Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 5607 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 04 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 05.03.2018 № 04 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2017 жылғы 28 маусымдағы № ВО 3-4/58 ұсынысына сәйкес, Қараой ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Қараой ауылдық округінің "Ақ-Теңгер" шаруа қожалығы және "Сайын-Қалам" өндірістік кооперативінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қараой ауылдық округінің әкімі С. Жумангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады