Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 490 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 3294 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы № 355 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірбеков

  Меркі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 30 желтоқсан
№ 490 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі.

р/с

Ұйымдардың атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан %)

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам)

1

2

3

4

5

1

"Меркі-Жолаушы" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

50

2 %

1

2

"Меркі жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

50

2%

1


Барлығы



2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады