Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 14.02.2018 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тлепов Манарбек Әмреұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Айтақов |
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 39 қаулысына қосымша |
2017 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі | Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
Күздік бидай | 2017 жылғы 10 қыркүйектен - 20 қараша аралығы | |
2 | Жаздық арпа | 2017 жылғы 20 наурыз – 15 сәуір аралығы |
3 | Сұлы | 2017 жылғы 10 сәуір - 30 сәуір аралығы |
4 | Қант қызылшасы | 2017 жылғы 25 наурыз – 25 сәуір аралығы |
5 | Жүгері | 2017 жылғы 20 сәуір–30 сәуір аралығы |
6 | Мақсары | 2017 жылғы 15 наурыз – 10 мамыр аралығы |
7 | Көп жылдық шөп | 2017 жылғы 15 наурыз – 20 сәуір аралығы |
8 | Картоп | 2017 жылғы 20 сәуірден – 20 мамыр аралығы |
9 | Басты пияз | 2017 жылғы 1 сәуір – 25 сәуір аралығы |
10 | Сәбіз | 2017 жылғы 25 наурыз – 25 сәуірге дейін аралығы ( жаздық өнім алу үшін); 2017 жылғы 15 мамыр – 15 маусым дейін (қысқы сақтауға өнім алу үшін); |
11 | Асханалық қызылша | 2017 жылғы 1 сәуір – 1 мамырға дейін |
12 | Аққауданды қырыққабат | 2017 жылғы 10-25 сәуір аралығы (ерте пісетін сорттардың көшетін отырғызу), 2017 жылғы 1-10 мамыр аралығы (орта пісетін сорттар), 25-30 мамыр аралығы (кеш пісетін сорттардың көшетін отырғызу) |
13 | Қызанақ | 2017 жылғы 5-20 мамыр аралығы (көшет отырғызу) аралығы |
14 | Тәтті және ащы бұрыш | 2017 жылғы 15-25 наурыз аралығы (тұқымды көшетке себу мерзімі); 2017 жылғы 10-30 мамыр аралығы (көшет отырғызу) |
15 | Қияр | 2017 жылғы 5-20 мамыр аралығы (тұқыммен себу) |
16 | Баялды | 2017 жылғы 10-30 мамыр аралығы (көшет отырғызу) |
17 | Асқабақ | 2017 жылғы 5-15 мамыр аралығы |
18 | Соя (көкөністік) | 2017 жылғы 1-10 мамыр аралығы |
19 | Үрме бұршақ (көкөністік) | 2017 жылғы 1-10 мамыр аралығы |
20 | Маш | 2017 жылғы 1-10 мамыр аралығы |
21 | Бұршақ (көкөністік) | 2017 жылғы 1-10 мамыр аралығы |
22 | Сарымсақ күздік | 2017 жылғы 20- қыркүйек -10 қазан аралығы |
23 | Қарбыз, қауын | 2017 жылғы 5-20 мамыр аралығы |