"Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15442 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді жүргізу туралы өтінішті аумақтық бөлімше өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жиырма екі күн ішінде қарайды.

      Аумақтық бөлімше командалық құрамының адамдарына диплом беруді жүргізуді мынадай:

      1) диплом берілетін адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) диплом берілетін адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің талаптары бойынша (бұдан әрі – Қағидалар мен Рұқсат беру талаптары) сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.";

      21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);";

      26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргізу туралы өтінішті аумақтық бөлімше өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жиырма екі күн ішінде қарайды.

      Аумақтық бөлімше командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан жүргізуді мынадай:

      1) аттестатталатын адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) аттестатталатын адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар мен Рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.";

      30-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және

      коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 27 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _______________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 21 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      _______________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 23 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 10 шілде

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 "Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 350. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 августа 2017 года № 15442

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 "Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11234, опубликованный 22 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "2) документ, удостоверяющий личность (оригинал предоставляется для идентификации личности);";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Заявление о проведении дипломирования лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, рассматривается территориальным подразделением не позднее двадцати двух рабочих дней со дня подачи заявления.

      Территориальное подразделение отказывает в дипломировании лиц командного состава судов по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных дипломируемым, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие дипломируемого и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для дипломирования лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, требованиям, установленными настоящими Правилами и Разрешительными требованиями и перечнем документов, подтверждающих соответствие им, для выдачи профессионального диплома и справки о прохождении аттестации для лиц командного состава судов, утверждҰнными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 октября 2015 года № 995 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12824) (далее – Правила и Разрешительные требования).";

      подпункт 2) пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "2) документ, удостоверяющий личность (оригинал предоставляется для идентификации личности);";

      подпункт 2) пункта 26 изложить в следующей редакции:

      "2) документ, удостоверяющий личность (оригинал предоставляется для идентификации личности);";

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Заявление о проведении аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, рассматривается территориальным подразделением не позднее двадцати двух рабочих дней со дня подачи заявления.

      Территориальное подразделение отказывает в аттестации лиц командного состава судов по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных аттестуемым, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие аттестуемого и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, требованиям, установленными настоящими Правилами и Разрешительными требованиями.";

      подпункт 2) пункта 30 изложить в следующей редакции:

      "2) документ, удостоверяющий личность (оригинал предоставляется для идентификации личности);".

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      
      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
______________ Д. Абаев
27 июня 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр образования и науки
Республики Казахстан
______________ Е. Сагадиев
21 июня 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
______________ Е. Биртанов
23 июня 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
______________ Т. Сулейменов
10 июня 2017 года