшелерді күштері мен құралдарының болуы туралы мәліметтерді жинақтайды және гарнизонның саптық жазбасын гарнизон бастығының орынбасарына бекітуге ұсынады;

      гарнизон бөлімшелерімен және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен тәулігіне 2 реттен кем емес байланыстың болуын тексереді;

      гарнизонның лауазымды адамдарына бөлімшенің шығуы және олардың жұмыс орнындағы жағдайы туралы хабар береді;

      гарнизон бастығының орынбасарына және жедел кезекшіге жедел ахуалдың өзгеруі туралы келіп түскен мәліметті баяндайды, сондай-ақ бұл туралы гарнизонның бөлімшелеріне хабар береді;

      гарнизонның жедел кезекшісінің және лауазымды адамдарының ақпараты мен өкімін гарнизон бөлімшелерінің назарына жеткізеді, сондай-ақ осы Жарғыға 6, 7-қосымшаларға сәйкес қызметтік құжаттаманы жүргізеді;

      Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады және оны Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі - СДТТБТ) "Ақпараттарды тіркеу кітабына" (бұдан әрі – АТК) енгізеді;

      СДТТБТ АТК-да тіркелген хабарламалар туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар басқармасының (бөлімнің) бастығына, кезекші анықтаушыға хабарлайды;

      басшылықтың (анықтаушының) нұсқауы бойынша өрт сынау зертханасының маманын жібереді;

      Қағидаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпараттық жүйеге қолжетімділік болмаған кезде акт жасайды;

      гарнизон бөлімшелеріндегі күштер мен құралдардың бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы ақпарат білуі тиіс;

      бөлімшелердің шығу аудандарында өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының, оның ішінде олардың өрт сөндіруге қатысуы жеткіліксіз болса, қарауылдардың сабаққа шығуын, өрт-техникалық міндеттерді шешуге жол бермейді (жедел кезекшінің келісуінен кейін);

      өз құзыреті шегінде гарнизонның лауазымды тұлғаларынан гарнизондағы жедел ахуалды қиындататын анықталған бұзушылықтарды жоюды талап етеді және гарнизон бөлімшелері арасындағы радиоалмасудың дұрыс жүргізілуін бақылайды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Министрліктің барлық аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қарауылдарының жеке құрамымен ауысымдардың (қарауылдардың) бірыңғай реттік нөмірлерімен, тәулік бойы 4 ауысымды режимде кезекшілікті жүзеге асырады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қарауылдық қызметтің негізгі міндеттері:

      кезекшілік кезінде қарауылдардың (кезекші ауысымдардың) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды жүргізуге тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;

      өртке қарсы сумен жабдықтаудың, байланыс құралдарының, шығу ауданына өту жолдарының жарамды күйін бақылау;

      бөлімшенің шығу ауданында өртке қарсы сумен жабдықтаудың орналасқан жерлерін зерделеу, сондай-ақ жедел-тактикалық қатынастағы объектілерді зерделеу;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамының тәртібін жоғары деңгейде ұстау;

      гарнизон бөлімшелерімен, қаланың (ауданның, объектінің) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен сенімді байланыс ұстау;

      бөлімшенің үй-жайлары мен аумағын күзетуді қамтамасыз ету, оларда қажет тәртіпті ұстау, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын жүргізу болып табылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қарауыл жеке құрамының саны бөлімшенің штатымен анықталады, бөлімше қарауылдарының жеке құрамымен, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке бөлімшелері құрамымен көбейтілуі мүмкін.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы):

      жеке құрамның қарауылдық қызметін өткеруді бақылайды және ұйымдастырады, оның ішінде ішкі наряд адамдарының кезекшілікті өткеруін тексереді;

      кезекшілік кезінде қарауылдың жеке құрамының дайындық жоспарын орындауын қамтамасыз етеді және сабақты жеке өзі өткізеді;

      өрт сөндіру техникасының, ӨТЖ және жабдықтарды, өртсөндіргіш заттарды өрт сөндіру бойынша іс-қимылдарды жүргізуге әзірлікте ұстау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, сондай-ақ бөлімшенің шығу ауданындағы өрт сөндіру гидранттарының, су айдындарының, өтетін жолдардың, кіре беріс жолдардың жай-күйін бақылайды;

      жеке құрамның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидаларын орындауды, сондай-ақ қарауылдың жеке құрамының тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді;

      ТАОЖҚҚ ТҚ көрсетуін (№ 1, 2-тексеру) және ГТҚҚ құжаттарының дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;

      күн тәртібінде көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және түнгі мезгілде балалар және емдеу мекемелерінде, түнгі объектілерде адамдардың болуы туралы деректер жинауды бақылайды;

      Осы Жарғының 90-тармағында көрсетілген, бұған құқығы бар тұлғалардан басқа бөгде тұлғалар қызметтік үй-жайларға жіберілмейді;

      қарауыл қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттарды әзірлейді және түзетеді;

      өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарына шығады және кезекші қарауылдың әрекеттеріне басшылық етеді;

      өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, аса маңызды объектілердің (цехтардың) және су көздерінің орналасуын, сондай-ақ бөлімшедегі қолда бар өрт сөндіру техникасы мен байланыс құралдарының сипаттамаларын біледі;

      шығу ауданындағы жедел ахуалдың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты сұрайды, қарауылдық қызметті ұйымдастыру жөніндегі өкімдік және басқа құжаттармен танысады.";

      42, 43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. ББП диспетчері (радиотелефонист):

      ББП барлық қолда бар техникалық байланыс құралдарына келіп түскен өрт, ТЖ туралы хабарламаларды дәл қабылдауға, беруге және тіркеуге және ақпаратты өңдеуге, шақыру орнына қарауылдың (бөлімшелердің) кезекшілерін уақытында және дұрыс жібереді;

      кезекші қарауылдың (бөлімшелердің) өртке, басқа ТЖ орнына жіберілгені туралы Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына (бұдан әрі –КҚЖБО) және бөлімше басшыларына уақтылы баяндама жүргізеді;

      ББП техникалық құралдар мен жабдықтарды сақталуына және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      43. ББП диспетчері (радиотелефонист):

      ББП жедел-қызметтік құжаттамасын, оны жүргізу ретін, ББП диспетчерінің (радиотелефонист) қызметін регламенттейтін, басшылыққа алатын құжаттарды;

      бөлімшенің шығу ауданы мен жедел ахуалды, сондай-ақ көшелер мен өту жолдарын;

      бірінші хабарлама жоғары ранг бойынша бөлімшелер жіберілетін объектілерді;

      жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкалары жасалған объектілердің тізбесін;

      маңызды, өрт және жарылыс қауіпті объектілердің орналасқан жерін, өртке қарсы сумен жабдықтауды, суы жоқ учаскелерді;

      бөлімшенің жарақтануындағы өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жарақтар мен жабдықтардың тактикалық-техникалық сипаттамасын;

      кезекші қарауылдардың өрт сөндіру машиналарындағы тактикалық мүмкіндіктерін;

      байланыс техникалық құралдарының басқару элементтері мен ақпаратты өңдеу, сондай-ақ ББП-ға орнатылған басқа жабдықтардың техникалық сипаттамасын, жұмыс істеу қағидатын;

      бөлімшелер мен басшы құрамның шақырту белгілерін біледі;

      жеке құрамды құлақтандыру және жинау схемаларын пайдалану.

      44. ББП диспетчері (радиотелефонист):

      1) кезекшілікке түскен кезде:

      ББП құжаттаманы, мүлікті және техникалық құралдарды тізімдеме бойынша қабылдайды;

      ББП техникалық құралдардың, резервті қоректендіру көздерінің болуын, тазалығын, жай-күйін және жарамдылығын тексереді;

      ауысатын диспетчерден (радиотелефонистан) ағымдағы шығулар, сондай-ақ бөлімше басшылығының өкімдері мен нұсқаулары туралы мәліметтерді алады;

      2) кезекшілік кезінде:

      қарауылдың бастығынан (кезекші ауысым басшысынан) күштер мен құралдар (жеке құрамның, өрт техникасының, өртсөндіргіш заттары мен ЖЖМ саны) туралы мәлімет алады;

      байланыс құралдары мен техникалық жабдықтардың ақаулықтары туралы мәліметті осы Жарғыға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс құралдарын қабылдау-тапсыру журналына енгізеді;

      өзара іс-қимыл жасау қызметтерімен байланыс ұстайды және өрт болған жағдайда немесе ТЖ аудандарына жібереді;

      осы Жарғыға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуліктің түнгі мезгілінде балалар, емдеу және басқа да мекемелерде болатын адамдарды есепке алу журналын жүргізеді;

      телефон арқылы барлық қоңырауларға дереу "Өртке қарсы қызметі" деп жауап беруге, ал ішкі телефонға өзінің лауазымы мен тегін атайды, мысалы: "диспетчер (радиотелефонист) Ахметова";

      өту жолдарының жабылуы, өртке қарсы сумен жабдықтаудың істен шығуы және жедел ахуалдың өзгерістері туралы ақпарат алған кезде дереу КҚЖБО-дағы кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысы), баяндайды және алынған ақпаратты тиісті журналдарға енгізеді;

      қарауылдық қызметті тексеруге құқығы бар лауазымды тұлғалар ББП үй-жайына барған кезде, "Майор мырза. Диспетчер (радиотелефонист) Ахметова" деген нысан бойынша баяндайды;

      3) шақыруларды өңдеген кезде:

      кезекші қарауылдарының шығу жолдамасында мынадай ақпаратты:

      шақыру объектісінің мекенжайы;

      объектінің атауы;

      объектінің орналасқан жері туралы мәліметтерді;

      не және қайда жанып жатқаны (немесе ТЖ туралы басқа мәлімет);

      нешінші қабатта (немесе жертөледе) жанып жатқаны;

      ғимараттың қабаттылығы (немесе биіктігі);

      адамдарға төнген қатердің болуы;

      КҚЖБО диспетчерінің тегін;

      ТЖ туралы хабар алынған уақытын, күнін тіркейді және қолын қояды;

      КҚЖБО аға диспетчердің (гарнизон диспетчері) басқа нұсқауы болмаса шығу кестесінде көзделген күштер мен құралдарды жіберу туралы шешім қабылдайды;

      шешім қабылданғаннан кейін бірден "Дабыл" сигналын береді;

      қарауылдың шығу жолдамасын, сондай-ақ өрт сөндіру жоспарын немесе (бар болған жағдайда) карточкасын кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) береді;

      4) шығуларды сүйемелдеу кезінде:

      өрт немесе басқа ТЖ шыққан кезекші қарауылмен (бөлімшемен) радиобайланыс орнатады және ұстады;

      өрт немесе басқа ТЖ туралы ақпаратты қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) шақыру орнына бару кезінде, КҚЖБО аға диспетчеріне (гарнизон диспетчеріне) және бөлімше басшыларына дереу береді;

      өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде лауазымды тұлғалармен қабылданатын барлық шешімдерді тіркеуді АЖО-на электронды түрде уақытты көрсете отырып, АЖО болмаған жағдайда осы Жарғыға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімшенің шығуын есепке алу журналына жүзеге асырады.

      45. ББП диспетчеріне (радиотелефонистке):

      қызмет өткеруден алаңдауға және қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) рұқсатынсыз және ББП жұмысы үшін дайындалған және рұқсат етілген тұлғаның ауыстыруынсыз ББП-дан кетуге;

      қарауылдың өртке немесе басқа ТЖ-ға шығуы кезінде демалуға, телефон бойынша негізгі қызметпен байланысты емес әңгімелерді жеке жүргізуге және оларға жол беруге, радиоалмасу тәртібін бұзуға;

      ББП үй-жайына тексерушілерінен, гарнизонның лауазымды тұлғаларынан, бөлімше басшылығынан, қарауыл бастығынан (кезекші ауысым басшысынан), қарауыл бойынша кезекшіден және байланыс құралдарының ТҚ көрсетуі үшін жауапты тұлғалардан басқа бөгде тұлғалардың кіруіне рұқсат етілмейді.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Гарнизонда қабылдаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу кезінде

      және АЖО-на ақпаратты өңдеу, осы Жарғының 42-тармағында келтірілген ББП диспетчерінің (радиотелефонистінің) міндеттері осы Жарғының талаптарына қайшы келмейтін құқықтық актілермен регламенттелуі мүмкін.";

      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды, өрт туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      49. Төтенше жағдайлар басқармасының (бөлімінің) бастығы және оның орынбасары өрт қауіпсіздігі саласында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша функцияларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті аумақта жүзеге асыратын, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

      50. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары және олардың орынбасарлары мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің дайындығын, сондай-ақ тиісті аумақтағы бақылаудағы объектілердің өртке қарсы жай-күйін бақылауды және тексеруді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, объектілердің өртке қарсы жай-күйі туралы хабардар етеді.

      51. Бас маман, аға инженер, инженер өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті аумақта ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

      51-1. Аға анықтаушы (анықтаушы) - өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам және анықтау органының бастығына бағынады.

      51-2. Аға анықтаушы (анықтаушы):

      өрттердің барлық тіркелген жағдайларына барады және тексеру әрекеттерін жүргізеді;

      қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес тіркелген өтініш, хабарлама бойынша өз құзыреті шегінде шешім қабылдайды;

      қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін, материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жергілікті жерді, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді;

      заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі көзделген, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуді бастау және жүзеге асыру, тергеу және басқа да процестік әрекеттерді жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындайды;

      істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды.

      51-3. Зерттеу сынау өрт зертханасының бас маманы, аға инженері (инженері):

      1) зерттеу сынау өрт зертханасының (бұдан әрі - ЗСӨЗ) бастығына бағынады;

      2) ЗСӨЗ аға инженері уақытша болмаған жағдайда осы лауазым бойынша лауазымдық міндеттерді атқару ЗСӨЗ инженеріне жүктеледі;

      3) өрттерге барады, оларға зерттеу жүргізеді, зерттелген оқиғалар бойынша қорытындылар дайындайды;

      4) зертхананың барлық құжаттамасын, оның дұрыс және уақтылы ресімделуін жүргізеді;

      5) өндірістің технологиялық процестерінің өрт қауіпсіздігін зерделейді және бағалайды;

      6) өрт бойынша материалдарды өңдейді;

      7) өрт қауіпсіздігі саласындағы оқу орындары үшін ақпараттық материалдар дайындау мақсатында өрттерде болып жатқан зерттеулерді, құбылыстарды, өрт шыққан жерлердің салдарын бейне және фототүсірілімді жүргізеді;

      8) өрттің шығу себептері туралы қорытынды береді;

      9) өртте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтайды,

      ЗСӨЗ үй-жайларында және тұрмыста;

      10) зертхана жұмысын перспективалық және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады;

      11) зерттелген өрттер бойынша материалдардың жинақталуын және өңделуін бақылауды жүзеге асырады;

      12) ірі, резонанстық және практикалық қызығушылық тудыратын өрттердің, жарылыстардың сипаттамасын жасайды;

      13) зертханалық жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.";

      5-тарауда:

      тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Өртке қарсы қызмет жасақтарының, мамандандырылған жасақтар мен өрт сөндіру бөлімдерінің басшылығы";

      2 және 3-параграфтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Өрт сөндіру (мамандандырылған өрт сөндіру, мамандандырылған жасақ, өрт сөндіру бекеті) бөлімінің бастығы

      55. Өрт сөндіру бөлімінің (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған жасақтың, өрт сөндіру бекетінің) бастығы өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған жасақтың, өрт сөндіру бекетінің) тікелей бастығы болып табылады және жауап береді:

      жеке құрамның әзірлігіне, қарамағындағылардың заңдылықты қатаң және сөзсіз сақтауына, моральдық-психологиялық жай-күйіне, кадрларды іріктеуге және орналастыруға, тәрбиесі мен тәртібіне;

      арнайы-тактикалық даярлығына;

      қарауыл қызметін ұйымдастыруға, бөлімшелердің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауына және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірлігіне;

      бөлімнің шаруашылық және қаржы қызметіне, бөлімнің өрт сөндіру техникасын, ӨТЖ, байланыс құралдарының, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың және қызметтік-тұрмыстық үй-жайларын ұстауға және дұрыс пайдалануға жауап береді.

      56. Өрт сөндіру (мамандандырылған өрт сөндіру, мамандандырылған жасақ, өрт сөндіру бекеті) бөлімінің бастығы:

      өрттерге, авариялардың, дүлей зілзалалардың орындарына шығады және өрт сөндіруге немесе өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының авариялар және дүлей зілзалалардың салдарын жою бойынша жұмыстарына басшылық етеді;

      маңызды объектілердің ғимараттары мен құрылыстарының орналасқан жері, өрт қауіптілігі мен конструктивті ерекшеліктері, өндірістің технологиялық процестерінің өрт қауіптілігі, сондай-ақ жедел өрт ахуалына уақытында ден қояды;

      өртке қарсы сумен жабдықталуының, шығу ауданындағы өту жолдарының жай-күйін, гарнизонда бар өрт сөндіру автомобильдерін қолдану қағидалары мен тактикалық-техникалық сипаттамаларын біледі;

      жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға, өрт сөндіру (мамандандырылған өрт сөндіру, мамандандырылған жасақ, өрт сөндіру бекеті) бөлімі іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін зерделейді және біледі;

      өрт сөндіру (мамандандырылған өрт сөндіру, мамандандырылған жасақ, өрт сөндіру бекеті) бөлімі жеке құрамының, сондай-ақ ГТҚҚ буындарының тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге арнайы-тактикалық даярлығы бойынша сабақты басқарады және жеке өзі жүргізеді;

      жеке құраммен жеке-тәрбиелік жұмысты ұйымдастырады, жаңадан қабылданған қызметкерлердің бастапқы даярлығын ұйымдастыруды бақылайды;

      қалыптасқан жағдайға байланысты ауданның күзетілуін күшейту бойынша іс-шараларды әзірлейді және қызметтің ұйымдастырылуына түзетулер енгізеді;

      қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өндірістік санитария бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, бөлімшелердегі ішкі тәртіпті ұстайды;

      ТАОЖҚҚ, байланыс құралдарының, газ түтіннен қорғаушылар жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықтар мен құрал-жабдықтардың жай-күйін, дұрыс сақталуы мен пайдалануын бақылайды;

      қарауылдар құрамына кірмейтін өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының жұмыс тәртібі мен режимін белгілейді;

      жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, осы Жарғыда көзделген бөлімше құжаттамасын әзірлейді;

      қарауылдардың ауысымы (кезекші ауысымы) кезінде жеке қатысады және қызметтік наряд парақтарын тексереді, басшы құрамның сабақты өткізуге дайындығын бақылайды;

      өртті, авариялар мен дүлей зілзалалардың салдарын жою кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қала) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

      техниканы, ӨТЖ тұрақты әзірлікте ұстауды қамтамасыз етеді, олардың жай-күйі мен ЖЖМ жұмсалуының есебін жүргізуді дүркін-дүркін тексереді;

      өрт сөндіру жедел жоспарлары мен карточкаларын әзірлеуді, түзетуді және практикалық пысықтауды ұйымдастырады және жеке қатысады.

      Параграф 3. Жасақ (бөлім) бастығының орынбасары

      57. Жасақ (бөлім) бастығының орынбасарының жұмысы бойынша:

      кадрларды іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты, сондай-ақ жасақта (бөлімде)тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысы мен оның жай-күйін ұйымдастыру;

      жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі мен тәртібіне;

      жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша жұмыстарға;

      тактикалық-арнайы, қызметтік және дене дайындығы;

      өрт сөндіру техникасын, ӨТҚ, байланыс құралдарын, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды және бөлімнің қызметтік-тұрмыстық

      үй-жайларын ұстау және дұрыс пайдалануына жауап береді.

      58. Жасақ бастығының орынбасары (өрт сөндіру бөлімінің бастығы) жасақ бастығына (бөлім) бағынады және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

      59. Жасақ бастығының (өрт бөлімі бастығының) орынбасары:

      жедел өрт жағдайына уақытында әрекет етеді, жедел-тактикалық қатынаста маңызды объектілердің орналасқан жері, өртке қарсы жағдайы, өрт қауіптілігі және ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік ерекшеліктері, өртке қарсы сумен жабдықтау жағдайы, шығу ауданындағы өту жолдары, пайдалану ережелері және бөлімшенің қарулануында тұрған өрт сөндіру автомобильдерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты иеленеді;

      қарауылдық қызметті, бөлім жеке құрамының, сондай-ақ бағынысты өрт сөндіру бекеттерінің күнделікті жұмысын ұйымдастырады және бақылайды және оларға практикалық көмек көрсетеді;

      ГТҚҚ бөлімшелері мен буындарының жеке құрамын тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге дайындау бойынша жұмысты басқарады, газ-түтіннен қорғаушылардың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ТОЖҚҚ, байланыс құралдарының, жабдықтар мен жарақтардың жай-күйін, дұрыс сақталуын және пайдаланылуын бақылайды;

      еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, осы Жарғыда көзделген бөлімшенің құжаттамасын әзірлейді;

      өрттерге, авариялар, дүлей зілзалалар орындарына шығады және өрттерді сөндіруге немесе авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының жұмысына басшылық етеді;

      жеке құраммен тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүргізеді, оны қызметтік міндеттерді табысты шешуге, тұрақты әзірлікте ұстауға, дара басшылық қағидатын нығайтуға бағыттай отырып;

      қызметкерлерді тапсырылған іске адал қарауға, саналы тәртіпке, қырағылыққа, жоғары моральдық қасиеттерге, заңдарды, анттарды, бастықтардың бұйрықтарын дәл орындауға, азаматтардың өтініштері мен өтініштеріне сезімтал және мұқият ден қоюға тәрбиелеу бойынша жеке жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

      сайысты ұйымдастыруға және өткізуге, озық тәжірибені насихаттауға және таратуға тікелей қатысады, жеке құрамның бастамашылығы мен белсенділігін дамытады;

      өрттерге, авариялар, дүлей зілзалалар орындарына шығады, жеке құраммен жұмысты жүзеге асырады, қажет болған жағдайда өрттерді сөндіруге немесе авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі жеке құрамның жұмысына басшылық етеді;

      бөлім бастығына жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, әлеуметтік-құқықтық жұмыс және қызметтік тәртіп жағдайы туралы баяндайды.";

      4-параграф алып тасталсын;

      6-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі

      65. Өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізуші өрт сөндіру бөлімінің бастығына және оның орынбасарларына бағынады. Ол бөлімнің барлық жүргізушілер құрамының тікелей бастығы болып табылады және өрт техникасының техникалық жарамдығына, оның дұрыс сақталуына, пайдалануына, уақтылы ТҚ көрсетілуіне және жөнделуіне, жүргізушілер құрамының даярлығына жауапты болады.

      66. Аға жүргізуші:

      бөлімшенің автомототехника жұмысының болуы мен техникалық жағдайын, сақталу тәртібін, пайдалануын, ТҚ көрсетуін, жөндеуін және есепке алынуын, оның құрылысын, сондай-ақ шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен өту жолдарын біледі;

      өрт сөндіру техникасының агрегаттарымен мен жабдықтарымен, байланыс құралдарымен жұмыс істейді;

      бөлім жарақтануындағы өрт техникасын пайдалануды, техникалық дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді, оны үнемі әзірлікте ұстайды, оның ТҚ көрсетілуі және жөнделуі жөнінде жұмыстарға жеке басшылық етеді;

      жүргізушілерді өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс істеуге, қауіпсіздік техникасы қағидаларына үйретеді және алған білімдерін тексереді;

      өрт техникасына арналған пайдалану-техникалық құжаттамасын жүргізеді, жүргізушілердің пайдалану карточкаларын дұрыс ресімделуін, ЖЖМ, қосалқы бөлшектердің және басқа мүліктердің үнемді жұмсалуын қадағалайды;

      бөлімнің өрт сөндіру автомобильдерінің техникалық жағдайларын тексереді, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өрт техникасының бұзылулары мен істен шығуы бойынша шаралар қабылдайды, олардың себептері және қабылданған шаралар туралы бөлім бастығына баяндайды;

      қажетті қосалқы бөлшектерге, құрал-сайманға, жабдықтарға және ЖЖМ өтінімдерді уақытында ұсынады, олардың дұрыс сақталуын және қолданылуын ұйымдастырады;

      гараждарда және өрт техникасы, техникалық мүлік пен ЖЖМ сақталатын орындарда тазалықты, тәртіпен өрт қауіпсіздігі қағидаларын, тәртібін, сақталуын, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуы мен жай-күйін бақылайды.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Өрттен немесе өрт-тактикалық оқу-жаттығулардан, сабақтардан қайтып оралған кезде қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) бақылауы және тікелей қатысуы арқылы кезекші қарауылды және техниканы 10 минут ішінде әзірлікке келтіру жүзеге асырылады. Бұл ретте:

      жүргізушілер автомобильдерге ЖЖМ толық құяды (бөлімшеден тыс жанармай құйған кезде бөлімшенің бүкіл жеке құрамы шығады);

      қарауылдың өрт сөндіру есептоптарының жеке құрамы, ӨТҚ және жабдықты, өрт сөндіру жеңқұбырлары мен жеке құрал-жабдықтарды ауыстырады, өрт сөндіру автомобильдерін өртсөндіргіш заттармен толықтырады;

      қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) техниканы өрт сөндіру есептобына қою және қарауылдың шығуға дайындығы туралы КҚЖБО-ға баяндайды;

      жүргізушілер мен жеке құрам өрт сөндіру техникасына ТҚ өткізеді, жеке гигиена шараларын жүзеге асырады.";

      9-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. бөлім аумағына және қызметтік үй-жайларға кіру тәртібі

      77. Бөлім аумағына және қызметтік үй-жайларға келесі келген адамдар жіберіледі:

      бөлімнің кезекші қарауылының қарауылдық қызметті ұйымдастыруын және өткеруін тексеру үшін;

      өрт (авария, апат, табиғи зілзала) туралы хабарлау үшін;

      қызметтік істер бабымен;

      гарнизон бастығымен (бөлімше бастығымен) келісіп, бөлімшеге келген делегация және экскурсия құрамында келген тұлғалардың кіруіне рұқсат етіледі.

      77-1. Қарауылдық қызметті ұйымдастыруды және атқаруды тексеру үшін бөлім аумағына кедергісіз жіберіледі:

      (құжатты немесе қызметтік куәлікті көрсеткен кезде):

      Министрліктің басшылығы;

      Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, сондай-ақ Өртке қарсы қызмет комитетінің қызметкерлері.

      78. Бөлімге келген барлық адамдардан ішкі наряд немесе қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) келу мақсатын анықтайды және бөлімшені (қарауылды) тексеру үшін келген адамдардан қызметтік куәлігін немесе тексеруге нұсқаманы көрсетуді талап етеді, одан кейін "қарауыл бастығы шығуға!", келушілерді бастыққа немесе оның орынбасарларына ертіп барады.

      79. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) Күндізгі және түнгі уақытта "Қарауыл, тік тұр!" командасын береді, осыдан кейін қарауыл кезекшілігі туралы баяндама жасайды және келген тұлғаларды ертіп жүреді. Баяндама нысаны – "Майор мырза, бірінші қарауыл кезекшілік етеді, жеке құрам .... айналысуда (немен айналысып жатқанын, оқиғалар болған кезде сол туралы баяндайды). Қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Сапаров" деп баяндама жасағаннан кейін келген тұлғаларды ертіп жүреді.";

      82, 83 және 84-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Таратуға түсіп жатқан және ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысымның) барлық жеке құрамы шығарылады. Қарауылды таратуды бөлімшенің бастығы (басшысы) немесе оны алмастыратын тұлға жүргізеді.

      Ескертпе: демалыс, мереке және қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасы күндері қарауылдарды ауыстыруды алдын ала бекітілген графикке сәйкес аға немесе орта басшы құрам қатарынан жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      83. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің барлық бөлімдеріндегі қарауылдың ауысуы гарнизон бастығының орынбасары белгілеген сағат 09.00-ден кешіктірілмей жүргізіледі.

      Ескертпе: қарауылдарды ауыстыру 30 минуттан аспауы тиіс.";

      84. Министрліктің Білім беру ұйымдарының оқу өрт сөндіру бөлімдерінде қарауылдардың ауысу уақытын оның басшысы белгілейді.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Қарауылға (кезекші ауысым) түскен жеке құрам №1 ТОЖҚҚ тексеруді қарауыл (кезекші ауысым) ауысымына дайындық кезеңінде, ТОЖҚҚ жеке бекітуі болған кезде қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) басшылығымен жүргізеді.

      Ескертпе: ТОЖҚҚ бөлімшенің газ-түтіннен қорғаушыларына топтап бекіту кезінде №1 Тексеру бөлінгеннен кейін, кезекшілікті қабылдау кезеңінде қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) басшылығымен жүргізіледі.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Ішкі наряд тұлғаларының ауысу санын, дабыл бойынша қарауылдың (кезекші ауысым) шыққан уақытында бөлімшенің қызметтік үй-жайларын қорғау тәртібін бөлімше бастығы белгілейді. Ішкі наряд тұлғаларының ауысуын бақылауды қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) немесе қарауыл бойынша кезекші жүзеге асырады.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Өрт сөндіру депосының қасбеті алдындағы бекетші:

      қарауыл орналасқан жерде өртке қарсы қызметі жеке құрамын, азаматтарды және көлік құралдарын бөлімше аумағына кіруге рұқсат беру тәртібін біледі;

      азаматтардың өрт (авариялар) туралы арыздарын қабылдайды және ол туралы қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына) және ББП диспетчеріне (радиотелефонистіне) хабарлайды, үнемі көзге көрінетін жердегі жағдайды бақылап, өрт анықталған кезде ол жөнінде қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына) және ББП диспетчеріне (радиотелефонистіне) хабарлайды;

      өрт сөндіру депосының гараж қақпасы алдында барлық көлік түрлерінің, сондай-ақ бөлімшенің жеке құрамына қатысы жоқ адамдардың аялдауына және тоқтауына жол бермейді, өрт сөндіру депосы ғимаратының қасбеті алдында тәртіп пен және тазалықты қадағалайды;

      бөлімшеге келген барлық тұлғалардан ("Қасбеті алдындағы бекетші азаматтық қорғау кіші сержанты Алпысбаев" нысаны бойынша таныстырудан кейін"), олардың келу мақсатын сұрайды, содан кейін қарауыл (кезекші ауысым) лауазымды тұлғаларды шақырту сигналын қолдана отырып, қарауыл бастығын (кезекші ауысым басшысын), ал ол болмаған немесе демалыста болған кезінде – қарауыл бойынша (кезекші ауысым) кезекшіні шақыртады.";

      көрсетілген Жарғыға 1-қосымша алып тасталсын;

      көрсетілген Жарғыға 5, 6, 7, 10 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
1-қосымша
  Өртке қарсы қызметтің
жұмыс жарғысына
5-қосымша

      нысан

  Бекітемін
"ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығы
____________________________
(аймақтың атауы)
____________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
20__ жылғы "___"____________

20__жылғы "___"________ саптық жазба

Өрт сөндіру бөлімшелерінің атауы

ӨСБ (МӨСБ, ӨБ) штаты

Ж/қ тізімі бойынша қарауылда

Жеке құрамның шығысы бойынша

Газ-үтіннен қорғаушылар/ аппараттар

Жоқ

Барлығы

Есеп

Қарауыл бастығы

Бөлімше командирі

Жүргізушілер

Өрт сөндірушілер

Диспетчерлер (радиотелефоншылар)


Оқу демалысы/декрет

Ауру

1-ӨСБ













2-ӨСБ













БАРЛЫҒЫ:













      Кестенің жалғасы

Жоқ

отын бензин/дизотын

Өрт сөндіру техникасы

Іссапар

Басқа себептер


Есепте

Резервте

Жөндеуде

Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі

Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы

Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі

Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы

Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі

Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы




АЦ-7-40
АЦ-3,2-40

-

АЦ-2,5-40

-

АЦ-7-40

-




АЦ-7-40
КМӨА

АС-30

АЦ-2,5-40

-

АЦ-7-40

-










Өрт сөндіру бөлімдерінің атауы

Есептегі автомобильдерде бар

Жеңқұбырлар

Лафетті оқпандар тұрақты/тасымалы

ГПС-600, "Пурга"/УП

Тасымалы. р/ст

Электрошамдар/ прожекторлар

77мм

66 мм

51 мм

1-ӨСБ








2-ӨСБ








БАРЛЫҒЫ:








      Кестенің жалғасы

Есептегі автомобильдерде бар

Қоймадағы көбік түзгіш

Диспетчерлер (радиотелефоншылар)

Қарауыл бастығы немесе оны ауыстыратын тұлғалар

бөлім бойынша жауапты

Лафетті оқпандар тұрақты/тасымалы

ГПС-600, "Пурга"/УП

Тасымалы. р/ст

Электрошамдар/ прожекторлар

ТОК/Л-1

Құтқарғыш арқандар

көбік түзгіш есепте


































      Гарнизон бойынша жауапты ________________________

      ӨСКБ кезекші ауысымы:

      Шұғыл кезекші____________________________

      Аға көмекші_______________________________

      Көмекші______________________________________

      Аға диспетчер_______________________________

      Диспетчер______________________________________

      Диспетчер (радиотелефоншы)______________________

      Ескертпе:

      1) позициялар саны гарнизон бастығының шешімімен ұлғаюы мүмкін;

      2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда саптық жазбалар журналы енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
2-қосымша
  Өртке қарсы қызметтің
жұмыс жарғысына
6-қосымша

Гарнизон қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттар тізбесі

Р/с

Құжаттардың атауы

Толтыру, жаңарту мерзімділігі

Сақталу орны

Сақталу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Гарнизон бөлімшелерінің шығу кестесі (Күштер мен құралдарды тарту жоспары)

қажеттілігіне қарай, бірақ екі жылда бір реттен кем емес

КҚЖБО (ауданның ББП)

жаңасымен ауыстырылғанға дейін

2.

Коммуналдық және шұғыл қызметтермен (қаланың, ауданның), сондай-ақ өртке қарсы қызметтің ведомстволық бөлімшелерімен (қажеттілігіне қарай) өзара іс-қимыл Алгоритмдары

қажеттілігіне қарай

КҚЖБО

күші жойылғанға немесе жаңасымен ауыстырылғанға дейін

3.

Азаматтық қорғаныс жөніндегі құжаттар:
1. Азаматтық қорғаудың өртке қарсы қызметін құру туралы бұйрық.
2. Азаматтық қорғаудың өртке қарсы қызметі туралы ереже.
3. Облыстың (қала, аудан) АҚ жоспары.
4. Азаматтық қорғаудың басқару және күштер органдарын даярлау бойынша іс-шаралар жоспары.
5. Жеке құрамды құлақтандыру схемасы.

қажеттілігіне қарай

КҚЖБО, сейфте

жаңасымен ауыстырылғанға дейін

4.

Кезекшілік кезінде гарнизон бойынша жедел кезекшіге жоспар-тапсырма

күнделікті

ӨСКҚ

бір жыл

5.

Бөлімшелер мен гарнизонның лауазымдық тұлғаларының шақыртулар тізбесі

қажеттілігіне қарай

КҚЖБО (ӨСКҚ, сейфте)

жаңасымен ауыстырылғанға дейін

6.

Кәсіпорындар мен елді мекендердегі өрт сөндіру жедел жоспарлары мен карточкалары

қажеттілігіне қарай

КҚЖБО – электронды (режимді, аса маңызды, стратегиялық объектілерге – қағаз түрінде)

жаңасымен ауыстырылғанға дейін

7.

Елді мекен (аудан) су көздерінің планшеті

жылына екі рет және қажеттілігіне қарай

КҚЖБО, жедел кезекшінің автомобилі

жаңасымен ауыстырылғанға дейін

      Ескертпе:

      1) құжаттарды әзірлеу тәртібін және олардың орындалуына (жаңартылуына) жауаптыларды гарнизон бастығы белгілейді;

      2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған кезде бөлімшелердің шығуын есепке алу журналы және саптық жазбалар журналы енгізіледі;

      3) өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері орналасқан және өрт сөндіру бөлімдерінің шығу аудандарының шекаралары, аса маңызды және режимдік кәсіпорындар бөлген су көздері көрсетілген қаланың (ауданның) жоспар - картасы электрондық форматта жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
3-қосымша
  Өртке қарсы қызметтің
жұмыс жарғысына
7-қосымша

Қызметті ұйымдастыру, дайындық және өрт сөндіру бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің регламенттік құжаттарының тізбесі

р/с

Құжаттың атауы

Әзірлеу, түзету мерзімділігі

Сақтау орны

Сақтау мерзімі

1

2

3

4

5

Қызметті ұйымдастыру бойынша

1.

Қызмет кітабы

Кезекшілік кезінде

Қарауыл бастығының кабинетінде

Толтырғаннан кейін үш жыл

2.

Күн тәртібі

Қажеттілігіне қарай

Өрт сөндіру депосындағы стендте

Күші жойылғанға немесе жаңасымен ауыстырылғанға дейін

3.

Кезекшілік қарауылдар жеке құрамының функционалдық міндеттері

Қажеттілігіне қарай

қарауыл бастығының кабинетінде

Күші жойылғанға немесе жаңасымен ауыстырылғанға дейін

4.

Облыс (қала) (қызметтер) гарнизоны бөлімшелерінің, гарнизонның лауазымды тұлғаларының шақырулары

Қажеттілігіне қарай

№3 папкада

жаңасымен ауыстырылған ға дейін

5.

Жеке құрамды қарауылға бекіту туралы бөлім бастығының бұйрығы (көшірме)

Қажеттілігіне қарай

Бастықтың орынбасарының кабинетінде

Күші жойылғанға немесе жаңасымен ауыстырылғанға дейін

6.

Азаматтық қорғаныс жөніндегі құжаттар:
1. Азаматтық қорғаудың өртке қарсы қызметін құру туралы бұйрық.
2. Азаматтық қорғаудың өртке қарсы қызметі туралы ереже.
3. Облыстың (қала, аудан) АҚ жоспары.
4. Азаматтық қорғаудың басқару және күштер органдарын даярлау бойынша іс-шаралар жоспары.
5. Жеке құрамды құлақтандыру схемасы.

Жылына бір рет және қажеттілігіне қарай

№3 папкада

жаңасымен ауыстырылғанға дейін

7.

Гарнизон басқару аппаратының, бөліністерінің телефондар анықтамалығы

Жылына бір рет

№3 папкада

жаңасымен ауыстырылғанға дейін

Дайындықты ұйымдастыру бойынша

8.

Жеке құрамның тактикалық-арнайы дайындығын ұйымдастыру және өткізу бойынша құжаттар (гарнизон бастығы орынбасарының бұйрығы, оқу тәртібі және айлары бойынша уақытты бөлудің жылдық жоспары, сабақтар кестесі, тақырыптық жоспарлар, тактикалық-арнайы дайындауды есепке алу журналы, сабақтар басшыларының жоспар-конспекті)

Жылына бір рет және қажеттілігіне қарай

Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде

Жаңасымен ауыстырғаннан кейін екі жыл

9.

Өрт сөндіруші, жүргізуші, радиотелефонист лауазымдарына жаңадан қабылданған қызметкерлерді алғашқы даярлауды ұйымдастыру және жүргізу құжаттары

қажеттілігіне қарай нақты қызметкерге

Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде

Қызметкердің барлық жұмыс кезеңінде

10.

Жеке құрамның өрт жолағында, ТАОЖҚҚ-да, жылутүтін камерасында және таза ауада психологиялық дайындықты машықтану жоспар-кестесі

Жылына бір рет

Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде

Жаңасымен ауыстырғаннан кейін бір жыл

Өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша

11.

Бөлімшенің шығу кестесі (үзінді көшірме) – қалалық бөлімшелер үшін, "Күштер мен құралдарды тарту жоспары"

Қажеттілігіне қарай

Бөлімнің байланыс пунктінде

Жаңамен ауыстырылған ға дейін

12.

Коммуналдық, шұғыл қызметтердің және басқа да өзара әрекеттесетін қызметтердің телефондарының анықтамалығы

Жылына бір рет, қажеттілігіне қарай

№2 папкада

Жаңамен ауыстырылған ға дейін

13.

Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкалары (оның ішінде ауылдық бөлімшелер үшін – елді мекендерге арналған)

Жылына бір рет, қажеттілігіне қарай

Бөлімнің байланыс пункті

Жаңамен ауыстырылғанға дейін

14.

Шығуға жолдама

Бөлімшеден тыс шыққан кезде толтырылады

Бөлімнің байланыс пункті

1 ай

15.

Түнгі уақытта балалар, емдеу және өзге де мекемелерде болатын адамдарды есепке алу журналы

Күн сайын 21:00-де

Бөлімнің байланыс пункті

Жаңамен ауыстырылғанға дейін

16.

Байланыс құралдарын қабылдау-тапсыру журналы

Кезекшілік тәулік ішінде

Бөлімнің байланыс пункті

Толтырғаннан кейін 1 жыл

17.

Өрт туралы акт (көшірмесі)

Жасалуына қарай

Бөлім бастығының кабинетінде бөлек папкада

5 жыл

18.

Өрттегі қарауылдың іс-қимыл карточкасы (жеке құрам талдаған әрбір өртке жасалады)

Зерттеу нәтижесі бойынша, өрттен кейін 10 тәуліктен кешіктірмей

Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде бөлек папкада

Оқу жылы аяқталғаннан кейін екі жыл

Қауіпсіздік техникасы бойынша

19.

Қауіпсіздік техникасы бойынша сынақтарды (нұсқаулықтарды) есепке алу журналы

Бір жыл бойы, қажеттілігіне қарай

Өрт сөндіру басқармасы (бөлім) бастығының кабинетінде, қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде

5 жыл

Техника бойынша

20.

Өрт сөндіру автомобильдерін қабылдау-тапсыру журналы

Ауысымды қабылдау тапсыру кезінде

Қарауыл бастығының кабинетінде

Ауыстырылғананнан кейін бір жыл

21.

Бөлімнің автотехникасына техникалық қызмет көрсету графигі*

Жылына бір рет, қажеттілігіне қарай

Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде №1-папкада, стенд

Жаңасымен ауыстырылғанға дейін

22.

Өрт сөндіру автомобильдеріне ТҚК журналы

Техникалық қызмет жөніндегі тәлімдеменің талаптарына сәйкес

Қарауыл бастығының кабинетінде

Жаңасымен ауыстырылғанға дейін

23.

Пайдалану карточкасы (әрбір негізгі және арнайы автомобильге)

Кезекшілік тәуліктер бойы

Қарауыл бастығының кабинетінде бөлек папкада

Жаңасымен ауыстырылғанға дейін

Өрт-техникалық жарақтары бойынша

24.

Бөлімнің әрбір негізгі және арнайы автомобиліне өрт-техникалық жарақтарының тізімдемесі

Қажеттілігіне қарай

Гаражда стендте немесе автомобильде

Жаңасымен ауыстырылғанға дейін

25.

ӨТҚ мен басқа құрал-жабдықтарды, диэлектрлік құралдарды сынау актілері мен графигі

Диэлектрлік ққұралдарды сынау нәтижелері бойынша тұрақты

Бастықтың қызмет жөніндегі орынбасарының кабинетінде бөлек папкада

Ауыстырылғаннан кейін үш жыл

Жеңқұбыр шаруашылығы бойынша

26.

Өрт сөндіру жеңқұбырларының паспорты

Жеңқұбыр жұмысынан кейін

Қарауыл бастығының кабинетінде

Жеңқұбырларды есептен шығарғанға дейін

Өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша

27.

Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін түзету енгізу журналы

қажеттілігіне қарай

Қарауыл бастығының кабинетінде

Ауыстырғаннан кейін үш жыл

28.

Бөлімшелердің шығу ауданындағы су көздерінің планшеті

қажеттілігіне қарай

Бөлімнің байланыс пункті, әрбір негізгі автомобильге біреуден

Жаңасымен ауыстырылғанға дейін

      Ескертпелер:

      1) Құжаттарды әзірлеу тәртібін және олардың орындалуына (жаңартуға) жауапты тұлғаларды гарнизон бастығының орынбасары белгілейді;

      2) АҚ жөніндегі құжаттар қарауыл бастығының кабинетіндегі сейфте (жанбайтын металл шкаф) сақталады, сейф кілті қарауыл бастығында болуы қажет. Кезекшілікті қабылдау-тапсыру кезінде қарауыл бастықтары айқындаған тәртіпте тексереді және қабылдайды;

      3) №3 папка бөлімнің байланыс пункті сейфінде сақталады;

      4) Бөлімше бастығы айына кемінде бір рет барлық құжаттардың сақталу, жүргізілу, қолдану тәртібін бақылайды және оларға уақытында түзетулер немесе нақтылауды енгізеді;

      5) автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда бөлімшелердің шығуларын есепке алудың авариялық журналы және шығуға жолдама енгізіледі;

      6) өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері орналасқан және өрт сөндіру бөлімдерінің шығу аудандарының шекаралары, аса маңызды және режимдік кәсіпорындар бөлген су көздері көрсетілген қаланың (ауданның) жоспар - картасы электрондық форматта жүргізіледі;

      7) жеке құрамды даярлау жөніндегі құжаттар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамын тактикалық-арнайы даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізіледі;

      8) техникалық қызмет жөніндегі құжаттар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызмет жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі;

      9) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша құжаттар нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
4-қосымша
  Өртке қарсы қызметтің
жұмыс жарғысына
10-қосымша

      нысан

Бөлімшенің шығуын есепке алу ЖУРНАЛЫ

  20__жылы "___"_____ басталды
20___жылы "___"____ аяқталды
Бөлімшенің шығуын есепке алу
журналының жалғасы
2 парақта
(кемінде 200 парақ болады)

Хабарламаны (ақпаратты) қабылдау уақыты

Өрт орны (мекенжайы) және не жанып жатыр, өрт орнынан сөндіру барысы, қосымша күштер мен құралдарды шақырту, су құбырының және байланыс құралдарының, жолдар мен басқалардың жарамсыздығы туралы ақпарат, хабарламаны берген және қабылдаған тұлғалардың тегі

күні

сағаты және минуты










Қандай бөлімдер (бөлімшелер) өртке (аварияға, дүлей зiлзалаға, оқу-жаттығуларға) шықты

УАҚЫТЫ

Қабылданған шаралар

шығу

шақырту орнына келу

өртті оқшаулау

өртті жою

қарауылдардың (бөлімшелер) оралуы






















      Ескертпе:

      1) Автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда бөлімшелердің шығуларын есепке алу журналы және шығуға жолдама енгізіледі;

      2) бөлімшенің шығуды есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және мөрмен бекітіледі;

      3) диспетчердің автоматтандырылған жұмыс орны болған кезде бағдарламаның ерекшелігіне қарай бөлімшелердің шығуын есепке алу журналын ресімдеу форматын өзгертуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
5-қосымша
  Өртке қарсы қызметтің
жұмыс жарғысына
12-қосымша

      нысан

      Қызмет кітабының 1-парағы

      (мұқаба парағы)

___________________________________ ________________________ өрт сөндіру бөлімінің қызмет кітабы

  Басталды:_________________
Аяқталды:_________________

      Қызмет кітабының жалғасы

      2-парағы. (сегіз парақ бөлінеді)

20__ жылғы "____"_________________ _____________________қарауылдың жеке құрамының ТІЗІМІ

р/с

Т.А.Ә.

Атағы

Лауазымы, тағайындалған күні

Туған күні

Білімі, не аяқтады, мамандығы

ӨСҚ бойынша және басқа спорт түрінен разряды

Үй мекенжайы және телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

































































































































































































































      Қарауыл бастығы                   __________________________

      (атағы, Т.А.Ә. қолы)

      Қызмет кітабының жалғасы

      10-парақ. (кезекшілік кезіне бір

      парақ бөлінеді)

      қалалар мен елді мекендерді қорғайтын

      өрт сөндіру бөлімдері,

      мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері үшін

  БЕКІТЕМІН
Өрт сөндіру бөлімінің бастығы
____________________________
(атағы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
20__ж. "___"______________

____________________ қарауылдың қызмет наряды

      20_ жылғы "___"______ сағ.____ден 20_ жылғы "___"_________ сағ. ____дейін.

      Қарауыл бастығы ________, диспетчер (радиотелефонист)________

      _________________

      1. Қарауыл құрамы

      Тізім бойынша____, барлығы_____, есепте___, демалыста____, іссапарда___, ауруы бойынша жоқ____, басқа себептер____.

Есеп

Есеп құрамы

Автомобиль

Автомобиль

Автомобиль

Автомобиль

Автомобиль

Тегі және инициалдары

Тегі және инициалдары

Тегі және инициалдары

Тегі және инициалдары

Тегі және инициалдары

Бөлімше командирі






Жүргізуші






№ 1-өрт сөндіруші
(бұдан әрі есептің нөмірі бойынша)…
(тағылымдамадан өтуші)






      Есепте: - сығымдалған ауадағы аппараттар _________________________________

      - бірге алып жүретін радиостанциялар_______________________________

      - дозиметрлік аспаптар ____________________________________________

      - қорғаныш костюмдері __________________________________________

      Резервте: - өрт сөндіру автомобильдері______________________________________

      - сығымдалған ауадағы аппараттар___________________________________

      Ішкі наряд

Наряд түрі

Тегі

Түсетін уақыты





























      Қызмет кітабының жалғасы

      11-парақ

      (кезекшілік кезіне арналады)

  Тексерген
__________________ бастығы
(қолы)

1. Қарауыл қызметінің нәтижелері: өртке, аварияларға, сабаққа және т.б. шығулар

Шығу мақсаты

Мекенжайы

Қандай автомобильдер шықты

Уақыты

шыққан

оралған
















Өртке қарсы сумен жабдықтаудың табылған жарамсыздықтары және шығу ауданындағы жабық өту жолдары

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

Істен шыққан немесе зақымдалған ӨТЖ, өрт сөндіру жеңқұбырлар, басқа да техникалық құралдар

ӨТЖ, оның ішінде өрт сөндіру жеңқұбырларының, техникалық құралдардың, байланыс құралдарының атауы

Қолдану орны, мекенжайы

Зақымдалу сипаты







Қарауылдағы оқиғалар (тәртіпті, қауіпсіздік техникасы мен басқа да бұзушылықтар)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

Ішкі нарядтың қызметті өткеруін тексеру кезінде ашылған кемшіліктер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

Кезекшілікті қабылдау-тапсыру кезінде ашылған кемшіліктер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Кезекшілікті тапсырды____________________ Кезекшілікті қабылдады_____________

      Қызметтік кітапты бітіру

      10-парақ (он парақ бөлінеді)

Қарауыл қызметінің ұйымдастырылуын тексеру нәтижелерін есепке алу

Тексеру күні және уақыты

Тексеру жүргізген тұлғаның қолы, тексеру нәтижелері

Кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар


















































































      Ескертпелер:

      1) қызмет кітабы бір күнтізбелік айға есептеледі және ол толтырылғаннан кейін 3 жыл сақталады;

      2) қарауыл қызметін ұйымдастыруды тексеруші тұлға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарға қарауылдың әзірлігіне әсер ететін анықталған кемшіліктерді жоюға кезек күттірмейтін шараларды қабылдап, қарауыл қызметін ұйымдастыруды тексеру нәтижелерін есепке алу бөлімінде тиісті жазба жүргізеді;

      3) Қызмет кітабының беттері нөмірленген, тігілген, мөрмен және бөлімше басшысының қолымен бекітілген болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады