Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 қаңтарда № 33950 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 29 қаңтардағы
№ 64 бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13294 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларында:

      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оң шешім қабылданған жағдайда ЖӘОО-ның оқу-әдістемелік кеңесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің (бұдан әрі – ҰҚУ) оқу-әдістемелік кеңесіне оқу-әдістемелік кеңес отырысының хаттамасынан үзіндіні, сараптамалық қорытындыны, рецензиянды, үш данада оқулық қолжазбасын жолдайды. Оқулық қолжазбасы ҰҚУ-да дайындалған және оқу-әдістемелік кеңес оң шешім қабылдаған жағдайда отырыс хаттамасынан тиісті үзінді жасалады.".

      2. "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі – ҰҚУ) адамдар Заңның 39-1-бабына сәйкес оқуға түседі.";

      68-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдау және емтихан комиссиясының жұмысын ұйымдастыру үшін ҰҚУ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде қабылдау емтиханын өткізу тәртібі туралы ережені әзірлейді.".

      3. "Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15643 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларында:

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік ӘОО-ларды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін бітіргендерге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін.".

      4. "Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22723 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде білім алушыларға қатысты қолданылады;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады