Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15524 болып тіркелді.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 253 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7774 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 598-602 (27675) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2024 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 372 бұйрығымен
бекітілген

Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.12.2018 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 29.05.2023 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Заңның 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және 26-бабының 10-тармағына сәйкес үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан əскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығынын қоспағанда, әскери оқу орнында оны оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығынға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтейді.

      Шет мемлекетте әскери оқу орнында оқып жатқан немесе бітірген әскери қызметшілер үшін теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес еместігі бойынша әскери қызметтен шығарылған жағдайда мемлекетке әскери оқу орнында оқу кезеңінде жол жүргені үшін шығысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оқитын елі арасында жасалған келісімшарт сомасына барабар ақшаны өтеуге міндетті.

      Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнындағы оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарылған және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2024 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алу тоқтатылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшілерді есепке алуды:

      1) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған офицерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті;

      2) оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әскери бөлім (мекеме) тиісті басқару органы арқылы курсантты, кадетті не офицерді теріс себептермен шығару және әскери есепке қою туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2024 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әскери бөлім тиісті басқару органы арқылы офицердің теріс себептермен қызметтен шығарылғаны және әскери есепке қойылғаны туралы 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін хабардар етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 22.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс ақша шығысын есептеу үшін әскери оқу орындарының бастықтары жыл сайын 20 қарашаға қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығынның жиынтық есебін (бұдан әрі – жиынтық есеп) төлем жасалған валютада жасайды және Департаментпен келіседі және одан әрі бекіту үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына ұсынады.

      Бұл ретте ақшаны өтеу сомасы өтеу туралы талап қойылған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Әскери қызметші оқыған кезеңде Департамент және әскери оқу орны жыл сайын әрбір әскери қызметшіге жиынтық есепті қалыптастырады және әскери оқу орны білім алатын әскери қызметшінің жеке (оқу) ісіне тігеді және оқудан шығарылғаннан немесе оқуды бітіргеннен кейін бір ай мерзімде жергілікті әскери басқару органына немесе әскери бөлімге (мекемеге) жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2024 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Заңның 26-бабының 10-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер оқуға жұмсалған ақшаны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда жергілікті әскери басқару органы қызметтен шығарылғаннан кейін бір ай мерзімде өтеу жөніндегі материалдарды сотқа береді.

      Оқудан шығарылған немесе қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған өтеуге жататын шығын сомасы қорғаныс істері жөніндегі департаментте бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2024 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Оқудан шығарып жіберілген немесе қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс шығындар сомасы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.

      11. Әскери оқу орындарындағы әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған шығындарды өтеуден түскен ақша республикалық бюджет кірісіне аударылуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Әскери оқу орындарында
әскери қызметшілердің
оқуына жұмсалған
ақшаны мемлекетке өтеу
қағидаларына
қосымша
Нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
орынбасары
____________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
"___" _____________________
(күні)

      _________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
әскери оқу орнының атауы
_____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылында Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты
шығынның жиынтық есебі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 28.07.2022 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  (теңге)

Шығыс атауы

2-курс

3-курс

4-курс

5-курс

1.

Білім алатын әскери қызметшінің стипендиясы





2.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету: 1) жалпыәскери үлес 2) ұшқыштар үлесі 3) техникалық үлес





3.

Жол жүру ақысы





Жиыны





      Ескертпе: барлық шығыс қызметтер бастықтарының есеп-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға нақты шығынның жиынтық есебі шығысының әрбір тармағына жеке есептеулер жасалады және мынадай нормалар мен нақты шығынға сәйкес жүргізіледі:

      1. Курсанттардың стипендиясын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде есептеу.

      2. Азық-түлікпен қамтамасыз етуді "Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген нормалар бойынша есептеу.

      3. Жол жүру ақысы шығысын оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыс бойынша есептеу.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы

      М.О. ______________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
"___"_____________________ (күні)
Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)
___________________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
"___"__________________ (күні)


Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 августа 2017 года № 15524.

      В соответствии с пунктом 10 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих", ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра обороны РК от 28.07.2022 № 569 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях.

      2. Департаменту образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в бумажном и электронном видах в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Признать утратившим силу приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2012 года № 253 "Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях, на военных факультетах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7774, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 12 сентября 2012 года № 306-307 (27125-27126)).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра обороны РК от 12.04.2024 № 359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-полковник
С. Жасузаков

  Утверждены
приказом Министра обороны
Республики Казахстан
  от 20 июля 2017 года № 372

Правила возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра обороны РК от 07.12.2018 № 850 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях (далее - Правила), разработаны в соответствии с пунктом 10 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" (далее - Закон) и определяют порядок возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра обороны РК от 29.05.2023 № 511 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В соответствии с подпунктом 16) пункта 1 статьи 7 и пунктом 10 статьи 26 Закона для курсантов или кадетов отчисленных из высшего военного учебного заведения, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан за неуспеваемость, недисциплинированность, по своей инициативе, в результате увольнения с воинской службы по отрицательным мотивам, в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, а также отказавшийся заключить контракт о прохождении воинской службы, возмещает государству деньги, соответствующие затратам на обеспечение питанием, выплату стипендии и проезд в период его обучения в военном учебном заведении, за исключением затрат первого года обучения.

      Для военнослужащих, обучающихся или окончивших военное учебное заведение в иностранном государстве, в случае увольнения с воинской службы по отрицательным мотивам, в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан или по служебному несоответствию, выявившемуся по итогам аттестации, обязан возместить государству расходы за проезд в период его обучения в военном учебном заведении, а также деньги, эквивалентные сумме заключенного контракта между Республикой Казахстан и страной обучения.

      Указанные обязательства не распространяются на курсантов и кадетов, отчисленных в течение первого года обучения в военном учебном заведении и не переведенных на следующий курс, направленных в установленном порядке в воинские части (учреждения) для прохождения оставшегося срока срочной воинской службы.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра обороны РК от 12.04.2024 № 359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Восстановление в военном учебном заведении или поступление на воинскую службу по контракту является основанием для приостановления взыскания денег, затраченных на обучение, на период обучения и (или) прохождения воинской службы по контракту. После десяти лет воинской службы (для летного состава–пятнадцать лет) по контракту в календарном исчислении без учета периода обучения в военном, специальном учебном заведении взыскание денег, затраченных на обучение, прекращается.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа и.о. Министра обороны РК от 28.07.2022 № 569 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Учет уволенных (отчисленных) военнослужащих осуществляют:

      1) Департамент кадров Министерства обороны Республики Казахстан в отношении офицеров, уволенных по отрицательным мотивам;

      2) Департамент военного образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан (далее – Департамент) в отношении отчисленных курсантов и кадетов.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра обороны РК от 22.10.2020 № 567 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Воинская часть (учреждение) через соответствующий орган управления информирует Департамент кадров Министерства обороны Республики Казахстан не позднее 10 рабочих дней об увольнении курсанта, кадета либо офицера по отрицательным мотивам и постановке на воинский учет.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра обороны РК от 12.04.2024 № 359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Воинская часть через соответствующий орган управления в течение 10 рабочих дней информирует Департамент кадров Министерства обороны Республики Казахстан об увольнении офицера по отрицательным мотивам и постановке на воинский учет.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра обороны РК от 22.10.2020 № 567 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Для расчета расходов, подлежащих возмещению, затраченных денег на обучение военнослужащих, начальники военных учебных заведений, ежегодно к 20 ноября составляют и согласовывают с Департаментом и представляют для дальнейшего утверждения у заместителя Министра обороны Республики Казахстан, курирующего вопросы образования, сводный расчет фактических затрат на обучение одного военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – сводный расчет) по форме, согласно приложению к настоящим Правилам в валюте, в которой производилась оплата.

      При этом сумма возмещения денег рассчитывается в национальной валюте Республики Казахстан по ставке рефинансирования курса Национального банка Республики Казахстан на день выставления требования о возмещении.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа и.о. Министра обороны РК от 28.07.2022 № 569 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В период обучения военнослужащего Департамент и военные учебные заведения ежегодно формируют сводный расчет на каждого военнослужащего, и военные учебные заведения приобщают в личные (учебные) дела обучающихся военнослужащих и после отчисления или окончания обучения в месячный срок направляют в местные органы военного управления или в воинскую часть (учреждение).

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра обороны РК от 12.04.2024 № 359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. В случае отказа указанных в пункте 10 статьи 26 Закона военнослужащих, добровольно возместить деньги затраченные на обучение, местные органы военного управления, материалы по возмещению в месячный срок после увольнения передают в суд.

      Суммы затрат на обучение отчисленных или уволенных военнослужащих, подлежащих возмещению, учитываются в департаментах по делам обороны по бухгалтерскому учету.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра обороны РК от 12.04.2024 № 359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Суммы затрат на обучение отчисленных или уволенных военнослужащих, подлежащих возмещению, учитываются в департаментах по делам обороны по бухгалтерскому учету.

      11. Деньги от возмещения затрат на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях, подлежат перечислению в доход республиканского бюджета.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции приказа и.о. Министра обороны РК от 28.07.2022 № 569 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение к Правилам
возмещения государству
бюджетных средств,
затраченных на обучение
военнослужащих в военных
учебных заведениях
  Форма
  Утверждаю
Заместитель Министра обороны
Республики Казахстан
_________________________
(подпись, фамилия, имя,
отчество (при его наличии)
"___" ________________
(дата)

Сводный расчет фактических затрат на обучение одного военнослужащего
Вооруженных Сил Республики Казахстан за _____/_____ учебный год по специальности
__________________________ __________________________________________________
наименование военного учебного заведения

      Сноска. Приложение - в редакции приказа и.о. Министра обороны РК от 28.07.2022 № 569 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  (тенге)

Наименование расходов

2 курс

3 курс

4 курс

5 курс

1.

Стипендия обучаемого военнослужащего





2.

Продовольственное обеспечение: 1) общевойсковой паек 2) летный паек 3) технический паек





3.

Проезд





Итого





      Примечание: все расходы подтверждаются расчетами-обоснованиями начальников служб, после чего предоставляются в финансовую службу для обобщения.

      К каждому пункту расходов сводного расчета фактических затрат на обучение одного военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан составляются отдельные расчеты и производятся согласно следующих норм и фактических затрат:

      1. Стипендию курсантам рассчитывать на основании единой системы оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2017 года № 646 дсп.

      2. Продовольственное обеспечение рассчитывать питание по нормам, утвержденным приказом Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 353 "Об утверждении норм снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11844).

      3. Расходы на проезд рассчитывать по фактическим расходам, затраченным на период учебного года.

      Начальник Департамента военного образования и науки
Министерства обороны Республики Казахстан

      М.П. ______________________________________________

                              (воинское звание, подпись)

      "___"______________

                  (дата)

      Начальник финансовой службы (главный бухгалтер)

      __________________________________________________

      (воинское звание, подпись)

      "___"______________

                  (дата)