Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 07 қазандағы N 21-7 шешімі. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 15 қарашада N 2459 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 12-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 09.02.2017 № 12-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызметін Еңбекшіқазақ ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2014-2016 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 16-тамыздағы "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2011-2013 жылдарға белгілеу туралы" N 53-1 шешімінің күші жойылсын (2011 жылғы 16 қыркүйектегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-8-181 нөмірімен енгізілген, 2011 жылғы 07 қазандағы N 41 "Енбекшиказах" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      21-сессиясының төрағасы Г. Құраметова
      Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Талқамбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
      салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Ашуов Қайрат Зикенұлы

  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 07 қазандағы
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық ставкаларын
2014-2016 жылдарға белгілеу туралы"
N 21-7 шешіміне қосымша

Қызметін Еңбекшіқазақ ауданы аумағында жүзеге асырылатын барлық
салық төлеушілер үшін 2014-2016 жылдарға бірыңғай тіркелген
салық ставкалары

N
Салық салынатын объектінің атауы
Бірыңғай белгіленген
салықтар (айлық есептік
көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған, ұтыссыз ойын автоматы
2
2
Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы
2
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын
дербес компьютер
2
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
4

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады