"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10368 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
5-тарау алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мамандар сараптау комиссиясының қорытындыларын салыстырмалы талдау негізінде ведомствоішілік кеңесші орган ҚӘТ-ны тәжірибелік әскери пайдалануға қабылдау үшін ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) таңдау туралы шешім қабылдайды.";
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) тәжірибелік әскери пайдалану қазіргі заманғы ҚӘТ-мен жарақтандыру жөніндегі ведомствоішілік кеңесші орган айқындайтын қажетті уақыт кезеңі ішінде (кемінде 10 күн):
1) мемлекеттік органдар үшін – бірінші басшының;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі үшін – мемлекеттік орган бірінші басшысының немесе оның бұйрықтар шығаруға уәкілетті орынбасарының бұйрығымен жүргізіледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тәжірибелік әскери пайдалану нәтижелері Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін (бұдан әрі – ҚР ҚМ) қазіргі заманғы ҚӘТ-мен жарақтандыру жөніндегі ведомствоішілік кеңесші органның және ҚР ҚМ жанындағы Әскери-техникалық комиссияның қарауына шығарылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. ҒЗЖ мен ТКЖ орындауға ТТТ-ны тапсырыс беруші (Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшесінің тиісті басшысы) әзірлейді және бекітеді.";
28-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28-1. ҚӘТ-ның тәжірибелік үлгісін (бұйымды, кешенді) сынау нәтижелерін осы Қағидалардың 6-тарауының талаптарына сәйкес ведомствоішілік кеңесші орган қарайды.";
33-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тәжірибелік әскери пайдалануды жүргізумен:
өндірісі Қазақстан Республикасында жергіліктендірілген;
Қарулы Күштердің арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне арналған;
бұдан бұрын Қарулы Күштердің қарулануына қабылданған.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
________________Қ. Қожамжаров
2018 жылғы 17 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
Бастығы
генерал-лейтенант
________________А. Күреңбеков
2017 жылғы 26 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
_____________К. Мәсімов
2018 жылғы 12 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Полиция
генерал-полковнигі
_______________Қ. Қасымов
2017 жылғы 22 желтоқсан