Ескерту. Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігігінің 20.05.2019 № 164 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 490 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3294 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 ақпанда "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Меркі ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Өмірбеков |
Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 355 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 30.03.2018 № 116 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымдардың атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан %) | Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "Сыпатай Батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 50 | 2% | 1 |
2 | "Олжа" шаруа қожалығы | 50 | 2% | 1 |
3 | Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№ 7 А. Тұрғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 86 | 2% | 2 |
4 | Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№ 22 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 67 | 2% | 1 |
5 | Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№ 14 М. Жылысбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 98 | 2% | 2 |
6 | Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№ 12 Қ. Сарымолдаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 60 | 2% | 1 |
7 | Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№ 16 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 87 | 2% | 2 |
Барлығы | 10 |