Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 126 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 5723 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 180 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 180 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа-да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабын орындау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы:
И. Бергалиев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы:
Б. Бисекенов

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 қарашадағы № 126 шешіміне қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

Айлық есептік көрсеткіштерде тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады