Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына және 50-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығымен бекітілген |
Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдар) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізгені үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.
Сондай-ақ осы Қағидалардың күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) қолданылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілерге және мерзімді әскери қызметтен Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептер бойынша, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда, әскери қызметтен шығарылған адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін ақша төлеу үшін мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық негіз болып табылады:
1) баянатты (өтінішті);
2) әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының), жергілікті әскери басқару органы басшысының әскери қызметшінің, әскери қызметтен шығарылған адамның кетуі мен келуі туралы бұйрығынан үзіндіні және нұсқаманың көшірмесін.
Өз мүлкін жеткізу үшін ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органының басшысы шығарады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда: L – шығу пунктінен бару пунктіне дейінгі шекара арасындағы автомобиль жолының ұзақтығы, километрмен;
20 км – тұрақты шама;
1 аек – әскери қызметшіні әскери бөлім жеке құрамының тізіміне алған жылы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін ақша төлеу:
1) әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімде (мекемеде) немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органында;
2) келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған жеткізу жағдайынан басқа, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының), жергілікті әскери басқару органы басшысының бұйрығы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Отбасының екі мүшесі де әскери қызметші болып табылған жағдайда ақша төлеу екеуінің біреуіне ғана олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
Әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының), жергілікті әскери басқару органы басшысының өз мүлкін жеткізу үшін ақша төлеу туралы бұйрығының шығуына негіз болып табылатын құжаттар әскери тасымал бойынша іске тігіледі және бес жыл бойы сақталуға тиіс.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өз мүлкін тасымалдау үшін көлік түрін және тасымалдаушыны әскери қызметші немесе тиісінше әскери қызметтен шығарылған адам өзі айқындайды.
6. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жергеөз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу жүргізілмейді.
Әскери оқу орындарын (бұдан әрі – ӘОО-лар) бітірушілерге оларды жаңа қызмет орнына тағайындаған кезде, егер бұл басқа жергілікті жерге қоныс аударумен байланысты болса, Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) оларға офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын берумен шетелдік ӘОО-ларды бітіргендерге – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін;
2) оларға офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын берумен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ӘОО-ларын бітіргендерге – әскери оқу орны орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік ӘОО-ларды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін бітіргендерге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін.
Бұл жағдайларда осы Қағидалар 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген әскери қызметшінің кетуі туралы бұйрықтан үзінді ұсыну талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және шет мемлекеттердің ӘОО-ларында қашықтан немесе сырттай оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ қосымша білім беру (біліктілікті арттыру, қайта даярлау, курстық даярлау, жетілдіру, мамандандыру және интернатура) бағдарламалары бойынша оқыған әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу жүргізілмейді.
Ескерту. Қағида 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 29.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.