Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Сарат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округінің әкімінің 27.06.2016 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.04.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.1. Қырыққұдық ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Қырыққұдық ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
1) Әлия Молдағұлова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, бірінші көшеге есімі берілсін.
2) Мәншүк Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, екінші көшеге есімі берілсін.
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарат ауылдық округі әкімі: | Т.Сәрсенхалықов |