Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 "Өртке қарсы қызметтің Жұмыс жарғысы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 22111 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өртке қарсы қызметтің Жұмыс жарғысына" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өртке қарсы қызметтің жұмыс Жарғысында:

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қарауыл - негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің бөлімшелерінен (бөлімшеден) тұратын өртке қарсы қызметтің негізгі тактикалық бөлімшесі міндеттерді өзінің тактикалық мүмкіндіктеріне сәйкес дербес шешуге қабілетті;";

      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аумақтық гарнизондарда – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) бастығы);";

      8-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтайды, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жарғыларының, нұсқауларының, бұйрықтарының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындайды;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шығу кестесіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі-Департаменттер) "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің білім беру ұйымдары мен оқу бөлімшелері енгізілуі мүмкін. Білім беру ұйымының жеке құрамы осы мақсат үшін оқу жоспарында көзделген уақыт шегінде гарнизон бөлімшелерінде қарауыл қызметін атқаруға тартылады. Оқу бөлімшелері, білім беру ұйымдары гарнизон қызметін атқарады. Оларда қарауылдық қызмет ұйымдастырылады.";

      20-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Гарнизондағы жедел өрт жағдайы, өрт сөндіру бөлімдерінің орналасуы мен шығу аудандары, өрт туралы бірінші хабарлама бойынша жоғары шақыру нөмірі бойынша бөлімшелер жіберілетін объектілердің тізбесі, сусыз аудандар (учаскелер), қарауылдардың техникалық қару-жарақтары мен тактикалық мүмкіндіктері, өрт сөндіргіш заттардың негізгі қорларының орналасқан жері, сондай-ақ өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің (күштері мен құралдарының) орналасқан жері туралы ақпаратты иеленеді;";

      34-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Жарғының 77-тармағында көрсетілген, бұған құқығы бар тұлғалардан басқа бөгде тұлғалар қызметтік үй-жайларға жіберілмейді;"

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Министрліктің Білім беру ұйымдарында қарауылдардың ауысу уақытын оның басшысы белгілейді.";

      көрсетілген Жарғыға қағиданың 1-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. МӨҚҚО қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Министрліктің аумақтық бөлімшесінің немесе білім беру ұйымының туы алдында ант береді.";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ант Министрліктің аумақтық бөлімшелері немесе білім беру ұйымдары бастықтарының басшылығымен салтанатты түрде қабылданады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ант қабылдау уақыты мен орны Министрліктің аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі және оқу орны бастықтарының бұйрықтарымен жарияланады. Бұған дейін ант қабылдаушылармен анттың маңызы, дамудың тарихи жолы және МӨҚҚО міндеттері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.".

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады