1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Талғар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дарменияр Алғатбекұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Садыкова |
Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 наурыздағы № 03-127 қаулысына қосымша |
Талғар ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Талғар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 ақпандағы № 02-373 қаулысына өзгерістерді және толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 мамырдағы № 05-296 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-18-87 тіркелген, 2009 жылдың 20 маусымында "Талғар" газетінде жарияланған).2. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2007 жылғы 01 маусымдағы № 06-949 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-18-40 тіркелген 2007 жылдың 07 шілдесінде "Талғар" газетінде жарияланған).
3. "Талғар ауданы әкімдігінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2007 жылғы 01 маусымдағы 06-949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 8 маусымдағы № 06-327 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-18-86 тіркелген, 2009 жылдың 20 маусымында "Талғар" газетінде жарияланған).