Жамбыл облысында көші-қон процестерін реттеудің қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 15-10 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қазанда № 3545 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысында көші-қон процестерін реттеудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық маслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      А.Нұржанов Б. Қарашолақов

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2017 жылғы "6" қазандағы
№ 15-10 шешімімен бекітілген

Жамбыл облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Жамбыл облысындағы көші-қон процестерін реттеудің тәртібін айқындайды.

      2. Көші-қон процестерін реттеу:

      адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

      кету және орын ауыстыру бостандығына;

      шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      2) қандастарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы– Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастар және қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны.

      Ескерту. 3 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы мәслихатының 30.06.2021 № 7-9 шешімімен.

2-тарау. Жамбыл облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

      4. Жамбыл облысындағы көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Жамбыл облысындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

      5. Жамбыл облысы аумағындағы көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы мәслихатының 30.06.2021 № 7-9 шешімімен.

      6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы мәслихатының 30.06.2021 № 7-9 шешімімен.

      7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы мәслихатының 30.06.2021 № 7-9 шешімімен.

      8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      10. Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в Жамбылской области

Решение маслихата Жамбылской области от 6 октября 2017 года № 15-10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 17 октября 2017 года № 3545.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Жамбылский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые правила регулирования миграционных процессов в Жамбылской области.
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию Жамбылского областного маслихата по вопросам правопорядка, социально-культурной сферы, гендерной политики и связи с общественными объединениями.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Секретарь
      областного маслихата областного маслихата
      А. Нуржанов Б. Карашолаков

  Утверждено решением
Жамбылского областного
маслихата от "6" октября
2017 года №15-10

Правила

регулирования миграционных процессов в Жамбылской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила регулирования миграционных процессов в Жамбылской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Типовыми правилами регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2017 года № 296 "Об утверждении типовых правил регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице" и определяют порядок регулирования миграционных процессов в Жамбылской области.
      2. Регулирование миграционных процессов основывается на:
      обеспечении конституционного права человека на свободный выбор места жительства, свободу труда и свободный выбор рода деятельности и профессии;
      свободе выезда и передвижения;
      недопустимости дискриминации по мотивам происхождения, социального и имущественного положения или любым иным обстоятельствам.
      3. Основные понятия, которые используются в настоящих правилах:
      1) переселенец – внутренний мигрант, переселяющийся в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан;
      2) региональные квоты приема кандасов и переселенцев – предельное число семей кандасов и переселенцев, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с законодательством Республики Казахстан о занятости населения.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решением маслихата Жамбылской области от 30.06.2021 № 7-9.

Глава 2. Порядок регулирования миграционных процессов в Жамбылской области

      4. В Жамбылской области мониторинг миграционных процессов осуществляется с учетом их влияния на состояние социально-экономического и культурного развития, экологическую обстановку.
      К особенностям миграционных процессов в Жамбылской области относятся плотность населения, иммиграция, эмиграция, трудовая миграция, потоки внутренней миграции, процесс урбанизации, экологическая и религиозная обстановка региона, национальный состав населения, сбалансированность регионального рынка труда.
      5. Для регулирования миграционных процессов в Жамбылской области местные исполнительные органы в уполномоченный орган по вопросам миграции населения вносят предложения, касающиеся:
      отнесения (исключения) соответствующей территории региона для расселения кандасов и переселенцев;
      увеличения (сокращения) квоты на привлечение иностранной рабочей силы, в том числе из числа этнических казахов и бывших соотечественников;
      увеличения (сокращения) региональных квот приема кандасов и переселенцев на среднесрочный период или предстоящий год.
      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения маслихата Жамбылской области от 30.06.2021 № 7-9.
      6. Расселение кандасов и переселенцев осуществляется в соответствии с региональными квотами приема кандасов и переселенцев в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 6 – в редакции решения маслихата Жамбылской области от 30.06.2021 № 7-9.
      7. При оттоке населения, превышающем темпы воспроизводства населения, регулирование миграционных процессов осуществляется, в том числе, путем разработки мероприятий, направленных на привлечение квалифицированной рабочей силы и оказание им содействия в ускоренной социальной адаптации, профессиональное обучение и переподготовку кандасов, особенно молодежи.
      Сноска. Пункт 7– в редакции решения маслихата Жамбылской области от 30.06.2021 № 7-9.
      8. В целях обеспечения мониторинга и прогнозирования развития миграционной ситуации, решения вопросов трудоустройства, строительства школ, детских садов, медицинских учреждений, планирования социально-экономического развития осуществляется регистрационный учет населения.
      9. Регистрация и учет граждан Республики Казахстан, временно пребывающих или постоянно проживающих в Республике Казахстан иностранцев и лиц без гражданства по месту постоянного и (или) временного пребывания (проживания) осуществляются в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.
      10. Местные исполнительные органы Жамбылской области в интересах местного государственного управления осуществляют иные полномочия в сфере регулирования миграционных процессов, возлагаемые на них законодательством Республики Казахстан.