Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-122 тіркелген, 2010 жылғы 5 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімінің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және № 1 қосымшасында "ставкаларын", "ставкалары", "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "қосымшаға", "қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Г.ҚАЛИЕВА | Б.ІЗБАСОВ |