Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1..Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
сессия төрағасы | хатшысы |
Ш.Алимбаев | Н.Заглядова |
Қарғалы аудандық мәслихатының | |
2017 жылғы 20 қарашадағы | |
№ 179 шешіміне | |
Қосымша |
Қарғалы аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3624 тіркелген, 2013 жылдың 15 тамызында аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 7 қарашадағы №156 "Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3674 тіркелген, 2013 жылдың 5 желтоқсанында аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 173 "Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №.3763 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі;
4. Қарғалы аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 маусымдағы № 295 "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4403 тіркелген, 2015 жылдың 16 шілдесінде аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімі.