Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 253 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7774 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 20.07.2017 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатының мемлекетке өтелуіне есеп жүргізу және мониторингілеу:

      1) келісімшартты бұзған немесе теріс себептер бойынша босатылған офицерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына;

      2) оқудан шығарылған курсанттарға қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығына жүктелсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркегеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.

      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.

      5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Жақсыбеков


  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2012 жылғы 18 маусымдағы
№ 253 бұйрығымен
бекітілген

Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары

      1. Осы Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында, жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарында, әскери факультеттерде бір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Әскери оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылған, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметші, егер оны оқудан шығарған сәтте он сегіз жасқа толған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген болса, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкімі бойынша әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін қызмет орнына жіберіледі. Бұл ретте оқу орнынан үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша оқудан шығарылған әскери қызметші мемлекетке оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өтейді.

      3. Әскери қызметші әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтағаннан кейін әскери қызмет өткеруден бас тартқан немесе теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша әскери қызметтен шығарылуына байланысты келісімшартты бұзған жағдайда ол мемлекетке оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өтеуге міндетті. Ұстауға жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әрбір қызмет өткермеген толық айға барабар есептеледі.

      4. Осы Қағидалардың 2 немесе 3-тармақтарына сәйкес оқудан шығарылған (босатылған) әскери қызметші есепке қою үшін келген жергілікті әскери басқару органы олардың жеке істерін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар, Әскери білім және ғылым департаменттерін оқудан шығарылған (босатылған) әскери қызметшінің келгені туралы дереу хабардар етеді және оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге шаралар қабылдайды.

      5. Әскери бөлім белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін офицердің әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтағаннан кейін әскери қызметті өткеруден бас тартқаны, келісімшартты бұзғаны немесе теріс себептер бойынша шығарылғаны туралы хабардар етеді.

      6. Әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған, өтеуге жататын шығыстарды есептеу үшін әскери оқу орындарының, әскери факультеттердің бастықтары жыл сайын 20 қарашада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін жасайды және оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарында бекітеді. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

      7. Жақын және алыс шетел әскери оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған, өтеуге жататын шығыстарды есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы жыл сайын 20 қарашада осы мемлекетпен (тиісті министрлікпен немесе ведомствомен) жасасылған келісім (келісімшарт) бойынша төлем жүргізілген валютада осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін жасайды және оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарында бекітеді. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің курсын қайта қаржыландыру бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

      8. Әскери қызметші әскери оқу орнында (әскери факультетте) оқыған кезеңде әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) бастықтары әрбір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін жасайды, олар оқып жатқан әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігіледі және оқудан шығарылғаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде тиісінше қорғаныс істері жөніндегі департаментке (басқармаға, бөлімге) немесе әскери бөлімге жолданады.

      9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті жыл сайын әрбір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін жасайды, олар оқып жатқан әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігіледі және оқудан шығарылғаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде тиісінше қорғаныс істері жөніндегі департаментке (басқармаға, бөлімге) немесе әскери бөлімге жолданады.

      10. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген әскери қызметшілер оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда өтеу бойынша материалдар бір ай мерзімде сотқа беріледі.

      11. Өтеуге жататын, оқудан шығарылған немесе босатылған әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған шығындар сомасы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде (басқармаларда, бөлімдерде) бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.

      12. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында (әскери факультеттерде) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударуға жатады.

  Әскери оқу орындарында, әскери
факультеттерде әскери қызметшілерді
оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын
мемлекетке өтеу қағидаларына
1-қосымша
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
экономика және қаржы
жөніндегі орынбасары

      ____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      "___" ______________________

      (күні)

      ___________________________________________________________

      әскери оқу орнының (әскери факультеттің) атауы

_____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

      (теңге)

Р/с №

Шығыстар атауы

1-курс

2-курс

3-курс

4-курс

5-курс

1

Оқитын әскери қызметшінің стипендиясы






2

Оқу үдерісін қамтамасыз ететін адамдардың еңбек ақысы және басқа да төлемдері






3

Салықтар, жиындар, бюджетке міндетті төлемдер, зейнетақы төлемдері, эмиссия, ақшалай өтемақылар






4

Нақты шығындар бойынша медициналық қамтамасыз ету






5

Нақты шығындар бойынша кеңсе және шаруашылық шығыстары






6

Жанар-жағар май материалдарына шығыстар:

1) автомобиль техникасы

2) броньды танк техникасы

3) авиациялық техника

4) жүзу құралдары (катерлер, корабльдер және т.б.)






7

Азық-түлікпен қамтамасыз ету:

1) жалпыәскери үлес

2) ұшқыштар үлесі

3) техникалық үлес

4) теңіз үлесі






8

Киім-кешекпен қамтамасыз ету:

1) жалпыәскери нормалар

2) ұшқыштар нормалары

3) техникалық нормалар

4) арнайы нормалар

5) теңіз нормалары






9

Бекітілген нормалар бойынша коммуналдық шығыстар:

1) электр энергиясы

2) жылу

3) суық су






10

Байланыс және интернет қызметтері






11

Оқ-дәрілермен қамтамасыз ету






12

Портты жалға алу






13

Монша-кір жуу шығыстары






14

Пошта шығыстары






15

Ғимараттарды, құрылыстарды, әуеайлақтарды ұстау мен пайдалануға, залалсыздандыруға нақты шығындар






16

Оқу үдерісін қамтамасыз ететін әскери мүлікті ұстау мен пайдалануға нақты шығындар






17

Оқу үдерісін қамтамасыз ететін жабдықтар мен техниканы амортизациялау






18

Басқа да шығыстар






Жиыны







      Ескертпе: Барлық шығыстар қызмет бастықтарының есеп-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.

      Әскери оқу орнының (әскери факультеттің) бастығы

      М.О. ________________________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      "___"__________________

      (күні)

      Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)

      ________________________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      "___"__________________

      (күні)

  Әскери оқу орындарында, әскери
факультеттерде әскери қызметшілерді
оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын
мемлекетке өтеу қағидаларына
2-қосымша
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
экономика және қаржы
жөніндегі орынбасары

      ____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      "___" ______________________

      (күні)

Жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарында ______/______ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

      (тенге)

Р/с№

Шығыстар атауы

1-курс

2-курс

3-курс

4-курс

5-курс

1

Келісімшарттар (шарттар) бойынша төленетін оқыту






2

Келісімшарттар (шарттар) бойынша төленетін ұстау






3

Жол жүру






4

Басқа да шығыстар






Жиыны







      Ескертпе: Барлық шығыстар келісімшарттар (шарттар) көшірмелерімен, сондай-ақ шетелде кадрларды даярлау үшін жауапты адамдардың есеп-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.

      Әскери оқу орнының (әскери факультеттің) бастығы

      М.О. ________________________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      "___"__________________

      (күні)

      Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)

      ________________________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      "___"__________________

      (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады