Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 156 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 қарашада № 3674 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.11.2017 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы аудандық мәслихаттың "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3624 тіркелген, 2013 жылдың 15, 22 тамызында аудандық "Қарғалы" газетінің № 33-34 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

      1 тармақтағы 3 азат жолы бөлігіндегі "тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге";

      1 тармақтағы 4 азат жолы бөлігіндегі "сондай - ақ, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге";

      7 тармақтың 9 тармақшасы;

      17 тармақтағы "электр энергиясының бір фазалы санауыш өтемақысын" сөздері алынып тасталынсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы

хатшысы

Ж.Кольжанов

Х.Жылқыбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады