Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 180 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа-да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабын орындау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: |
И. Бергалиев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: |
Б. Бисекенов |
Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 қарашадағы № 126 шешіміне қосымша |
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айлық есептік көрсеткіштерде тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |