Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 – 1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 13 ақпандағы № во 2–13-/18 ұсынысына сәйкес, Қараой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қараой ауылдық округінің "Ақ-Теңгер" шаруа қожалығы және "Сайын-Қалам" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан жұқпалы сарып ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитариялық іс – шаралары жүргізілгендігіне байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Қараой ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 5 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5607 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қараой ауылдық округі әкімі | С. Займолдин |