Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 05.03.2018 № 04 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2017 жылғы 28 маусымдағы № ВО 3-4/58 ұсынысына сәйкес, Қараой ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Қараой ауылдық округінің "Ақ-Теңгер" шаруа қожалығы және "Сайын-Қалам" өндірістік кооперативінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қараой ауылдық округінің әкімі | С. Жумангалиев |