БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11240 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 53-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларының 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Қ. Әбдірахманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев______________
2017 жылғы 31 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
К. Мәсімов_______________
2017 жылғы 6 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасының м.а.
Г. Керімханова_____________
2017 жылғы 24 тамыз
Балаларды есепке алу журналы
Есептік кезеңі 20___жылғы ________ ай
Индекс: 1-БА
Мерзімділігі: ай сайын
Ұсынады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті
Нысан ұсынылатын орын: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін
Консулдық есепке алу № | Баланың асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә. (бар болған кезде) | Баланың туған күні, жері | Ата-анасының асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә. (бар болған кезде), азаматтығы | Асырап алу жүзеге асырылған мекеменің атауы, мекен-жайы | Баланың асырап алынғаннан кейінгі Т.А.Ә. (бар болған кезде) | Асырап алушылардың Т.А.Ә. (бар болған кезде), азаматтығы | Асырап алушылардың тұрғылықты мекенжайы | Асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы | Баланың паспортын жасаған ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Орындаушы: ____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы)
"Балаларды есепке алу журналы" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. 1-бағанда шетелдіктерге асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының консулдық есепке алу нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда шетелдіктерге асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың асырап алынғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
3. 3-бағанда шетелдіктерге асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың туған күні, жері көрсетіледі.
4. 4-бағанда шетелдіктер асырап алғанға дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы көрсетіледі.
5. 5-бағанда шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу жүзеге асырылған мекеменің атауы, мекенжайы көрсетіледі.
6. 6-бағанда шетелдіктер асырап алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
7. 7-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының шетелдік асырап алушыларының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы көрсетіледі.
8. 8-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының шетелдік асырап алушыларының тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.
9. 9-бағанда шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы көрсетіледі.
10. 10-бағанда шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаға паспорт жасаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.