Ойыл ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 180 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 20 сәуірде № 3-11-127 болып тіркелді. Күші жойылды- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 381 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 381 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 126 "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5723 тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ойыл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы:
Ж. Жақып
      Аудандық мәслихат
хатшысы:
Б. Бисекенов

  Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 26 наурыздағы № 180 шешіміне қосымша

Ойыл ауданынның аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Р/с №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады