Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 23.02.2018 № 24-10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Еңбекшіқазақ ауданының аумағындажүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы" 2013 жылғы 7 қазандағы № 21-7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2459 тіркелген, "Еңбекшіқазақ" газетінде 2013 жылдың 29 қарашасында, 2013 жылдың 20 желтоқсанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға және аудандық мәслихаттың "Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессиясы төрағасы | М.Демесинов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Б.Ахметов |
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017жылғы 9 ақпандағы № 12-3 шешіміне қосымша |
Қызметін Еңбекшіқазақ ауданының аумағындажүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері
Рет | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері(айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2. | Бiреуденартық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 4 |