РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4 тармағына, 18-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 " Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы " Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімінің 29 ақпандағы 2008 жылғы N 02-373 "2008-2010 жылдары Талғар ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының 2 тармағына толықтыру енгізілсін және келесі мазмұнда жазылсын:
4-тармақшасы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес жұмыссыздар есебінде тұратын халықтың нысаналы әлеуметтік топтарына жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін, мемлекеттік мекемесі "Талғар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" (Тазабеков Чапай Кәкімұлы)".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Садыкова Райхан Нұрмұрзақызына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Өмірәлиев |