Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 тамызда № 15556 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 321 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2023 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрiнiң бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Респуликасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 25 шілдедегі
№ 382 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 18.05.2021 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары (бұдан әрі – ӘПО) патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      ӘПО патрульдік-бекеттік қызметінің әрекетін ұйымдастыру:

      1) патрульдік нарядты даярлауды және оған нұсқау беруді;

      2) патрульдік нарядтың қызмет өткеруін;

      3) патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылауды қамтиды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) әскери полицияның бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – ӘП БӨП) –белгілі бір ауданға (жергілікті жерге, объектіге) өткізу режимін қамтамасыз ету немесе көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектеу үшін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар, зілзала, эпидемия және төтенше жағдай туындаған кезеңде қойылатын патрульдік наряд;

      2) әскери полицияның патрульдік бекеті (бұдан әрі – Бекет) – патрульдік наряд өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайтын жер немесе жергілікті жер учаскесі. Бекеттер құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қадағалау және жедел шара қабылдау мақсатында патрульдік нарядтың ұдайы болуын қамтамасыз ету қажет жерлерде қойылады;

      3) әскери полицияның патрульдік тобы – патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру үшін біріктірілген бірнеше патрульдік наряд. Патрульдік топтың жетекшісін ӘПО бастығының бұйрығымен айқындалады;

      4) арнайы автомобиль – байланыс құралдарымен, бейнетіркегіштермен, арнайы дыбыс және жарық дабылымен жабдықталған, сондай-ақ арнайы түсті графикалық схемалармен боялған, тану белгілері, жазулар салынған және патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) құқық тәртібін қамтамасыз ету, ұсталған адамдарды ӘПО-ға жеткізу, сондай-ақ жаяу патрульдік нарядтарды қызмет өткеру орындарына апару үшін пайдаланатын ӘПО көлік құралы;

      5) патрульдеу маршруты – оған іргелес аумақ бар патрульдік нарядтың белгіленген жүру жолы, олардың шегі жергілікті жерде маршрутта орналасқан әскери объектілерге, әскери қызметшілердің демалу орындарына, әскери қалашықтарға, сауда объектілеріне, автобус және теміржол вокзалдарына (станцияларға), әуежайларға байланысты айқындалады. Маршруттардың ұзақтығын ӘПО патрульдік-бекеттік қызметінің уәкілетті лауазымды адамы криминогендік жағдайға байланысты есептейді;

      6) ӘПО патрульдік-бекеттік қызметі (бұдан әрі – ПБҚ) – ӘПО құрамындағы құрылымдық бөлімше, оның міндеттері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық тәртібін қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сақтандыру, анықтау, жолын кесу және ашу болып табылады;

      7) ПБҚ патрульдік наряды – патрульдеу маршрутында, әскери полицияның бақылау-өткізу пункттерінде, сондай-ақ әскери полицияның патрульдік бекеттерінде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша патрульдік нарядқа жүктелген міндеттерді орындайтын екі немесе одан да көп әскери полиция қызметкерінен (патруль бастығы және патрульдеуші) тұратын патруль (жаяу немесе арнайы автомобильдерде);

      8) ПБҚ резерві – криминогендік жағдайдың нашарлауына, патрульдік нарядты күшейтуге, рейдтік іс-шаралар жүргізуге, анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, әскери бөлім орналасқан жерді өз еркімен тастап кеткен әскери қызметшілерді іздеуге байланысты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуымен әскери іс-шаралар өту, сондай-ақ зілзала, эпидемия және басқа да төтенше жағдай туындаған кезеңде патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру үшін тартылған ӘПО жеке құрамы;

      9) ПБҚ-ның рейдтік іс-шаралары – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен мән-жайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және нығайтуға бағытталған құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ұйымдастыру және сақтандыру шаралары кешені;

      10) ПҚБ-ның уәкілетті лауазымды адамы – ПБҚ-ны ұйымдастыру бойынша лауазымдық өкілеттік тұрақты немесе уақытша берілген лауазымды адам.

2-тарау. Патрульдік нарядты даярлау және оған нұсқау беру

      3. Алдағы тәулікте патрульдік нарядтарды орналастыру патрульдік нарядтар құрамы, патрульдеу маршруттары (бекет, ӘП БӨП), қызмет өткеру және демалу уақыты туралы мәліметтерді көрсетумен ӘПО бастығының тиісті бұйрығымен күн сайын ресімделеді.

      4. Әрбір патрульдеу маршрутына (бекетке, ӘП БӨП-ға) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточка жасалады.

      Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) карточкасы екі данада жасалады, оның 1-ші данасы ӘПО-ның кезекші бөлімінде сақталады, 2-ші данасы патрульдік нарядқа түсер алдында патруль бастығына беріледі.

      5. Патрульдік нарядтарды тағайындау ӘПО әскери қызметшілерінің жасын және жұмыс тәжірибесін ескере отырып жасалады, олар қызмет өткеру жағдайына және патрульдеу маршрутындағы (бекеттегі, ӘП БӨП-дағы) жағдайға сәйкес келеді.

      6. Төтенше жағдай, рейд жүргізу кезінде туындайтын міндеттерді шешу үшін олардың маңыздылығы мен ауқымына сәйкес ӘПО бастықтары оларды ұйымдастыру бойынша жеке жоспарлар (еркін түрде) жасайды немесе тиісті бұйрықтар шығарады.

      7. Патрульдік наряд құрамына кіретін әскери қызметшілерге нұсқау беруді ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы арнайы жабдықталған сыныпта немесе ӘПО бастығы айқындаған аумақта (алаңда) жүргізеді, оның ұзақтығы 40 минуттан аспайды.

      8. Нұсқау беру жүргізу кезінде ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы:

      1) патрульдік нарядтардың қызмет өткеруге даярлығын анықтайды және анықталған кемшіліктерді жоюға шара қабылдайды;

      2) патрульдік нарядтағы әскери қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттерін, қару, арнайы құралдар мен күш қолдану тәртібін білуін тексереді;

      3) патрульдік нарядтарды гарнизондағы криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы , іздестіруде жүрген адамдар туралы бағдарлайды, өткен тәулікте патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру нәтижесі, оның ішінде патрульдеу кезінде жол берілген бұзушылықтар туралы хабардар етеді;

      4) патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) патрульдік нарядтарды орналастыру туралы ақпаратты жеткізеді;

      5) әскери қызметшілерге мұқият, сыпайы қарым-қатынас жасау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қажет болған жағдайда көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпарат береді.

      9. Нұсқау беру патрульдік нарядтарды таратумен және қызмет өткеру орнына түсу туралы бұйрық берумен аяқталады.

3-тарау. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруі

      10. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруі бір немесе бірнеше патрульдеу маршрутында жүзеге асырылады. Патрульдеу маршрутына (бекетке, ӘП БӨП-ге) түскені, қызмет өткеру барысы, патрульдік нарядты қабылдау және тапсыру, сондай-ақ бір патрульдеу маршрутынан басқасына ауысқаны туралы патруль бастығы ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды.

      Баяндау радиобайланыс немесе басқа да қолжетімді әдістер арқылы, ӘПО бастығы бекіткен кестеге сәйкес, бірақ екі сағатта бір реттен сиретпей, ал оқиға болған жағдайда шұғыл жасалады.

      11. Тәуліктік патрульдік нарядтарды ауыстыру патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) жасалады. Ауысатын патрульдік наряд жаңадан түсетін патрульдік нарядқа қызмет өткеру барысында орын алған оқиғалар, алынған өкімдер туралы ауызша хабарлайды.

      Ауысатын патрульдік наряд атыс қаруын, арнайы құралдарды тапсыру үшін ӘПО-ға келеді және ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына патрульдік нарядта қызмет өткеру барысы және нәтижесі туралы жазбаша еркін түрде баяндайды.

      12. Қызметтік әрекетті анағұрлым тиімді ұйымдастыру мақсатында патрульдік нарядтардың қызмет өткеру уақыты қарбалас уақытта және күрделі криминогендік не қоғамдық-саяси жағдай анағұрлым күрделі жерлерде ПБҚ күштері мен құралдары артатындай етіп белгіленеді.

      13. Патрульдік наряд патруль маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге бағынады.

      14. Патрульдік наряд патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде құқық бұзушылықты уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында жергілікті жерді және онда орналасқан объектілерді (заттарды) қарап-тексереді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдарын пайдалануды, әскери қызметшілер мен басқа да адамдардың өзін-өзі ұстауын қадағалайды.

      Қызмет өткеру кезеңінде патруль бастығы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық орындарда тәртіп бұзған әскери қызметшілердің тізімін жасайды.

      15. Патрульдік наряд әскери қызметшілермен және азаматтық адамдармен сөйлескен кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы 159-163-тармақтарының талаптарын басшылыққа алады.

      Әскери қызметшілердің (запаста тұратын азаматтардың әскери жиындардан өту кезінде) құжаттарын тексеру қауіпсіздік шараларын сақтаумен, жаяу жүргіншілердің және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірілмей жүргізіледі.

      Тексеру аяқталғаннан кейін ескерту болмаған кезде патрульдік наряд бастығы тексерілген адамға құжаттарын қайтарып береді.

      16. Құқық бұзушыларды ұстау және ӘПО-ға жеткізу жасалған құқық бұзушылық сипатына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 128-132-баптарының немесе "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 786-788-баптарының талаптарын сақтаумен жүргізіледі.

      17. Құқық бұзушылар тобын ұстаған кезде патруль бастығы ол туралы радиобайланыс құралы арқылы немесе басқа да қолжетімді тәсілмен ППҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге хабарлайды, қосымша күштер мен құралдар сұратады, көршілес патрульдік нарядтарды, сондай-ақ жергілікті құқық қорғау органдарын хабардар етеді.

      18. Құқық бұзушы(лар) бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен жағдайда патрульдік наряд "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11 және 12-баптарының талаптарына сәйкес оған (оларға) күш, арнайы құралдарды немесе атыс қаруын қолданады.

      19. Патрульдік наряд теміржол (автобус, теңіз, өзен) станцияларында (порттарында), әуежайларда қызмет өткерген кезде әскери командалардың және жеке әскери қызметшілердің қозғалысын, олардың құқық тәртібін, әскери тәртіпті сақтауын бақылайды.

      Бұзушылықтар анықталған кезде патруль бастығы топ (команда) жетекшісін бұзушылықты жою қажеттілігі туралы ауызша хабарлайды. Анықталған бұзушылықтар туралы команда (топ) жетекшісінің әскери құжаттарына жазба жасалады.

      20. Патрульдеу маршруты (бекеті) ауданында ашық су тоғаны мен гидротехникалық құрылыстар болған кезде патрульдік наряд әскери қызметшілердің ол үшін арнайы бөлінген жерлерде, сондай-ақ судағы қауіпсіздік шараларын бұзумен суға түсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

      21. Көршілес патрульдік нарядтармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында бірыңғай радиосигнал немесе ысқырықпен сигнал беру белгіленеді: "Ұста" – бір ұзақ сигнал; "Маған көмекке" – екі қысқа сигнал. Қажет болған кезде сигналдар қайталанады.

      Дабыл сигналын беру немесе көмекке шақыру үшін атыс қаруын қолдану Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Патрульдеу маршрутында (бекетінде) оқиға немесе қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат алған кезде патрульдік наряд көрсетілген орынға келеді және жедел тергеу тобы келгенге дейін мынадай әрекеттерді орындайды:

      1) зардап шеккендердің бар болуын және жай-күйін, оларға медициналық көмек көрсетілгенін немесе көрсетілмегенін анықтайды, қажет болған кезде медициналық көмек шақырады;

      2) құқық бұзушылық (оқиға) жасалған жерді, уақытты, тәсілді және мән-жайды анықтайды;

      3) оқиғаға қатысушылар, куәгерлер, куәгерлер туралы деректер жинауды жүзеге асырады;

      4) оқиға болған жерді күзетуді қамтамасыз етеді.

      Жедел-тергеу тобы келгеннен кейін жинақталған мәліметтерді топ жетекшісіне береді, көмек көрсетеді және одан әрі ПБҚ уәкілетті лауазымды адамының және ӘПО бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша әрекет етеді.

      23. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде патрульдік нарядқа:

      1) әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды негізсіз ұстауға;

      2) өз бетімен патрульдеу маршрутын (бекетті, ӘП БӨП-ны) тастап кетуге;

      3) қару мен арнайы құралдарды қажет болмаған кезде шешуге, қалдыруға, басқа біреуге беруге;

      4) байланыс құралдары арқылы қызметтен тыс әңгімелесуге;

      5) бейнетіркеу құралдарын (бейнетіркегіштерді) өшіруге;

      6) әскери қызметшілермен және азаматтық адамдармен қызметке қатысты емес әңгімелесуге, қызмет өткеруден басқа жаққа көңіл аударуға;

      7) патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) белгіленбеген уақытта демалуға;

      8) арнайы автомобильмен қызметтік қажеттіліктен тыс бөгде адамдарды және жүктерді жеткізуге, сондай-ақ арнайы автомобильді қараусыз қалдыруға;

      9) басқа біреуге арнайы автомобильді басқаруға беруге;

      10) ұсталған адамдарды арнайы автомобильде қараусыз қалдыруға;

      11) ақаулы арнайы автомобильді немесе оны орынсыз пайдалануға жол берілмейді.

      24. Арнайы автомобильде қызмет өткеру кезінде жол қозғалысының басқа қатысушылары жанында басымдыққа ие болу үшін арнайы автомобиль жүргізушісі көк және (немесе) қызыл түсті маякты шамын, арнайы дыбыс сигналын қосады және қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы мүмкін.

      25. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) кинолог қызметтік итпен қызмет өткерген кезде қызметтік ит қысқа байлауда, тұмылдырықта болады.

      Қызметтік иттерді қолдану Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылау

      26. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылауды:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы басшылық құрамының адамдары;

      2) ӘПО бастығы және оның орынбасарлары;

      3) ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы жүзеге асырады.

      27. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылау ашық түрде жүргізіледі. Бақылауды жүзеге асыруға келген адам патруль бастығына ӘПО әскери қызметшісінің қызметтік куәлігін көрсетеді.

      28. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) патруль болмаған кезде бақылайтын адам ӘПО бойынша кезекшіге шұғыл хабарлайды және патрульдік нарядтың болмау себептері мен болған жерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды.

      29. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеруді бақылау нәтижелері туралы бақылаушы адам маршрут (бекет, ӘП БӨП) карточкасына жазба жасайды.

      30. ӘПО бастығы тоқсанына бір реттен сиретпей, ал ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы ай сайын патрульдік нарядтың қызмет өткеруін бақылау тиімділігіне талдау жасайды.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының патрульдік-
бекеттік қызметінің жұмысын
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
__________________ бастығы
(ӘПО атауы)
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және
инициалдары)
20____ ж. "_____" ___________
  (жыл, күн, ай)

Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) карточкасы _____________________________________________________ (патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) нөмірі және шартты атауы) Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасу схемасы



      Схемаға мыналар енгізіледі:

      1. Көше атаулары мен негізгі бағдарлануларды (қоғамдық орындар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық тамақтану орындары және т.б.) көрсетумен патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасқан ауданы;

      2. Жергілікті жер учаскесіне байланысты патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасқан жері;

      3. Патрульдеу маршрутында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері, медициналық мекемелер, ішкі істер органдары, жергілікті басқару органдары;

      4. Схеманы жасау кезінде қолданылатын шартты атаулар.

      Түсіндірме жазбада мыналар көрсетіледі:

      1. Қызмет өткеру әдісі.

      2. Патрульдеу маршрутының ұзындығы.

      3. Ас ішу, демалу уақытын және т.б. көрсетумен қызмет өткеру кестесі.

      4. Бекет, патрульдеу маршруты орналасқан аудандағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдырының әскери бөлімдері мен мекемелерінің, медициналық мекемелердің, ішкі істер органдарының, жергілікті басқару органдарының тізбесі (мекенжайларын көрсетумен).

      5. Маршрутта әскери қызметшілердің көп шоғырлануы ықтимал орындар.

      6. Патрульдік нарядтың жабдықтары.

      7. ӘПО бойынша кезекшіге байланысқа шығу тәртібі және кезеңділігі.

      8. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткерудің негізгі талаптары мен ерекшеліктері.

      9. Қызмет өткеру кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

      10. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруін бақылауды жүзеге асыратын адамның жазатын орны.

      ____________________ гарнизонының штаб бастығы

      (ӘПО атауы)

      ________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының патрульдік-
бекеттік қызметінің жұмысын
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Бет жағы

рР/с

Бұзушылық жасалған күн

Әскери бөлім, бағыныстылығы

Әскери атағы, тегі мен инициалдары

Бұзушылық түрі, уақыты мен орны

Әскери куәлік нөмірі





















































































Патруль бастығы
_________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)
Патрульдеуші
___________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)
Патрульдеуші
___________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

____________ гарнизонында әскери тәртіпті бұзуға жол берген әскери қызметшілер тізімі
___________ гарнизоны әскери полиция органының бастығы
______________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

  Теріс жағы

Қызмет өткеру орны (патрульдеу маршруты, бекет, ӘП БӨП)
______________________________________
______________________________________
________ гарнизоны әскери полиция органы әскери полиция бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы ______________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)
20__ жылғы " __ " ____ мен " __ " ____ аралығында әскери тәртіп бұзған әскери қызметшілер тізімі

№Р/с

Бұзушылық жасалған күн

Әскери бөлім, бағыныстылығы

Әскери атағы, тегімен инициалдары

Бұзушылық түрі, уақыты мен орны

Әскери куәлік нөмірі



































































 

№Р/с

Бұзушылық жасалған күн

Әскери бөлім, бағыныстылығы

Әскери атағы, тегімен инициалдары

Бұзушылықтүрі, уақыты мен орны

Әскери куәлік нөмірі














































































































































Об утверждении Правил организации деятельности патрульно-постовой службы органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 25 июля 2017 года № 382. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 августа 2017 года № 15556. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 12 апреля 2023 года № 321.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 12.04.2023 № 321 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 21 февраля 2005 года "Об органах военной полиции" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации деятельности патрульно-постовой службы органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      2. Главному управлению военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в бумажном и электронном видах в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-полковник
С. Жасузаков

  Утверждены приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от 25 июля 2017 года № 382

Правила организации деятельности патрульно-постовой службы органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра обороны РК от 18.05.2021 № 309 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации деятельности патрульно-постовой службы органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее - Правила) определяют порядок организации деятельности патрульно-постовой службы органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее - ОВП).

      Организация деятельности патрульно-постовой службы ОВП включает в себя:

      1) подготовку и инструктаж патрульного наряда;

      2) несение службы патрульным нарядом;

      3) контроль за несением службы патрульных нарядов.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) контрольно-пропускной пункт военной полиции (далее – КПП ВП) – патрульный наряд, выставляемый для обеспечения пропускного режима или ограничения движения транспорта и пешеходов на определенный район (местность, объект), в период проведения мероприятий с участием Вооруженных Сил Республики Казахстан, возникновении стихийных бедствий, эпидемий и чрезвычайных ситуаций;

      2) патрульный пост военной полиции (далее – Пост) - место или участок местности, на котором патрульный наряд выполняет задачи в пределах компетенции. Посты выставляются там, где необходимо обеспечить постоянное присутствие патрульного наряда, в целях наблюдения и оперативного принятия мер по предупреждению и пресечению правонарушений;

      3) патрульная группа военной полиции - несколько патрульных нарядов, объединенные для несения службы на маршруте патрулирования (посту, КПП ВП). Старший патрульной группы определяется приказом начальника ОВП;

      4) специальный автомобиль – транспортное средство ОВП, оборудованное средством связи, видеорегистратором, специальными световыми и звуковыми сигналами, а также окрашенный по специальным цветографическим схемам, опознавательными знаками, надписями и используемый для обеспечения правопорядка на маршрутах патрулирования (постах, КПП ВП), доставления в ОВП задержанных лиц, а также перемещение пеших патрульных нарядов по местам несения службы;

      5) маршрут патрулирования - установленный путь следования патрульного наряда с прилегающей к нему территорией, границы которого определяются на местности в зависимости от расположенных на маршруте воинских объектов, мест проведения досуга военнослужащих, военных городков, торговых объектов, автобусных и железнодорожных вокзалов (станций), аэропортов. Протяженность маршрутов рассчитывается уполномоченным должностным лицом патрульно-постовой службы ОВП, в зависимости от криминогенной обстановке;

      6) патрульно-постовая служба ОВП (далее – ППС) - структурное подразделение в составе ОВП, задачами которой являются обеспечение правопорядка в Вооруженных Силах Республики Казахстан, профилактика, предупреждение, выявление, пресечение и раскрытие преступлений и правонарушений в пределах компетенции;

      7) патрульный наряд ППС - патруль (пешие или на специальных автомобилях), состоящий из двух и более военнослужащих военной полиции (начальник патруля и патрульный), выполняющих возложенные на патрульный наряд задачи по обеспечению правопорядка в Вооруженных Силах Республики Казахстан на маршруте патрулирования, контрольно-пропускных пунктах военной полиции, а также патрульных постов военной полиции, в пределах компетенции;

      8) резерв ППС – личный состав ОВП, привлекаемый для несения службы на маршрутах патрулирования (постах, КПП ВП), в связи с ухудшением криминогенной обстановки, усиления патрульных нарядов, проведения рейдовых мероприятий, розыска военнослужащих, скрывающихся от органов дознания, следствия и суда, самовольно оставивших месторасположение воинских частей, в период проведения воинских мероприятий с участием Вооруженных Сил Республики Казахстан, а также возникновении стихийных бедствий, эпидемий и других чрезвычайных ситуаций;

      9) рейдовые мероприятия ППС – комплекс организационных и предупредительных мер по профилактике правонарушений, направленных на сохранение и укрепление правопорядка путем выявления, изучения, устранения причин и условий, способствующих совершению правонарушений в Вооруженных Силах Республики Казахстан;

      10) уполномоченное должностное лицо ППС - должностное лицо, которое постоянно или временно наделено должностными полномочиями по организации ППС.

Глава 2. Подготовка и инструктаж патрульных нарядов

      3. Расстановка патрульных нарядов на предстоящие сутки оформляется ежедневно соответствующим приказом начальника ОВП с указанием сведений о составе патрульных нарядов, маршрутов патрулирования (пост, КПП ВП), времени несения службы и отдыха.

      4. На каждый маршрут патрулирования (пост, КПП ВП) составляется карточка по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Карточка маршрута патрулирования (поста, КПП ВП) составляется в двух экземплярах, 1 экземпляр из которых хранится в дежурной части ОВП, 2 экземпляр выдается начальнику патруля перед заступлением в патрульный наряд.

      5. Назначение патрульных нарядов производится с учетом возраста и опыта работы военнослужащих ОВП, которые соответствуют условиям несения службы и обстановке на маршруте патрулирования (посту, КПП ВП).

      6. Для решения задач, возникающих при чрезвычайных ситуациях, проведении рейдов, в зависимости от их значения и масштабов, начальниками ОВП разрабатываются отдельные планы (в произвольной форме) по их организации или издаются соответствующие приказы.

      7. Инструктаж военнослужащих, входящих в состав патрульного наряда, проводит уполномоченное должностное лицо ППС в специально оборудованном классе или при построении на территории (площадке), определенной начальником ОВП, продолжительностью не более 40 минут.

      8. Уполномоченное должностное лицо ППС при проведении инструктажа:

      1) устанавливает готовность патрульных нарядов к несению службы и принимает меры по устранению выявленных недостатков;

      2) проверяет знание военнослужащих патрульных нарядов своих прав и обязанностей, порядка применения и использования оружия, специальных средств и физической силы;

      3) информирует патрульные наряды о состоянии криминогенной обстановке в гарнизоне, ориентирует о лицах, находящихся в розыске, результатах несения службы на маршрутах патрулирования (постах, КПП ВП) за истекшие сутки, в том числе о нарушениях, допущенных во время патрулирования;

      4) доводит информацию о расстановке патрульных нарядов на маршрутах патрулирования (постах, КПП ВП);

      5) доводит информацию о необходимости внимательного, тактичного и вежливого отношения к военнослужащим, защиты их прав и свобод, оказания помощи в случае необходимости.

      9. Инструктаж завершается разводом патрульных нарядов и отдачей приказа о заступлении на места несения службы.

Глава 3. Несение службы патрульного наряда

      10. Несение службы патрульных нарядов осуществляться на одном или нескольких маршрутах патрулирования. О заступлении на маршруты патрулирования (посты, КПП ВП), ходе несения службы, приеме и сдаче патрульного наряду, а также перемещении с одного маршрута патрулирования, на другой, начальник патруля докладывает уполномоченному должностному лицу ППС и дежурному по ОВП.

      Доклады осуществляются по радиосвязи или иным доступным способом, согласно графику, утвержденному начальником ОВП, но не реже одного раза в два часа, а в случае происшествия немедленно.

      11. Смена круглосуточных патрульных нарядов производится на маршруте патрулирования (постах, КПП ВП). Сменяемый патрульный наряд в устной форме сообщает заступающему патрульному наряду о происшествиях, имевших место за время несения службы, полученных распоряжениях.

      Сменяемый патрульный наряд прибывает в ОВП для сдачи огнестрельного оружия, специальных средств и письменно, в произвольной форме докладывает рапортом уполномоченному должностному лицу ППС о ходе и результатах несения службы в патрульном наряде.

      12. В целях более эффективной организации служебной деятельности, время несения службы патрульных нарядов устанавливается с расчетом, чтобы силы и средства ППС увеличивались в часы пик и в местах с наиболее сложной криминогенной либо общественно-политической обстановкой.

      13. Патрульный наряд при несении службы на маршруте патрулирования (постах, КПП ВП) подчиняется уполномоченному должностному лицу ППС и дежурному по ОВП.

      14. При несении службы на маршруте патрулирования (посту, КПП ВП), патрульный наряд осматривает местность и расположенные на ней объекты (предметы), наблюдает за эксплуатацией военных транспортных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан, поведением военнослужащих и других лиц в целях своевременного обнаружения и пресечения правонарушений.

      В период несения службы начальник патруля ведет список военнослужащих, допустивших дисциплинарные проступки в общественных местах, согласно Приложению 2 к настоящим Правилам.

      15. При обращении с военнослужащими и гражданскими лицами, патрульный наряд руководствуется требованиями пунктов 159-163 Устава внутренней службы Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан № 364 от 5 июля 2007 года.

      Проверка документов у военнослужащих (граждан, пребывающих в запасе, во время прохождения ими воинских сборов), производится с соблюдением мер безопасности, без создания помех движению пешеходов и транспортных средств.

      По окончании проверки, при отсутствии замечаний начальник патрульного наряда возвращает документы проверяемому лицу.

      16. Задержание и доставление правонарушителей в ОВП производится с соблюдением требований статей 128-132 Уголовно-процессуального Кодекса Республики Казахстан либо статей 786-788 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" в зависимости от характера совершенного правонарушения.

      17. При задержании группы правонарушителей, начальник патруля по средствам радиосвязи или иным доступным способом сообщает об этом уполномоченному должностному лицу ППС и дежурному по ОВП, запрашивает дополнительные силы и средства, информирует соседние патрульные наряды, а также местные правоохранительные органы.

      18. В случае неповиновения или оказания сопротивления со стороны правонарушителя (ей), патрульный наряд применяет к нему (к ним) физическую силу, специальные средства либо огнестрельное оружие в соответствии с требованиями статьи 11 и 12 Закона Республики Казахстан "Об органах военной полиции" (далее - Закона).

      19. При несении службы на железнодорожных (автобусных, морских, речных) станциях (портах), аэропортах, патрульный наряд контролирует передвижение воинских команд и отдельных военнослужащих, соблюдение ими правопорядка, воинской дисциплины.

      При выявлении нарушений, начальник патруля в устной форме уведомляет старшего группы (команды) о необходимости устранения нарушений. О выявленных нарушениях производиться запись в воинских документах старшего команды (группы).

      20. При наличии в районе маршрута патрулирования (поста) открытых водоемов и гидротехнических сооружений, патрульный наряд принимает меры по недопущению случаев купания военнослужащих в не отведенных для этого местах, а также с нарушениями мер безопасности на воде.

      21. Для взаимодействия с соседними патрульными нарядами устанавливаются единые радиосигналы или подаются сигналы свистком: "Задерживай" - один продолжительный сигнал; "На помощь, ко мне" - два коротких сигнала. При необходимости сигналы повторяются.

      Применение огнестрельного оружия для подачи сигналов тревоги или вызова помощи осуществляется в соответствии с требованиями статьи 11 Закона.

      22. При получении информации о происшествии либо уголовного правонарушении на маршруте патрулирования (посту), патрульный наряд прибывает на указанное место и до прибытия следственно-оперативной группы, выполняет следующие действия:

      1) устанавливает наличие и состояние пострадавших, оказана ли им медицинская помощь, при необходимости вызывает медицинскую помощь;

      2) выясняет место, время, способ и обстоятельства совершения правонарушения (происшествия);

      3) осуществляет сбор данных об участниках происшествия, свидетелях, очевидцах;

      4) обеспечивает охрану места происшествия;

      После прибытия следственно-оперативной группы, передает собранные сведения старшему группы, оказывает содействие и далее действует по указанию уполномоченного должностного лица ППС и дежурного по ОВП.

      23. При несении службы на маршруте патрулирования (посту, КПП ВП) патрульному наряду не допускается:

      1) необоснованно задерживать военнослужащих и гражданских лиц;

      2) самовольно оставлять маршрут патрулирования (пост, КПП ВП);

      3) снимать без необходимости, оставлять, передавать кому-либо оружие и специальные средства;

      4) вести неслужебные разговоры по средствам связи;

      5) отключать средства видеофиксации (видеорегистраторы);

      6) вступать в разговоры, не относящиеся к службе, с военнослужащими и гражданскими лицами, отвлекаться от несения службы;

      7) отдыхать на маршруте патрулирования (пост, КПП ВП) в неустановленное время;

      8) перевозить на специальном автомобиле посторонних лиц и грузы, вне служебной необходимости, а также оставлять специальный автомобиль без присмотра;

      9) передавать кому-либо управление специальным автомобилем;

      10) оставлять без присмотра в специальном автомобиле задержанных лиц;

      11) эксплуатировать неисправный специальный автомобиль либо использовать его не по предназначению.

      24. При несении службы на специальном автомобиле, для получения преимущества перед другими участниками дорожного движения, водитель специального автомобиля включает проблесковый маячок синего и (или) красного цвета, специальный звуковой сигнал и может отступать от требований Правил дорожного движения, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 при условии обеспечения безопасности движения.

      25. При несении службы кинолога со служебной собакой на маршруте патрулирования (посту, КПП ВП), служебная собака находится на коротком поводке, в наморднике.

      Применение служебных собак осуществляется в соответствии с требованиями статьи 12 Закона.

Глава 4. Контроль за несением службы патрульных нарядов

      26. Контроль за несением службы патрульных нарядов осуществляют:

      1) лица руководящего состава Главного управления военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан;

      2) начальник ОВП и его заместители;

      3) уполномоченное должностное лицо ППС.

      27. Контроль несения службы патрульными нарядами проводится гласно. Прибывшие для осуществления контроля лица предъявляют начальнику патруля служебное удостоверение военнослужащего ОВП.

      28. При отсутствии патруля на маршруте патрулирования (посту, КПП ВП), контролирующим лицом немедленно сообщается дежурному по ОВП, и принимаются меры по выяснению причин отсутствия и местонахождения патрульного наряда.

      29. О результатах контроля несения службы на маршруте патрулирования (посту, КПП ВП), контролирующим лицом производится запись в карточку маршрута (поста, КПП ВП).

      30. Начальник ОВП не реже одного раза в квартал, а уполномоченное должностное лицо ППС ежемесячно проводят анализ эффективности контроля за несением службы патрульными нарядами.

  Приложение 1 к Правилам
организации деятельности
патрульно-постовой службы
органов военной полиции
Вооруженных Сил
Республики Казахстан
  Форма
  Утверждаю
Начальник__________________
(наименование ОВП)
____________________________
(воинское звание, подпись
фамилия и инициалы)
"_____" ____________ 20____ г.
(число, месяц, год)

            Карточка маршрута патрулирования (поста, КПП ВП)
                  __________________________________________________
(номер и условное наименование маршрута патрулирования (поста, КПП ВП)       Схема расположения маршрута патрулирования (поста, КПП ВП)



      На схему наносятся:

      1. Район расположения маршрута патрулирования (поста, КПП ВП), с наименованием улиц и основных ориентиров (общественные места, государственные учреждения, заведения общественного питания, достопримечательности);

      2. Месторасположение маршрута патрулирования (поста, КПП ВП), с привязкой к участку местности;

      3. Расположенные на маршруте патрулирования воинские части и учреждения Вооруженных Сил Республики Казахстан, медицинские учреждения, органы внутренних дел, местные органы управления;

      4. Условные наименования, применяемые при составлении схемы.

      В пояснительной записке указываются:

      1. Метод несения службы.

      2. Протяженность маршрута патрулирования.

      3. График несения службы, с указанием времени для приемов пищи, осуществления перерывов и т.д.

      4. Перечень воинских частей и учреждений Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, медицинских учреждений, органов внутренних дел, местных органов управления (с указанием адресов), находящихся в районе расположения поста, маршрута патрулирования.

      5. Места наиболее вероятного скопления военнослужащих на маршруте.

      6. Экипировка патрульного наряда.

      7. Порядок и периодичность выхода на связь дежурному по ОВП.

      8. Основные требования и особенности несения службы на маршруте патрулирования (поста, КПП ВП).

      9. Меры безопасности при несении службы.

      10. Место для записи лица осуществляющего контроль несения службы патрульного наряда.

Начальник штаба ____________________ гарнизона
(наименование ОВП)
________________________________________________________
(воинское звание, подпись, фамилия и инициалы)

  Приложение 2 к Правилам
организации деятельности
патрульно-постовой службы
органов военной полиции
Вооруженных Сил
Республики Казахстан
  Форма
  Лицевая сторона

№ п/п

Дата совершения нарушения

Войсковая часть, подчиненность

Воинское звание, фамилия и инициалы

Время, место и вид нарушения

Номер военного удостоверения





















































































Начальник патруля ____________________________________ (воинское звание, роспись, фамилия и инициалы) Патрульный _________________________________________ (воинское звание, роспись, фамилия и инициалы) Патрульный _________________________________________ (воинское звание, роспись, фамилия и инициалы)

 
Список военнослужащих, допустивших нарушение воинской дисциплины в ____________ гарнизоне
Начальник органа военной полиции _______________ гарнизона _____________________________ (воинское звание, роспись, фамилия и инициалы)

  Оборотная сторона

Место несение службы (маршрут патрулирования, поста, КПП ВП)
_______________________________________________________
_______________________________________________________
Начальник отдела (отделения) военной полиции Органа военной полиции _________ гарнизона _______________________________________________ (воинское звание, роспись, фамилия и инициалы)
Список военнослужащих нарушивших воинскую дисциплину в период с " __ " ____ по " __ " ____ 20__ года

№ п/п

Дата совершения нарушения

Войсковая часть, подчиненность

Воинское звание, фамилия и инициалы

Время, место и вид нарушения

Номер военного удостоверения






































































п/п

Дата совершения нарушения

Войсковая часть, подчиненность

Воинское звание, фамилия и инициалы

Время, место и вид нарушения

Номер военного удостоверения