"Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қазанда № 15922 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.11.2018 № 646 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14853 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидаларында:

      4, 5 және 6 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бағдарлама қатысушылары жұмысшы біліктілігі бойынша оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13149 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне сәйкес ақысыз негізде және оқуды жалғастырған жағдайда орта буын маманының біліктілігі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес конкурстық негізде оқиды.

      5. Бағдарламаның 5.1.1-тармағына сәйкес мобильдік топтар ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер іздеуді жүзеге асырады және тізімін қалыптастырады және "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы деректерді тексеру үшін халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер туралы ақпаратты жолдайды.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары бес жұмыс күні ішінде деректердің дұрыстығын тексеру нәтижелері туралы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

      6. Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мобильді топтардың деректері негізінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдерімен бірлесіп, үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді хабардар етеді және Бағдарлама қатысушыларына осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға жолдама және жолдамаға хабарлама береді.";

      14 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Оқу орны Бағдарлама қатысушыларын:

      1) білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған;

      2) № 125 бұйрыққа сәйкес аралық аттестаттаудан ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайларда аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығарады.";

      18 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТжКБ бар кадрларды даярлаудың барысы туралы есепті және 5-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТжКБ бар кадрларды даярлауға қабылданған қатысушылар туралы ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде) халықты жұмыспен қамту орталықтарына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне, білім беру саласындағы уәкілетті органға есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне ұсынады.";

      20 және 21- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарлама қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және қысқартылатын жұмыскерлер болып табылады.

      21. Бағдарламаға қатысатын үміткерлерді қысқартылған жұмыскерлерді қоспағанда іріктеу:

      1) халықты жұмыспен қамту орталықтарына, өңірлік комиссия айқындаған тізбеден білім беру ұйымдарына, өңірлік кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ӨКП), кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкіміне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру, өз бетінше жүгіну;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын үміткерлердің ішінен таңдау арқылы жүргізіледі.

      Қысқартылатын жұмыскерлер қайта даярлау шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және білім беру ұйымдарын өз бетінше таңдайды.";

      23 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде халықты жұмыспен қамту орталығының, білім беру ұйымдарының, ӨКП, кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар және қалалар құрамындағы аудандар әкімдігінің қызметкері көшірмені құжаттардың түпнұсқасымен салыстырып, түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.

      Үміткерлерден келіп түскен құжаттар мен өтініштерді халықты жұмыспен қамту орталықтарына және халықты жұмыспен қамту орталықтарынан аудандық (қалалық) комиссияға тапсыру мерзімі Бағдарламаның 5.1.2 тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық (қалалық) комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Білім беру ұйымдары/ӨКП/ауылдық округ немесе елді мекендердің әкімдері үш жұмыс күні ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер туралы мәліметтерді портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде осы Қағидаларға 7-1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынады.";

      26, 27, 28, 29 және 30 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Білім беру ұйымы білім алушыларды қабылдағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға қабылданған Бағдарлама қатысушылары туралы есепті портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде және қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін ұсынады.

      27. Білім беру ұйымы жұмыс берушілермен бірлесіп және ӨКП-ның келісімі бойынша оқу кестесін және жұмысшы біліктіліктері бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту модулін қамтитын оқу бағдарламаларын әзірлейді. Білім беру ұйымы Бағдарлама қатысушысының талабы мен мүмкіндігін ескере отырып, халықты жұмыспен қамту орталығының келісімі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды күндізгі немесе кешкі нысандарда жүзеге асырады.

      28. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қоспағанда, біліктіліктің (мамандықтың) ерекшеліктерін ескере отырып, бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мерзімі 15 (он бес) күннен аспайды.

      29. Бағдарлама қатысушыларын қысқа мерзімді кәсіптік оқыту Бағдарламаның 2.1 тармағының 18) тармақшасында көрсетілген білім беру ұйымдарында халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жасалған шарт негізінде, оның шеңберінде қысқа мерзімді курстарға түсетін үміткерлерді жолдау іске асырылады. Кәсіпкерліктің негіздерін оқыту білім беру ұйымдарында және ӨКП-ның құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

      30. Білім беру ұйымы Бағдарлама қатысушыларын:

      1) білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған;

      2) № 125 бұйрыққа сәйкес аралық аттестаттаудан ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайларда аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығарады.";

      32 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Тұрғылықты жерінен тыс елді мекендерде оқитын Бағдарламға қатысушылары үшін жол жүруге және тұруға (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу) материалдық көмек төленеді.";

      41 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары халықты жұмыспен қамту орталықтарының есептері негізінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есеп ұсынады.";

      42 - тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 43 - тармақпен толықтырылсын:

      "43. Бағдарламаның 5.1.3-тармағында қайта даярлауы көзделген қысқартылатын қызметкерлер төмендегі құжаттар тізімін ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

      3) білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болған жағдайда оқығанын растайтын құжаттар (куәлік, сертификат);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы қатысушылар құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін тапсырады).";

      1, 11 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 - қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      12, 13 - қосымшалар алынып тасталсын;

      осы бұйрыққа 3, 4, 5 -қосымшаларға сәйкес 1-1, 5-1, 7-1 - қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді басылымдарға жіберілуін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындаулы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
      _______________Т. Дүйсенова
      20 қыркүйек 2017 жыл
      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      ____________С. Жасұзақов
      6 қазан 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 472 бұйрығына
1-қосымша
Техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлауды
және қысқа мерзімді кәсіптік
оқытуды ұйымдастыру
қағидаларына
1- қосымша
Нысан

ТжКБ бар кадрларды даярлауға қабылданған қатысушылар туралы ақпарат
________________________________________________________________
(ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Астана және Алматы
қалаларының жергілікті атқарушы органдарының атауы)

№ т/т

Тегі, аты (бар болған жағдайда)

Туылған күні, айы, жылы рождения

Тұратын мекен-жайы

9 - сынып бітіруші

11 - сынып бітіруші

Оқыту өңірі

Жеке сәйкестендіру номері

Білім ұйымының атауы

Таңдаған мамандық

Оқыту мерзімі

Оқытудың толық құны
(теңге)

1.












2.












3.












Барлығы:












  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 472 бұйрығына
2-қосымша
Техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлауды
және қысқа мерзімді кәсіптік
оқытуды ұйымдастыру
қағидаларына
11-қосымша
Нысан

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есеп
_____________________________________________________________
(облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының атауы)

№ т/т

Білім беру ұйымдарының атауы

Мамандық атауы

Біліктілік атауы

Оқу мерзімі

Өтініш берген адамдардың саны

Оқуға қабылданғандардың саны

Білім алушы студенттердің/адамдардың саны

Оқуды аяқтаған адамның саны

Оқудан шығарылғандардың саны

Жұмысқа орналасқандар саны

Әртүрлі себеппен оқуды аяқтамаған адамдардың саны

Сабақтан қалғандар

Үлгермеу

Ішкі тәртіпті бұзғандар

Өз қалауымен шығып кеткен

Ауруы

ҚР Қарулы күштерінің шұғыл қызметіне шақырту

Жұмысқа орналасқандар

Қайтыс болған

Жүктілік, босану, бала күтімі бойынша демалыс

Тұрақты мекен–жайдың ауысуы
 

1.





















2.





















3.





















Барлығы:





















  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 472 бұйрығына 3-қосымша
Техникалық және кәсіптік білімі
бар кадрларды даярлауды және
қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру қағидаларына
1-1-қосымша
Нысан

Бағдарламаның қатысушысын оқытуға
№____жолдама

      Бағдарламаның қатысушысы__________________________________________

      (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

      _______________________ облысының ________________ (облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган/кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері аудандық (қалалық) комиссияның шешімі негізінде _______________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)

      _______ай мерзімге "____" _______ "____" ________ дейін оқуға жібереді.

      Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру

      саласындағы жергілікті атқарушы органның

      басшысы/кенттердің, ауылдық округтердің,

      аудандық маңызы бар қалалардың және

      қалалар құрамындағы аудандардың әкімі

      _________________________________________ ___________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) қолы

      Берілген күні ___________

      М.О.

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      ( қию сызығы)

      Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру

      саласындағы жергілікті атқарушы органға/

      кенттердің, ауылдық округтердің,

      аудандық маңызы бар қалалардың және

      қалалар құрамындағы аудандардың әкімдігіне қайтарылады.

№_ Жолдамаға хабарлама
_____________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

      Бағдарламаның қатысушысы
      _____________________________________________________________
      (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
      201__ жылғы "___" ____ ________ 201__жылғы "___" _______№___бұйрыққа сәйкес
      __________________________________________________мамандығы бойынша
      (мамандықтың атауы)
      201__ жылғы "___" ______ _______ дейін ______ ай мерзімге оқуға қабылданғанын хабарлайды.
      Білім беру ұйымының жауапты өкілі
      ___________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 472 бұйрығына
4-қосымша
Техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлауды
және қысқа мерзімді кәсіптік
оқытуды ұйымдастыру
қағидаларына
5-1-қосымша

Қабылданған қатысушылар туралы ақпарат _______________________________ (облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының атауы) 20___жылғы "___"_______бойынша

№ т/т

Тегі, аты (бар болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру номері

Тұратын мекен-жайы

Комиссия шешімінің, хаттаманың нөмірі және күні

Оқыту шартының нөмері

Оқуды бастаған күні

Ағымдағы мәртебесі (жіберілді, оқуды бастады, өз еркімен тоқтатты, аяқтады)

Аяқтады (күні)

1.









2.









3.









Барлығы:









  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 472 бұйрығына
5-қосымша
  Техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлауды
және қысқа мерзімді кәсіптік
оқытуды ұйымдастыру
қағидаларына
7-1-қосымша
Нысан

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер туралы мәліметтер
_______________________________________________________
(білім беру ұйымдары, ӨКП, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар
қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың атауы)

№ т/т

Тегі, аты, тегі
(бар болған жағдайда)

Туылған күні, айы, жылы

Тұратын мекен-жайы

9 - сынып бітіруші

11 - сынып бітіруші

Оқыту өңірі

Жеке сәйкестендіру номері

Оқу орнының атауы

Таңдаған мамандық

Оқыту мерзімі

Оқытудың толық құны (теңге)

1.












2.












3.












Барлығы:












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады