РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылға 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
"2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/268 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5773 тіркелген, "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде 2017 жылдың 2 наурызда жарияланды);
"2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің2017 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/268 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № А-4/1231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5969 тіркелген, "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде 2017 жылдың 1 маусымда жарияланды).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Маржықпаев |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/4266 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекеннің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | |||
Балабақша | Толық күн болатын шағын орталық | |||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
Көкшетау қаласы | 2266 | 1032 | 100 | 0 |
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
Балабақша | Толық күн болатын шағын орталық | |||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
25 481 теңге | 25 481 теңге | 18 532,9 теңге | 0 | |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||||
Балабақша | Толық күн болатын шағын орталық | |||
Мемлекеттік | Жеке мешік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
3 жасқа дейін – 9 143,3 теңге | 18 424,8 теңге |
3 жасқа дейін – 9 143,3 теңге | 0 |