Сарат ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 1 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 сәуірде № 5459 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Сарат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарат ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 17 ақпандағы № 1 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-73 тіркелген, 2009 жылғы 02 сәуірдегі "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сарат ауылдық округінің әкімі К.Байдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады