Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 7.12.2017 № А-12/4266 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Маржықпаев |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/268 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 27.04.2017 № А-4/1231 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Елді мекеннің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | |||||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
Көкшетау қаласы | 2266 | 1032 | 100 | 0 | 25481 | 25481 | 18532,9 | 0 |
кестенің жалғасы
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналардың бір айлық төлемінің мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | ||||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке мешік | Мемлекеттік | Жеке меншік |
25481 | 25481 | 18532,9 | 0 |
3 жасқа дейін 9143,3 | 18424,8 |
3 жасқа дейін 9143,3 | 0 |