"Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 850 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17947 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15524 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 850 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 372 бұйрығымен
бекітілген

Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары

      1. Осы Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Заңның 26-бабының 7-тармағына сәйкес оқудан шығарып жіберілген және/немесе əскери қызметтен шығарылған әскери қызметші Заңның аталған нормасында көзделген негіздер бойынша әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін бюджет қаражатын мемлекетке өтейді.

      Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтейді.

      3. Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу тоқтатылады.

      4. Қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшілерді есепке алуды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті (бұдан әрі – Кадрлар департаменті) жүзеге асырады.

      5. Заңның 26-бабының 7-тармағына сәйкес қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметші есепке қою үшін келген жергілікті әскери басқару органы олардың жеке істерін алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде Кадрлар департаментін қызметтен шығарылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшінің келгені туралы хабардар етеді және оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге шаралар қабылдайды.

      6. Әскери бөлім тиісті басқару органы арқылы офицердің теріс себептермен қызметтен шығарылғаны және әскери есепке қойылғаны туралы 10 жұмыс күні ішінде Кадрлар департаментін хабардар етеді.

      7. Әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс шығыстарды есептеу үшін әскери оқу орындарының бастықтары жыл сайын 20 қарашаға қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін (бұдан әрі – жиынтық есеп) төлем жасалған валютада жасайды және Кадрлар департаментімен келіседі және одан әрі бекіту үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына ұсынады.

      Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы талап қойылған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

      8. Әскери қызметші оқыған кезеңде Кадрлар департаменті және әскери оқу орындары жыл сайын білім алатын әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігілетін және оқудан шығарып жіберілгеннен немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімге жолданатын әрбір әскери қызметшіге жиынтық есепті жасайды.

      9. Заңның 26-бабының 7-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда жергілікті әскери басқару органдары бір ай мерзімде өтеу бойынша материалдарды сотқа береді.

      10. Оқудан шығарып жіберілген немесе қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс шығындар сомасы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.

      11. Әскери оқу орындарындағы әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған шығындарды өтеуден түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударылуға тиіс.

  Әскери оқу орындарында әскери
қызметшілерді оқытуға
жұмсалған бюджет қаражатын
мемлекетке өтеу қағидаларына
қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
орынбасары
_________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)
"___" _____________________
(күні)

________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ әскери оқу орнының атауы _____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

  (теңге)

Р/с №

Шығыстар атауы

2-курс

3-курс

4-курс

5-курс

1.

Білім алатын әскери қызметшінің стипендиясы





2.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету:
1) жалпыәскери үлес
2) ұшқыштар үлесі
3) техникалық үлес





3.

Келісімшарттар (шарттар) бойынша төленетін оқыту





4.

Жол жүру ақысы





Жиыны





      Ескертпе: барлық шығыстар қызметтер бастықтарының есеп-негіздерімен, келісімшарттар (шарттар) көшірмелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына нақты шығыстардың жиынтық есебі шығыстарының әрбір тармағына жеке есептеулер жасалады және мынадай нормалар мен нақты шығыстарға сәйкес жүргізіледі:

      1) курсанттардың стипендиясын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде есептеу;

      2) азық-түлікпен, тамақтандыруды қамтамасыз етуді "Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген нормалар бойынша есептеу;

      3) келісімшарттар (шарттар) бойынша оқуға төленетін шығыстарды олардың мөлшерлемесіне сәйкес есептеу;

      4) жол жүру ақысы шығыстарын оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыстар бойынша есептеу.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Кадрлар және әскери білім департаментінің бастығы

      М.О. ___________________________________________________

                              (әскери атағы, қолы)

      "___"__________________

                        (күні)

      Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)

      ___________________________________________________

                        (әскери атағы, қолы)

      "___"__________________

                        (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады