Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 7.12.2017 № А-12/4266 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/268 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5773 тіркелген, "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде 2017 жылдың 2 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы |
И.Юрченко |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № А-4/1231 қаулысына қосымша |
|
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/268 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Елді мекеннің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | |||||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
Көкшетау қаласы | 2266 | 1032 | 100 | 0 | 25481 | 25481 | 18532,9 | 0 |
кестенің жалғасы
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналардың бір айлық төлемінің мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | ||||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке мешік | Мемлекеттік | Жеке меншік |
25481 | 25481 | 18532,9 | 0 |
3 жасқа дейін 9143,3 | 18424,8 |
3 жасқа дейін 9143,3 | 0 |