Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 83 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 наурызда № 5297 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 193 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-122 тіркелген, 2010 жылғы 5 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімінің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және № 1 қосымшасында "ставкаларын", "ставкалары", "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "қосымшаға", "қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Г.ҚАЛИЕВА Б.ІЗБАСОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады