"Жамбыл облысында көші-қон процестерін реттеудің қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 6 қазандағы № 15-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 30 маусымдағы № 7-9 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысында көші-қон процестерін реттеудің қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 15-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3545 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында:

      3 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қандастарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастар және қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны.";

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жамбыл облысы аумағындағы көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.";

      6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық маслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Өсербаев
      Облыстық мәслихат
      хатшысы М.Сарыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады