РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 01-10-493 ұсынысы негізінде Тассуат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың ауданы Тассуат ауылының аумағындағы ұсақ қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Жарқайың ауданының Тассуат ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 18 маусымдағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4230 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 маусымда "Целинное знамя", "Жарқайың тынысы" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі;
2) "Тассуат ауылдық округі әкімінің "Жарқайың ауданының Тассуат ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 18 маусымдағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4764 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда "Целинное знамя", "Жарқайың тынысы" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тассуат ауылының әкімі | М.Мұратов |