2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/268 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5773 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/4266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 7.12.2017 № А-12/4266 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е.Маржықпаев

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 31 қаңтардағы
№ А-1/268 қаулысымен
бекітілген

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 27.04.2017 № А-4/1231 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Балабақша

Күндіз толық қатынайтын шағын орталық

Балабақша

Күндіз толық қатынайтын шағын орталық

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Көкшетау қаласы

2266

1032

100

0

25481

25481

18532,9

0

      кестенің жалғасы

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналардың бір айлық төлемінің мөлшері (теңге)

Балабақша

Күндіз толық қатынайтын шағын орталық

Балабақша

Күндіз толық қатынайтын шағын орталық

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке мешік

Мемлекеттік

Жеке меншік

25481

25481

18532,9

0

3 жасқа дейін 9143,3
3 жастан 7 жасқа дейін 11118,8

18424,8

3 жасқа дейін 9143,3
3 жастан 7 жасқа дейін 11118,8

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады