Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 26 ақпанда № 3-10-122 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 193 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Көрсетілген қазақ тіліндегі шешімінің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және № 1 қосымшасында "ставкаларын", "ставкалары", "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "қосымшаға", "қосымша" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы № 99 Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат Ш Е Ш І М Е Т Е Д І:

      1. Темір ауданы бойынша тіркелген салықтың мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық мөлшерін бекіту туралы" Темір аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 83 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 қаңтарда № 3-10-91 санымен тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда № 4-5 "Темір" газетінде жарияланған, "2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық мөлшерін бекіту туралы" 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 83 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Темір аудандық мәслихатының он төртінші сессиясының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 ақпанда № 3-10-97 санымен тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда № 10 "Темір" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      А. ҚУАНШАЛИНА С. ЖАНАБЕРГЕНОВА

  Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
12 ақпандағы № 177 шешіміне қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемелері

р/с

Салық салынатын объектілер

Тіркелген
салықтың
базалық
мөлшерлемелері
(айлық
есептік
көрсеткіште
рде)

1

Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бірнеше ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын жүргізу үшін қолданатын жеке компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады