Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы № 24-10 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 наурызда № 4582 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 24 маусымдағы № 5-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3899 тіркелген, 2016 жылдың 25 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2017 жылғы 9 ақпандағы № 12-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4123 тіркелген, 2017 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Г. Кураметова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады