1. Хлебодар селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) Хлебодар селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Хлебодар селолық округіне қарасты жаңа тұрғын үй көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-76 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Хлебодар", "селолық" сөздері "Сарыжар", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Хлебодаровка", "Хлебодаровского" сөздері "Сарыжар", "Сарыжарского" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Сарыжар ауылдық округі көшелеріне атау беру туралы";
кіріспе бөлігі жаңа мәтінде жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14, 16 баптарына сәйкес Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "село", "названия" сөздері "села", "наименования" сөздерімен ауыстырылсын;
2) Хлебодар селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 "Хлебодар селолық округі көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-139 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсандағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Хлебодар", "селолық" сөздері "Сарыжар", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Хлебодаровка", "Хлебодаровского" сөздері "Сарыжар", "Сарыжарского" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Сарыжар ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы";
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "в улицу", "в переулок" сөздері "на улицу", "на переулок" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыжар ауылдық округінің әкiмi | Р. Ильясова |