РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және Алматы облысы әкімдігінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 167 а "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық - тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы", қаулысын орындау үшін, Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы", аудан әкімдігінің 2007 жылғы 01 маусымдағы N 06-949 қаулысының 1 тармағына:
"3900 теңге мөлшерінде" деген сөздер алынып тасталсын және төмендегідей редакцияда жазылсын: "1 тонна көмір құны, бағасына сәйкес жылына бір рет".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Садықова Райхан Нұрмұрзақызына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Өмірәлиев |