Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Орман Кодексі" Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және 506-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):
қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшаларында "ставкалары", "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2) күші жойылды - Ақтөбе облысы мәслихатының 08.06.2022 № 139 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы мәслихатының 08.06.2022 № 139 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |