1. Сарат ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 17 ақпандағы № 1 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-73 тіркелген, 2009 жылғы 02 сәуірдегі "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарат ауылдық округінің әкімі | К.Байдрахманов |