Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 25.03.2022 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін .
2. Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы "Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3662 болып тіркелген, "Текелі тынысы" газетінде 2015 жылдың 24 сәуірінде № 17 (3228) жарияланған) № 360 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Б. Өнербаев |
Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
| Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны |
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге) |
1 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 10500 |
2 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 10500 |
3 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 200 | 10500 |
4 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№4 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 140 | 10500 |
| "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 30 | 7500 |
6 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 30 | 7500 |
7 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15 | 7500 |
8 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15 | 7500 |
9 | ЖК "Ержанов" балабақшасы | 85 | 12000 |
Текелі қаласы бойынша | 595 |
Ескертпе:
Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:
1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.