Талғар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 03-127 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 29 наурызда № 4158 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Талғар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дарменияр Алғатбекұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р.Садыкова

  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 наурыздағы № 03-127 қаулысына қосымша

Талғар ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Талғар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 ақпандағы № 02-373 қаулысына өзгерістерді және толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 мамырдағы № 05-296 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-18-87 тіркелген, 2009 жылдың 20 маусымында "Талғар" газетінде жарияланған).
      2. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2007 жылғы 01 маусымдағы № 06-949 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-18-40 тіркелген 2007 жылдың 07 шілдесінде "Талғар" газетінде жарияланған).
      3. "Талғар ауданы әкімдігінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2007 жылғы 01 маусымдағы 06-949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 8 маусымдағы № 06-327 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-18-86 тіркелген, 2009 жылдың 20 маусымында "Талғар" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады